Гүл отырғыздық, күтімі қайда?

20140711-04-06Биыл қайта жаңғыртылып қолданысқа берілген Кеншілер алаңына сәндік пен әсемдік үйлесіп тұрсын деп гүл ектік. Бәрі орынды-ақ. Бірақ, сол гүлді отырғызғаннан кейін суарып, баптап тұратындарды айналасынан көрмей жүрміз. Дәл осы алаңдағы саяжолға отырғызылған гүлдердің көбісі суарылмағандықтан, қурап, өліп қалды.

Алайда, оның байыбына барып, қолға алған істі аяғына жеткізбей, орта жолда тастай салу әдетке айналғандай.

Тек бұл алаңда ғана емес, қала көшелерінің бірқатар саяжолдарында суға шөліркеп тұрған гүлдерді көресіз.

Осы немқұрайлылыққа жауапты мекемелер қандай уәж айтатынын солардың еншісіне қалдырдық.

Комментарии закрыты.