Сәтбаев жастарының тартуы

20140725-06-2Өткен аптада металлургтердің кәсіби мерекесі қос қалада өз деңгейінде атап өткізілді. Металл балқыту ісінің қыр-сырын жете меңгерген мамандардың ерен еңбектері еленіп, құрметпен қошаметке ие болды. Сәтбаев қаласының жастары да бұл мерекеге өзінді тартуларымен келді.

Мәдени-сауықтыру спорт орталығы ұйымдастырған кеште кеншілер алаңының сахнасында аула клубтарымен қатар мәдениет үйінің дарынды жастары концертті бағдарламасын ұсынды. Сәтбаев тұрғындары жастардың өнерін қызықтап, қолпаштап тұрды. Алаңға көп жиылған халық концертті соңына дейін аса қызығушылықпен тамашалап, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Жезқазған металлургиялық кәсіпорындарында талмай еңбек еткен ардагерлерге тек төл мерекеде ғана емес, қашанда құрмет көрсетсек те аздық етпес. Себебі металл өндірісінде Қазақстан дүниежүзі бойынша озық нәтиже беріп келеді. Мұның барлығы осы саладағы білікті мамандардың нәтижелі өнімді тиімді жарата білуінде.

Мөлдір Мұқатова. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.