Пайдасы мол сабақ

20140711-08-02-120140711-08-02-2Бұл мақаланың жазылуына түрткі болған ауылдан келген жастардың талантын ашуға көмектескен қаламыздағы колледж басшылары мен оқушылардың адамгершілік қасиеттері туралы болмақ.

2013-2014 оқу жылының басында колледж директоры Елена Букашкина сабақ кесте-сін құруда сағат саны аз болса да, жоқтан бар жасап, оқытушы мен оқушылардың жағдайын жасауда. Әлеуметтік жағдайы келе бермейтін ауыл балаларымен үйірме жұмысын қолға алып, жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау үшін маған 1-курс оқушылары арасында математика пәнінен қосымша дәрістер берілді.

Оқушылардың жеке отбасының, оның ішінде әлеуметтік жағдайын зерделегеннен кейін, арнайы ерекше практикалық бағыты бар, оқушыларды қызықтыратын жоспар құрылды. Қазіргі заманда оқылмайтын «Гомотетия» тарауында кездесетін кеңістіктегі математикалық фигуралардың қозғалыстарын оригами арқылы, әр сенбі сайын түрлі-түсті қағаздар көмегімен, математикаға қызығушылығы төмен оқушылар арасында сабақты жүйелі түрде жүргіздім. Оның нәтижесі 4-5 айдан кейін білінді. Әрине, жас ерекшеліктеріне байланысты олармен жұмыс істеу көп ізденістерді, шыдамдылықты, кейде әртістік талантты қажет етеді. Осындай жұмыстың нәтижесіне жетуде колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Оспанова (суретте) мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тулегенованың еңбегі зор. Олар адамгершілікті, педагогикалық шеберлікті, адами құндылықтарды басшылыққа ала отырып, әр ата-анаға балаларының есеюіне байланысты педагогикалық сауаттылығын ашып, дамыта отырып, көп көмегін көрсетті. Оқушылар өзі жасаған бұйымдарды тұрмыста пайдалана бас-тады. Кейбір ата-аналар оқушының бос уақытын отбасына пайдалы етіп өткізгеніне өте қуанышты. Е.Жалғас, Ж.Исақан «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығы тобынан, М.Тлеген марк-шейдерлер тобынан қол өнерлерін математика пәнімен байланыстырып, ұжымға, қоғамға аз да болса пайда келтіруде.

Жаңылсын Боранова, технологиялық колледждің математика пәнінің оқытушысы.

Комментарии закрыты.