Журналистер қлытау баурайында

Маусым айының соңғы жексенбісінде байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Қаламын қару еткен журналистер қауымына деген құрмет пен қошемет мерекеден үш-төрт күн бұрын қалада бастау алып, той-думан ұлт ұясы – Ұлытауда жалғасты.

20140704-12-1-1

Ұлытау бөктерінде Жез­қазған аймағының бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосқан бұл айтулы шараны Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

Жылына бір келетін төл мерекеге деген өздерінің ыстық ықыласын бөлісу мақсатымен қала басшысы Әнуар Омар, қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук, әкімнің орынбасары Серік Имамбай, Жезқазған кентінің әкімі Асылхан Садуақасов, Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Талғат Сейтжанов, аудан әкімінің орынбасары Берік Ақышбеков, Ұлытау ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Сакипов журналистер ортасынан табылды.

20140704-12-1-2Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданының белкөтерер азаматтары келген меймандарға ақ шаңқан киіз үйде дәм ұсынса, Сәтбаев қаласы мәдени-сауық орталығының әншілері, ұлытаулық өнерпаздар әннен шашу шашты.

Әнуар Серікбайұлы тілшілер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, шалқар шабыт тіледі. Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Берік Ақышбеков Жезқазған аймағындағы журналистиканың дамуына үлес қосқан бір топ ардагер тілшілерге аудан әкімдігінің атынан сый-құрмет көрсетті.

Аймақ жур­налис­терінің басын қосқан мерекелі іс-шара аясында әр ұжым бірін-бірі құттықтап жатты.

Ұлтымыздың тарихи мәдени жәдігері ата­нған Ұлытаудың бөктерінде бас қосқан журналистердің осындай жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара үшін қалалық әкімдік пен аудандық әкімдікке айтар алғыстары шексіз.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.