Құдықтың қақпағын ауыстыруды сұраймыз

20140711-04-04Сәтбаев даңғылы 119 үй мен 121 үйдің арасындағы асфальттың дәл ортасында құдық бар. Осы құдықтың беті қаңылтырмен жабылған. Орталық көше болғандықтан, бұл жолмен көлік көп жүреді. Құдықтың бетіндегі қаңылтыр көлік жүргенде тарсылдап, түнде қатты мазамызды алады.

Бұл мәселені қалалық әкімдікке де, жылумен, сумен жабдықтау мекемесіне де айтқан болатынбыз, әзірше ешқандай әрекет байқалмайды. Осы құдықтың қақпағын ауыстыруды сұраймыз.

Е.Палухина, Сәтбаев даңғылы, 121 үйдің тұрғыны.

Комментарии закрыты.