Бізге де ойын алаңы керек

20140711-04-02
Біз Ө.Байқоңыров көшесі, 46 үйдің тұрғындарымыз. Бірнеше жылдан бері балаларға арналған ойын алаңын салдыру тұрғындардың басты мәселесіне айналды.

Ауладағы бұрынғы ойын алаңында ескі темір-терсектерден басқа ештеңе қалған жоқ. Жарамсыз күйге түскен ойын алаңын қайта жаңғырып берсе, балаларымыз жаздың күні өзге аулаға жалтақтамай, үйдің маңайында асыр салып ойнап жүрер еді.

Жарамай қалған алаңды кейбір тұрғындар көлік тұрағына да айналдырып алды. Бұл маңда кешкілік көлік қаптап тұрады.

Жергілікті билік басшылығынан балалардың ойын алаңын заман талабына сай қайта жаңғыртуын сұраймыз.

Тұрғындар атынан Алмагүл Смағұлова.

Комментарии закрыты.