Рубрика: 30 лет Независимости Казахстана

Веломарафон өтті

Пятница, 11 Июн 2021

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінде қаламызда велошеру ұйымдастырылды. Шара барысында ел егемендігінің 30 жылдығы құрметіне 30 велошабаңдоз еліміздің Туын желбіретіп, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті.

Іс-шара шымылдығы ҚР мемлекеттік Әнұранымен түріліп, алғаш болып құттықтау сөзін қала әкімі Асқар Ыдырысов алды.

Асқар Абылайұлы сәтбаевтықтарды мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің рәміздері біздің мақтанышымыз екендігін, оларға әрқашан құрмет көрсету – ұлттық патриотизмге тәрбиелейтіндігін айтты. Сондай-ақ, қаламызда спортты дамыту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқандығын да жеткізді.

Шағын салтанатты рәсімнен соң қала басшысы жиынға келгендегі мақсатынан айнымай, велошеруді бастап берді. (далее…)

Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау

Пятница, 11 Июн 2021

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері жастар мәселесі Елбасының назарынан тыс қалған емес. Осы 30 жылда жастар тәрбиесіне, жастардың қанаттанып, өсіп-өркендеуіне барлық жағдайлар жасалды. Бүгінгі жастар үшін атқарылып жатқан игі істер мен сарабдал саясаттың негізгі мақсаты – болашақтың кемел болуы үшін жасалған дүниелер. Әрбір жасалып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі, ел ертеңі жастар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі бәрімізге маңызды болуы тиіс. Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да болашақ ұрпақ.

Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін болашаққа жеткізуші көпір. Көпірдің нық салынуы – оған бөлінген қаржы мен сапаға байланысты. Жастардың білім алуы мен іс бастауына қаншалықты мүмкіндігі көп болса, ол соншалықты нық болатыны анық. Болашақтың көпірі, біз, жастар, бар берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, артылған сенімді жауапкершілікпен сезініп, аманат елді болашаққа жеткізу. (далее…)

Көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры

Пятница, 04 Июн 2021

Балалардың төл мерекесіне орай Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ән мен биден шашу шашылды.

Өнер жолында жетістіктерге жетіп, қаламыздың абыройын республикалық, халықаралық дәрежеде арттырып жүрген балғындарды қала әкімі Асқар Ыдырысов құттықтап, ізгі лебізін жолдады.

– Ата-ананың ең үлкен бақыты баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлтымыздың жалғасы. Сондықтан, бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор. Бүгінде баршамыздың алдымыз­да тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Сол себепті де біздер барынша балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтім мен қамқорлық көруіне жұмыс жасап келеміз. Бұл бағытта қаламызда жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған, – дей келе, көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұрына айналған балалардың бір тобын марапаттады.

«Сүйікті қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, өзінің айқын азаматтық ұстанымы мен оқудағы жетістіктері үшін және осындай лайықты азаматты тәрбиелеп, білім мен өнеге берген, баласының Қазақстан Республикасының тәуелсіз жастарының алдыңғы қатарында болуына үлкен үлес қосқан ата-анасына алғыс білдіремін. Сіздерге амандық, мықты денсаулық және қуанышқа толы ғұмырлы өмір тілеймін! Құметпен, досың, Сәтбаев қаласының әкімі А.Ыдырысов». Осы мәтіндегі қала басшысының Алғыс хатына ие болған жас сәтбаевтықтардың қатарында Маржан Қали, Әсемай Арыстанбекова, Дильназ Қалмажит, Аяулым Қалиева, Еркеназ Сәбитқызы, Виктория Эйхольц, Бақдәулет пен Азамат Шакимурат, Рамазан Ибраһимғабидулла, Айханым Леспаева, Еркеназ Есмағанбетова, Жансұлу Сарқыт, Қайсар Жұмағалиев, Ербол Жаңатан, Арайлым Рахымберді, Марал Балтабай, Назерке Балғынбек, Ерғанат Ерғали, «Айла», «Маюри Девдас» би топтарының мүшелері бар. (далее…)

Тәуелсіздік – балалар қиялында

Пятница, 04 Июн 2021

Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес», – деген еді. Бұдан артық теңеу болмас. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы аясында білім бөлімінің мұрындық болуымен орталық алаңда асфальтқа сурет салу байқауы өтті.

