«Балдырғандағы» бақытты шақтар

20140711-08-03Жыл сайын барлық бүлдіршіндерге арналып әр мектеп жанында жазғы сауықтыру алаңы ашылатыны белгілі. Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын жалғастырды. Оқушылардың жазғы демалысын қызықты да көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

Салауатты өмір салтын насихаттауға «Біздің Толағайлар», «Жас ұландар» тақырыбында спорттық ойын-жарыстар өткізілсе, «Салауаттылық – саулық кепілі» атты ауызша журнал ұйымдастырылды. Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» шоуына қатысып, «Балдырған» сауықтыру алаңының оқушылары жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды.

Оқушылардың еркін сөйлеуі, ой-өрісін дамыту үшін ертегілер еліне саяхат жасалып, топтық көрініс байқауы өтті. Сонымен қатар, «Алтын қақпа», «Ақылды тақия», «Көңілді экспресс» тақырыбында достыққа, қайырымдылыққа арналған іс-шаралар, зияткерлік ойындар, ойын-жарыстар өткізіліп отырды. Оқушылар сарайының «Күншуақ-2014» жазғы клубының ұйымдастырған іс-шараларына белсене қатысып, жеңімпаз атанды. Баланың денесін ширатып, зейінін ашу, басқа балалармен сыйласып, бірге жұмылып жұмыс атқаруға дағдыландыру мақсатында «Ғажайып әлемінде», «Әлемді өзгертер балалар арманы», «Шеберлердің сиқырлы қаласы», «Әнші балапан», «Сән әлемі», тағы басқа тақырыптарда эстафеталар, сурет салудан жарыс, концерттік бағдарламалар өткізіліп отырды.

Бастауыш сынып оқушылары арасында «Біз бақытты баламыз» тақырыбында сурет көрмесі болды.

26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес күні аясында өткізілетін қалалық «Біз өмір сүретін әлемде есірткіге жол жоқ!» суреттер сайысында мектебіміз І орынмен, презентация сайысында Амангелді Аружан жүлделі І орынмен марапатталды. Сауықтыру алаңында топ жетекшілері әр түрлі қызықты ертегілерді, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әр түрлі сайыстар жүргізді. «Балдырған» сауықтыру алаңының жабылуына арналған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді. Демалуға келген оқушылардың барлығы риза, жазғы демалыстарын өте қызықты өткізді деген ойдамыз.

С.Сейтжаппарова, тәрбие ісінің меңгерушісі.

Комментарии закрыты.