Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
Вторник, 02 Июн 2020Қарағандыда Балаларды қорғау күні сал ауруымен ауыратын науқастарды оңалту орталығы ашылды. Мұнда жылына бір жарым мыңға жуық жас пациент тегін көмек ала алады. Жаңа медициналық мекемені жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аралап қайтты.
«Шипагер» оңалту орталығы Майқұдық балалар ауруханасының аумағында екі қабатты жеке ғимаратта орналасқан. Оның аумағы — 806 шаршы метр. Мұнда сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту үшін қажетті барлық заттар бар: жарықпен және физиоемдеу аппараттары, электр монотерапия, мүмкіндігі шектеулі емделушілерге арналған көтергіштер, бассейн, сенсорлық бөлмелер және жайлы палаталар. Орталық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы шеңберінде ашылды. Бұл оңалтудан тегін өтуге мүмкіндік береді. (далее…)