Мемлекетіміздің тарихы мен құрылуын әспеттеп, әсем қаламыз­дың жетістіктерін таныстыру, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы шарада балалар сурет өнеріне деген қабілеттерін айқын танытты. Жас суретшілерге қарапайым қағаз парағы емес, олардың ойына толық еркіндік бере алатын үлкен алаң берілді. Түрлі-түсті бор мен бояулардың көмегімен асфальтта қаламыздың көрікті жерлері, бала қиялынан туған бейнелер, бейбітшілік, достық сезімдері айшықталды. Белгі берілген кезде сурет сала бастаған балғындардың әртүрлі идеялары сүйсіндірді. Олар «Нұр-Сұлтан», «Бәйтерек», «Рәміздер», «Сүйікті қалам», «Туған жер» тақырыптары бойынша еңбектенді. Көгілдір аспанды, нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты бейнеледі. Бұл шара тақырыптарынан көрініп тұрғанындай, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. «Бақытты балалық шақ» байқауының қорытындысында да осы тақырыптардың игерілуі ескерілді. Суреттер көңілді, бояуы қанық, ерекше болып шықты.

– Тәуелсіз еліміздің болашағы – балалар. Осы уақытқа дейін атқарылған істердің жалғастырушысы да, қоғам тегерішін алға айналдыратын да солар болады. Елбасымыз: «Біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар,» — деп үлкен сенім білдірген еді. Балалардың мүддесін ойлау, құқығын қорғау – иманды істердің бірі. Бүгінгі ерекше күнде оларға қуаныш сыйлауға тырысудамыз. Бүлдіршіндердің көңілінде ұзаққа дейін сақталатынына сенімдіміз, – дейді ұйымдастырушылар. (далее…)

Рәміздер – мақтанышымыз

Пятница, 04 Июн 2021

Қaзaқстaнның Мeмлeкeттiк pәмiздepi – бұл тeк көpкeм oбpaздap ғaнa eмeс, Мeмлeкeттiк тәуeлсiздiктi, пaтpиoтизм мeн дeмoкpaтияны жүзeгe aсыpу идeясының жapшылapы. 1992 жылғы 4 мaусымдa aлғaш peт тәуeлсiз Қaзaқстaнның жaңa Мeмлeкeттiк pәмiздepi бeкiтiлдi. Бұл күн Мeмлeкeттiк pәмiздepдiң туғaн күнi peтiндe eлiмiздiң тapихындa мәңгiгe қaлaды. Осы атаулы мерекеге орай біз Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абай Оразбен әңгімелескен едік.

–Абай Амангелдіұлы, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасы қалай болуы керек деп ойлайсыз?

– Енді, мемлекеттік рәміздердің қатарына Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн жататыны белгілі ғой. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасының арнайы Жарлығымен осы нышандарымыз қабылданған болатын. Міне, содан бері бұл рәміздер біздің бойтұмарымызға айналды десек қателеспейміз. Ұлттық нышандар – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сол себепті Қазақстан азаматтарының мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасы қашанда жоғары болуы қажет және оны құрметтеу – әрбір азаматтың борышы болуы тиіс деп ойлаймын. (далее…)

Ұлттығымыздың басты белгісі

Пятница, 04 Июн 2021

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен сабақтасады. Қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжырымдамасы ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс. Ал нақты ұлттық идея тікелей сол халықтың арасында қалыптасады. Соның бірі – мемлекеттің басты нышандары. (далее…)

Мәресіне жетті

Пятница, 28 Май 2021

Зияткерлік ойын арқылы жастардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамытуды көздеген «ДАРАБОЗ» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдас­тырылған финалдың тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш жоба былтыр қалалық деңгейде өтсе, биыл аймақ бойынша кіл мықтыны анықтады.

18-30 жас аралығындағы жастардың білімі мен білігін анықтау, жаңа есімдердің шығуына ықпал жасау, ынталандыру мақсатын көздеген ойын «Тізгінқағар», «Желдірме», «Бәйге» айналымдары бойынша өткізілді.
Сарапшылар Абдолла Дастанов пен Ізтай Белгібайұлынан бөлек «Дарабоз — 2020» жобасының жеңімпазы Дана Абельдинова да қазылық етті. Төрт ойынның қорытындысы бойынша І орын Ботагөз Мұхиденге (Жезқазған), ІІ орын Еркеназ Шоқанға (Ұлытау), ІІІ орын Нұрғиса Құлашоваға (Сәтбаев) бұйырды. Ақтық мәреге жеткен Әлия Тиштаева (Ұлытау), Темірлан Мұханов (Сәтбаев), Әділет Әбілжанов (Жезқазған) арнайы номинацияға ие болды.
Аталмыш зияткерлік сайыстың жеңімпаздары ойынның жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті.

