Жаз жайнатып, күн күлдіріп…

20140801-08-3Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, олардың салауатты өмір салтын сақтап, денсаулығын нығайту мақсатында №7 жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ұйымдастырылған «Жас қыран» сауықтыру алаңының ІІ-ші маусымы өз жұмысын бастап кетті.

Жазғы сауықтыру алаңы – мектеп оқушыларының жетілуі, жаңа достар табу, бір-бірімен тіл табыса білуіне ықпал жасайтын бірден-бір орта. Бұл алаңдар да балалардың көңілді жүруінен тәрбиешілердің жүргізген жұмыстарының нәтижесі екенін көруге болады.

Балаларға әр күнін көңілді өткізу үшін қызықты іс-шаралар, ойындар, көптеген сайыстар ұйымдастырылған.  Бос  уақыттарында балалар кітапханаға барып ой-өрісін кеңейтсе, оқушылар  сарайы ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысуда. Демалушылардың шат күлкісіне толы кжүздерін көріп, алаңның әр күні – жанға жайлы, көңілді және қызықты болғанына сеніміміз мол.

Мектеп жасындағы  балалар үшін жазғы демалыстың маңызы зор, оны жүзеге асыра білу – әр тәрбиешінің жауаптылығына, білімділігіне байланысты.

Қ.Қожахметова, бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.