Ерасыл жігіттің сұлтаны

20140801-08-1«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» атты № 3 жалпы орта білім беретін мектепте  жігіт сұлтаны сайысы өткізілді.

Халқына қалқан болған қаһармандар – деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» — деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі, қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне  ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Балаларды болашаққа бағыттап, оларды жігерлік пен ұстамдылыққа, тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік пен ісмерлікке, әдептілік пен әдемілікке тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру; Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақ тәрбиелеу; Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Балалардың ойлау, тану, зейін қабілеттерін дамыту.

Жазғы сауықтыру алаңында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауына әр топтан 4 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойындағы дарыны мен өнерін ашу болды. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Таныстырам өзімді»-деп аталды. Бұл кезеңде оқушылар өздерін таныстырды. Екінші кезең «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталды. Мұнда әр бір сайысқа қатысушы оқушылар өнерін ортаға салды. «Күш атасын танымас» кезеңінде қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі арқан тартудан сайыскерлер өз күштерін сынады. Төртінші кезең «Сән үлгісі»-бойынша жігіттер жаз мезгіліне арналған киім үлгілерін көрсетті. Байқауға қатысқан оқушылардың дайындықтары жоғарғы деңгейде болды.

Сайысты қорытындылау қазылар алқасы үшін өте қиын болды. Себебі сайысқа қатысқан әр үміткер қазақ халқының мәдениетіне, тарихына сай өнер көрсетті.

Сайыс нәтижесі бойынша III орынды Нұрасыл   Нұғымат алса,  II орынды  Айдын Шәкір, І орынды Бекжан Ахмедиев иеленді. Ал, «Жігіт сұлтаны» атағына Ерасыл Нұғымат лайықты деп танылды. Жазғы сауықтыру алаңының басшысы А.Жаханова байқауға қатысушыларды марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Міне, осылай оқушылар үшін жазғы демалыс сауықтыру алаңында өте көңілді, қызықты өтуде.

Г.Сайлаубек, №5 жалпы орта білім беретін мектептің тәрбиешісі.

Комментарии закрыты.