Биік мұнара салуды ұсынды

20140718-02-3Қарағандылық көріпкел-емші Жәкен қажы Рахымбекұлы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында елорданың брендіне айналатын биік телемұнара салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жәкен қажы Рахымбекұлы өзінің алып жобасын таныстыру мақсатында еліміздің өңірлерін аралап жүр. Ол Астанада «Ұшпақ» телемұнарасын салу идеясын көтерген. Бұл туралы тіпті Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжановқа хат та жазған екен.

«Қазақстанға Франциядағы Эйфель мұнарасы сияқты мұнара керек. Біздің мұнараның биіктігі 365 метр болуы тиіс. Ол 90 қабатқа лайықталады. Онда мәдениет орталықтарын ашуға болады. Мұнараның ұшар басында шаңырақ тұруы тиіс, оған біздің туымыз ілінеді. Ал монументтің төменгі жағында киіз үй орналасып, әлем және Қазақстан Республикасының картасы бейнеленуі керек», – деп идеясымен бөлісті Ж.Рахымбекұлы.

Ол жобаны жасауға суретші көмектескенін, ал идеяны бес жыл бойы жетілдіргенін айтады.

«ЭКСПО көрмесін үш жерде өткізуді жоспарлап жатыр. Бұл бренд біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев билігінің символы болып қалуы тиіс», – деп түсіндірді Ж.Рахымбекұлы.

Ол Астана қаласы сәулет және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Қожамжаров хатына жауап беріп, идеясын жоғары бағалап, конкурсқа қатысуға ұсыныс жасағанын атап өтті.

Жәкен қажы телемұнара жобасы елеусіз қалмағанына өте қуанышты. Ол «Ұшпақ» деп аталатын жобасы қолдау табатынына сенімді.

(Интернет желісінен).

Комментарии закрыты.