Қауіпсіздікті сақтау — МІНДЕТІМІЗ

20140711-07-03Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік күзет қызметі көптеген құрылымдық бөлімшелердің бірі болып табылады. Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық мемлекеттік күзет қызметі – күзет қызметінің сенімді нысандарының бірі.

Мемлекеттік мүлікті күзету – мемлекет қызметіндегі ерекше маңызды бағыттардың бірі. Күзет қызметінің қысқаша тарихына тоқталатын болсақ, ол 1952 жылы 29 қазанда КСРО Министрлер Кеңесімен қабылданған нысандардың күзетін ұйымдастыру жұмысын жақсарту бойынша іс-шаралар туралы Қаулысының негізінде құрылған болатын.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап күзет қызметі Сәтбаев қаласы және Ұлытау ауданы жеке полиция взводы болып қайта құрылды. Взводтың негізгі қызметі №68 Ішкі Істер Министрлігінің 2006 жылғы 13 ақпанда бекітілген бұйрығы бойынша мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру ережесі арқылы қызмет атқарады. Біздің қарамағымызда 5 мемлекеттік мекеменің нысаны күзетіледі, атап айтсақ, олар – Сәтбаев қалалық соты, Сәтбаев қалалық прокуратурасы, №161 дәрі-дәрмек қоймасы, Ұлытау аудандық соты және Жезді кентіндегі №2 аудандық соты. Сәтбаев қаласы және Ұлытау ауданы жеке полиция взводы құрамында 33 қызметкер жұмыс атқарады. Взводты взвод командирі, полиция лейтенанты Нұржан Науқанбайұлы Дүйсенов басқарады. Бөлімше командирі болып полиция старшинасы Алмаз Дүйсенбайұлы Турманов тағайындалған.

2014 жылдың сәуір айында жеке құрам 2 жас маманмен толықтырылды. Жаңадан қабылданған жас мамандарға тәжірибелі тәлімгерлер бекітіліп, жас мамандардың біліктілігін арттыру шараларын қабылдап, дұрыс бағыт-бағдар берілуде.

Біздің қызметкерлер өздерінің негізгі тапсырмаларын орындаумен қатар, кешенді полиция күштерінің құрамында құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті және қылмыспен күрес жұмыстарына да өз үлестерін қосуда.

Қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында табельдік қарумен қаруланады, белсенді қорғаныс арнайы құралдармен және қазіргі заманғы байланыс құралдарымен жабдықталады.

Қызметкерлер құқық қорғау қызметімен айналысып қана қоймай, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады.

Жеке құрам әрдайым кәсіби және спорттық дайындықтарын жетілдіріп отырады.

Алдағы уақытта да тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, ел тыныштығын қорғау жолында халық игілігі үшін аянбай еңбек етуді жалғастыра бермекпіз.

Қанат Осажанов, взвод командирінің орынбасары, кіші полиция лейтенанты.

Комментарии закрыты.