Сертификаттарын алды

20140725-02-2-120140725-02-2-2Тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында қазақ тілін дамытуға аса көңіл бөлініп отыр. Осы тұста жергілікті жерлерде ашылған мемлекеттік тілді оқытатын кабинеттердің жұмысы жүйелі жолға қойылып, жұмыс істеуде.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған қазақ тілін оқыту кабинетінде жылына жүзден аса азамат дәріс тыңдап келеді. Тоғыз айға құрылған облыстық «Сарыарқа» оқу-әдістемелік орталығының бағдарламасымен қазақ тілін меңгеріп жүргендердің қатарында мемлекеттік қызметкерлер де бар.

Солардың бір тобы сәрсенбі күні оқуды аяқтап, қазақ тілін меңгергендігін растайтын сертификаттарын алды.

– Бүгінгі таңға дейін барлық саланың маманын қамтуға оқу кабинеті тырысып келеді. Әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтарға қазақ тілін меңгерту басты бағытқа ие. Бүгін сол азаматтарға сертификат тапсырылуда. Жыл басында 42 мемлекеттік сала қызметкері дәріс алған болса, соның 37-сі оқу бағдарламасын аяқтап шықты.

Екінші кезең яғни қыркүйек айынан бастап осы саланың 42 маманына дәріс жүргізілу жоспарланып отыр, – дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ботакөз Кариева.

Сертификат тапсыру салтанатында қаракөз бауырларымыздан бөлек, бірді-екілі болмаса, өзге ұлттың азаматтарын көре алмадық. Сонда мемлекеттік тілді әлі күнге дейін өзіміз меңгере алмай келеміз бе деген ой келеді. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін меңгеруге құлық танытпай ма, әлде, әйтеуір оқытсақ болды ма? Алдағы уақытта осы жағы ескерілсе дейміз.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.