Рубрика: Наш Президент

Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Среда, 01 Дек 2021

Нағыз ұлттық сипат алған бұл мемлекеттік мереке тарихымызға Қазақстан халқының маңызды таңдауы, ұлттық бірлігі мен келісімі күні ретінде енді. Бұл – идеологиялық мазмұны бойынша мемлекетіміздің егемендік алған, демократиялық қоғам орнатқан, ұлт бірлігін нығайтқан, мемлекет құру бағытындағы, тұрақты экономиканы дамыту жолындағы көрнекті жетістіктерімізді көрсететін айтулы күн.

Бүгінде Қазақстан қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге қол жеткізген, ұлтаралық келісімі орныққан, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті үздіксіз дамып келе жатқан мемлекетке айналды.
Осы салтанатты күні баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке, отбасылық амандық, бейбітшілік пен ізгілік тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасы әрқашан гүлдене берсін!

Мейрамдарыңызбен!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихат хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Уважаемые земляки! От всей души поздравляем Вас с Днем Первого Президента Республики Казахстан!

Среда, 01 Дек 2021

Этот государственный праздник, ставший поистине национальным, вошел в нашу историю как день исторического выбора, народного единства и согласия казахстанцев. Это знаковый день в истории независимого Казахстана, который по своему идейному содержанию отражает выдающиеся достижения нашего государства на пути его суверенного развития: обретение независимости, становление демократического общества, укрепление единства нации, создание и развитие стабильной экономики.

Сегодня Казахстан стал государством с прочно установившимся межнациональным согласием, достигшим изменений во всех направлениях общественной жизни, постоянно развивающейся экономикой, наукой и культурой.

В этот торжественный день искренне желаем всем крепкого здоровья, достатка, семейного благополучия, мира и добра. Пусть всегда процветает наша Родина – Республика Казахстан! С праздником!

Аким города Сатпаев А. ИДРИСОВ
Секретарь городского маслихата Т.ХМИЛЯРЧУК

Осылай басталған еді ненесе жастық шаққа саяхат

Пятница, 26 Ноя 2021

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Бүгінде күллі әлем мойындаған ірі саяси тұлға, ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев өмірге осылайша келген еді. Оның азамат болып қалыптасуына әжесі Мырзабала ерекше еңбек сіңірді. Бала жасынан оның санасына ата-баба дәстүрі мен тарихын сіңіріп, ұлттық рухта тәрибиелеуге барын салды. Нұрсұлтан бала жасынан еңбекқор болды, үнемі әкесіне көмектесуге ұмтылды.

Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.

Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайт­кенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген», дейді ол.

Кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар болғаны анықталғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен жақын адам деп есептейді және қазір де солай ойлайды. Халқының қаны бір перзенті ретінде ол бұл сезімнен ешқашан арылған емес, қайта жыл өткен сайын еселей түсті.

Ол сонымен қатар өзін нағыз қазақ, бабалар мәдениеті мен салттарының мұрагері, жаңа формацияның, әркімнің алдынан бұрын болмаған мүмкіндік ашатын ғылыми-техникалық прогрестің ілгері басқан жаңа дәуірінің адамы ретінде сезінді. Халықтың дәстүрлі танымы мен жаңа индустриялық дүниетаным оның жан-дүниесінде үйлесе тоғысты.

Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.

Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа үлкен өмір басталатынын, алдан жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын қапысыз сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі иелік етуге бел байлап, түбегейлі шешімге бекінді.

Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді.

Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.

Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреу­лер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті.

«Президент күні – Қазақстанның тарихи табыстары күні»

Пятница, 26 Ноя 2021

Қайрат Балмағамбетов, «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Қазақстанның күнтізбесінде бұл күннің пайда болуы кездейсоқтық емес. Ол біздің еліміздің толағай табыстарын, халқымыз бен мемлекетіміздің тарихындағы ұлы бетбұрыс­тарды әйгілейді.                

Қазақстанның тарихи табыстарының басты себептерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз тарихтың жолайрығы тұсында таңдап алған, содан бері бір сәт те айнымай ұстанып келе жатқан өзіміздің дербес жолымызбен, Қазақстанның даму жолымен келе жатырмыз. Әлемдік тәжірибені зерттеп, саралай отырып, біз эволюциялық даму жолын таңдағанбыз. Біз ешкімнің салған соқпағын көшіріп алғанымыз жоқ, өз елімізге, өз халқымызға қажетті жаңа жолды өз қолымызбен салып келе жатырмыз. Ең бастысы, бұл біздің қолымыздан келеді», – деп нақты атап көрсеткен болатын.

