Насихатшылар – «Солтүстікте»

20140711-07-01Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың 17 қаңтарында халыққа арнаған Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда.

Арнайы құрылған ақпараттық-насихат тобының мүшелері өткен аптада Солтүстік Жезқазған кенішінде болды. Жезқазған аймақтық Кәсіподақ Қауымдастығының төрағасы Хансейт Бөлен және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбек Ешмаханов «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауға талдау жасады.

– Елбасының әрбір Жолдауы қазақстандықтардың өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Ал, биылғы бағдарламалық құжаттың орны айрықша. Оның ерекшелігі мен кең ауқымдылығы елді дамытудың барлық басым бағыттары бойынша нақты қадамдарды анықтайтындығында, – дей келе, Хансейт Бөлен жеті бағытқа кеңінен тоқталды. Бейнеслайд арқылы Жолдаудың маңызы мен құндылығын түсіндірген насихатшылар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кездесу соңы «Соқыр сенім» деректі фильмін көрумен аяқталды.

Солтүстік Жезқазған кенішінің директоры Александр Смоляр ұжым атынан Х.Бөленге алғысын айтты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.