Қасиетті түнді қарсы алды

Барша мұсылман жамағаты шілденің 23-нен 24-не қараған түні Қадір түнін амал, құлшылықтармен қарсы алды. Бұл күні Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешітке жиналған мұсылмандардың қатары көп болды.

Орталық мешіттің бас имамы Бауыржан Балтабеков жұртшылыққа бұл түннің қасиеті жайында айта келе, жамағатты құттықтауға арнайы келген қала әкімі Әнуар Омарға сөз берді.

Өз кезегінде Әнуар Серікбайұлы мешітке жиналған жұртшылыққа жасалған әрбір амал, құлшылықтарыңыз мың сауаптан болсын деген тілегін жеткізді.

Одан кейін қасиетті Құран Кәрім түскен бұл түні мешітке жиналғандар әдеттегінше Ақшам және Тарауих намаздарын оқыды.

Жиналғандар таң атқанға дейін барша әлемді жаратушы Аллаға, оның сүйікті үмбеті Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с) салауат айтылып, елдің, жердің амандығын тіледі.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.