Заманауи саяси ғылым тиімді көшбасшылықтың алғышарттары ретінде көптеген мәселелерді: атап айтқанда, ұлттық элитаның жоғарғы сапасы, басшылық лауазым иелерін іріктеу жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі, халықтың саяси белсенділігін үнемі арттырып отыру керектігі секілді жайттарды атап көрсетеді.

Ең бастысы, мемлекеттің көпті мойындатқан, харизмасы аса мықты, тұлғалық болмысы барлық саяси процестер барысында шешуші рөл атқаратын талассыз тұлғасы болуы шарт. Осындай факторлардың барлығы біріге келгенде ғана мемлекеттің саяси жүйесінің көшбасшылығына жол бастайды.

Бұл ретте «Көшбасшылыққа жол: Қазақстандағы әлеуметтік-­экономикалық және саяси реформалар» деп аталатын ұжымдық монография авторларының пікіріне жүгінсек, бірінші орынға жаңа, тәуелсіз мемлекетті құрудың басы-қасында тұрған табыс­ты ұлт көшбасшысының болуы мәселесін қою керек. Себебі, тарихи жағдай ғана ұлттық көшбасшыны тарих сахнасына шығармайды, мықты тұлғаның өзі тарихи жағдайды өз қолымен жасап, мүлдем жаңа сипатты саяси ахуалды қалыптастыра алады. (далее…)

ТӘУЕЛСІЗДІК және ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – егіз ұғым

Пятница, 26 Ноя 2021

Тәуелсіздік туралы әңгіме қозғалса Елбасы жайлы айтпай кету әсте мүмкін емес. Өйткені, біздің бүгінгі жетістігіміз – Елбасының кешегі ерен еңбектерінің жемісі. Сондықтан, Елбасы мен Ел – егіз ұғым.

Еліміздің егемендік алып, дамудың даңғыл жолына түскеніне биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде не бір айтулы оқиғалар болып, «мен» деген мемлекеттердің өзін мойындаттық. Бір кездері Байқоңырды ғана білетін әлемге енді Тәуелсіз Қазақстанның кез-келген түкпірі таныс болды. Аудан, ауылдарға шетелдік компаниялар инвестиция салып, тығыз экономикалық байланысқа келді. Соның бәрі Тұңғыш Президентіміз, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы… (далее…)

Естен кетпес сәт

Пятница, 26 Ноя 2021

Бұл – 2003 жылдың қоңыр күзі болатын. Қаланың сол кездегі әкімі марқұм Қанат Балмағамбетов «Қазақмыс» корпорациясының басшыларына өтінішпен шығып, әбден тозығы жетіп, құлаудың сәл-ақ алдында тұрған қалалық аурухана түбірінен жаңғыртылған кез еді ол. Жаңарған аурухана кешенінің ашылуына Елбасы арнайы келіп қатысты.

Елбасының елге сапары жөнінде екі апта бұрын құлақтанған қала жұртшылығы қадірлі қонақты асыға күтулі болатын. Мен ол кезде қала әкімінің орынбасары едім. Бүгін келеді дегенде елді Елбасын күтуге жұмылдырдық. Қала тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай орталық аурухананың алаңына жиналды. Сағат тілі 11-ден ауа асыға күткен ардақты мейман, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мінген кортеж аурухана ауласына келіп кірді.

Тұңғыш Президентімізді Сәтбаев қаласының сол кездегі әкімі Қанат Балмағамбетов, қалалық аурухананың директоры Жомарт Аханов, «Қазақмыс» корпорациясының сол жылдардағы әлеуметтік сала жөніндегі директоры Алияр Жараспаев құрметпен қарсы алды. (далее…)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы сөзі, 23.11.2021 жыл

Четверг, 25 Ноя 2021

 

(Выступление Елбасы Н.А. Назарбаева на расширенном заседании Политического совета партии «Nur Otan» от 23 ноября 2021 года)

Құрметті партияластар! Қадірлі қазақстандықтар!

