Өлке тарихынан сыр шертті

Кенді қаланың өткен тарихы кім-кімді болмасын қызықтырмай қоймасы анық. Шаһар төңірегін аралап көрген адам бұрынғы Петро, Покро, Златоуст, Кресто, Анненский, Никольский, Карпиенский және тағы да басқа кен орындарын кездестіреді.

Еліміздегі басқа өңірлерден біздің өлкенің тарихын кен өндіру, мыс балқыту ісі ерекшелендіріп тұрады. Сондықтан да болар, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының өткені мен бүгінгісін осы өндіріспен байланыстыра қараймыз. Аймағымыздың осы бір ерекшелегін кейінгі жас буынға түсіндіру мақсатында балалар мен жасөспірімдер кітапханасы металлург күніне орай «Мыс – біздің өлкенің ежелгі байлығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітапхана оқырмандарының назарына төмендегідей кітаптарды ұсынылды.

2008 жылы жарық көрген Ш.Рахметовтың «Кен өндірісінің қаһармандары» кітабы.

Журналист Шахман Рахметов бұл туындысында өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап жан-жақтан келіп Жезқазған шахталарына жұмысқа тұрып, қазақ үшін кенші мамандығын игеріп, оның қыры мен сырын жете меңгере отырып, жанқиярлықпен еңбек еткен, сөйтіп, құрметпен абыройға бөленген кеншілер қауымының бірнеше буыны өкілдерінің жарқын бейнесін сомдаған.Бұл еңбекте ел құрметіне бөленген даңқты кеншілермен қатар, аттары аталмай, кезінде елеусіз қалған қатардағы қарапайым жұмысшылар жайлы да мол мағлұматтар берілген.

Сонымен қатар, көрмеге «Қазақмыс» корпорациясының баспаханасынан шыққан «Қазақтың мысы – халықтың ырысы» және Әбілқасен Әмірәлиннің «Арқада туған алып» атты кітаптары қойылды.

Кен және мыс өндірісі жайында толық ақпарат ұсынылған көрмеге зейнеткерлер мен оқушылар, жалпы саны 20-25 оқырман қызығушылық танытты.

Осы өңірімізге байланысты т.б. кітаптарымыз жеткілікті. Қызығушылық танытып, көрем дегендерге кітапхана есігі арқашан ашық.

Ә.Шегебаева, кітапханашы.

Комментарии закрыты.