Осы жылдар ішінде қалыптасқан көппартиялық жүйе елдігіміздің тірегіне айналды. 

Бұл орайда «Nur Otan» партиясының саяси салмағы басым екені анық.

Біз еліміздің партиялық-саяси жүйесін біртіндеп әрі жан-жақты саралай отырып дамыттық.

Барлық бастамаларымыз сияқты бұл мәселеге де ішкі дайындықпен келдік. 

Жүйесіз реформалар халықтың демократияға деген сенімін жоғалтып, түрлі шиеленістер тудырған және территориядан айырған жағдайлар тарихта аз емес.

Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту – біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз.

Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделген және тұтас қоғамның мүддесіне сай келетін саясат жүргізуде.

Уважаемые соотечественники!

Казахстан вступает в четвёртое десятилетие своей Независимости.

Это эпоха больших перемен, сложных и судьбоносных решений.

В настоящее время мы наблюдаем, что обуздать пандемию коронавируса не удаётся.

Происходят закономерные изменения, в том числе и по причине ускоренного внедрения информационных технологий и зелёной энергетики.

Меняется и сам человек, его сознание и ценности, представления о мире и будущем.

Мир трансформируется, а скорость изменений поражает.

И уже очевидно, что скоро человечеству придётся столкнуться с рядом серьёзных вызовов.

Во-первых, повседневной реальностью станет борьба с новыми пандемиями. (далее…)

СОНЫ СЕРПІЛІС ӘКЕЛДІ. Мемлекет басшысының өңірге сапарын ел осылай бағалады

Пятница, 29 Окт 2021

Газетіміздің бұған дейінгі санында жазғанымыздай, өткен аптаның басында Қазақстан Рес­публикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Мемлекет басшысы Ұлытау-­Жезқазған өңіріне де арнайы атбасын бұрып, бірқатар нысандарды аралап, маңызды шараларға қатысқанын айтқан едік.

Кешенді бағдарлама – кенді өңірдің келешегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында отандық өнеркәсіпке қатысты бірқатар маңызды мәселелерді жіпке тізіп, оны шешуді тапсырды. Соның ішінде «Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет. Әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет», – деп атап көрсетті. Өңірімізге келген сапарында да Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Жезқазған өңірінің әлеуметтік дамуы мен минералды-шикізат базасын кеңейту жөніндегі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоспарымен танысқанда осы жағына басымдық берді. (далее…)

«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ»

Пятница, 03 Сен 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері!

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.
Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды.

Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік.

Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.

Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз.

Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.

Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.

Барлық бастамамыз осыған бағытталуда.

Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік.

Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.

Менің Қазақстан халқына биылғы Жолдауым мынадай мәселелерге арналады. (далее…)

«ЕДИНСТВО НАРОДА И СИСТЕМНЫЕ РЕФОРМЫ – ПРОЧНАЯ ОСНОВА ПРОЦВЕТАНИЯ СТРАНЫ»

Пятница, 03 Сен 2021

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

Дорогие соотечественники! Уважаемые депутаты Парламента и члены Правительства!

В этом году мы отмечаем 30-летие Независимости – это наша самая высшая ценность.

Благодаря дальновидной политике Первого Президента – Елбасы Казахстан добился значительных успехов и стал известен во всем мире.

В единстве и согласии мы смогли построить новое государство – это наше главное достижение.

Мы укрепили дух нации, заложив прочный фундамент для развития. Стали влиятельным членом мирового сообщества. Благодаря стабильности в обществе вышли на путь устойчивого прогресса.

Мы вместе строим сильное государство. Суверенитет – это не пустые лозунги и громкие слова. Для нас важно, чтобы каждый гражданин ощущал плоды Независимости, главные из которых мирная жизнь, общественное согласие, повышение благосостояния народа, уверенность молодежи в будущем.

На это нацелены все наши начинания. Благодаря единству и созидательному труду казахстанцев мы успешно преодолеваем все трудности и испытания.

Наша страна находится на пороге четвертого десятилетия Независимости. Уже сейчас очевидно, что это время будет нелегким. Поэтому мы должны быть готовы к любым вызовам и угрозам, непрерывно совершенствоваться и всегда двигаться вперед.

Мое нынешнее Послание народу Казахстана посвящено следующим вопросам. (далее…)