– Бұл жастардың ойын, білімін шыңдауға үлкен септігін тигізеді. Әрі қарай жалғасын табуына тілектеспін, – деген Ботагөз Мұхиденге Ұлытау ауданы атынан қатысқан Еркеназ Шоқан да қосылып, сайыстың әділ өткеніне сенім білдірді. Зияткерлік сайыс­тың толық нұсқасы «Ақшам» телеарнасынан көрерменге жол тартатынын айта кетейік.

Алтынгүл Төлегенова.
Сурет автордікі.

Олжалы оралды

Пятница, 21 Май 2021

14-16 мамыр күндері Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы ұйымдастырылды.

Аталған құрлықтық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты. Жасөспірім санатындағы дзюдошылар 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап, сынға түсті. Аталған Азия кубогына Қазақстанның атынан 44 салмақ дәрежесі бойынша қатысқан спортшылар арасында жерлесіміз Нұрайлым Сәрсенбек те болған еді. Үкілеген үміт, артылған сенім нәтижесіз қалмады. 400 спортшының ішінен мықтылығын көрсетіп, финалдық кездесуде өзбек елінің спортшысы Юлдуз Хакимовамен белдескен Нұрайлым күміс жүлдегер атанды. Спортшының бапкері Архат Рахымжанұлы алдағы уақытта Азия Чемпионатына жолдама алғандарын жеткізді. Енді дайындық мамыр айының 24 жұлдызы мен 11 маусым аралығында және шілде айының ортасында екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Аталмыш оқу-жаттығу Түркістан облысында өтпек.

Нұрайлым Сәрсенбек спорт саласына 11 жасынан бастап келді. Сәтбаев қалалық олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде 2015 жылдан бері татамиде бақ сынап жүрген жерлесіміздің жеткен жетістігі аз емес. Бүгінгі таңда ол спорт шеберіне үміткер.

Айта кетейік, үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сегіз алтын, сегіз күміс және 20 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға тұрақтаған болатын. Жастар арасында өткен бәсекеде де Қазақстан құрамасы үздік атанды. Отандық жас татами шеберлері 7 алтын, 11 күміс және 21 қола жүлдені жеңіп алды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Ұлт мұрасын ұлықтаушы

Пятница, 21 Май 2021

«Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, археограф, этнограф, «Музей ата» атанған өлкетанушы Сүтемген Бүкіровтің туғанына 100 жыл толуы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаткерлер мен ғалымдардың басын қосты. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, дәстүрлі XVIII «Бүкіров оқулары» аясында ұйымдастырылған шараға Жезқазған каласының әкімдігі мен мемлекеттік архиві, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС ұйытқы болды.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында ашылған «Ұлт мұрасын ұлықтаушы» тарихи-танымдық көрмесінің лентасын қию құрметіне ҚР Құрметті геологы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Сұлтан Сүтбаев пен С.Бүкіровтің қызы Гүлнәш Әбубәкір, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев ие болды. Журналист Әшмұхан Жампейісовтің «Музей атаға – бір ғасыр» деректі фильмі тамашаланып, орамды ойлар, есті естеліктер ортаға салынды. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Кәусар» баспасынан жарық көрген «Жезқазғаным менің», «Біздің Қаныш Имантайұлы» кітаптарының және Жезқазған қаласының «Асар» баспаханасында басылған «Сүтемген Бүкіров: ғылыми-танымдық және публицистикалық еңбектерінің биобиблиографиялық көрсеткіші» кітабының тұсауы кесілді. Бұл кітаптарды кезінде Сүтемген Әбубәкірұлының өзі баспаға дайындап, бірақ, жарық көрмей қалған болатын. «Ештен кеш жақсы» деген. Марқұм Сүтемген ағамыздың кейін де болса арманының орындалуына «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті. (далее…)

Государственные символы – духовные ценности народа

Пятница, 21 Май 2021

4 июня Казахстан будет отмечать День государственных символов, которые давно стали узнаваемыми в мире, и являются неотъемлемой частью имиджа нашей страны. Все наши государственные символы разработаны и утверждены в период независимости, и они, на языке геральдики, отражают духовные ценности народа Казахстана.

Государственный герб Республики Казахстан

Герб – один из главных символов государства. История свидетельствует, что еще кочевники эпохи бронзы, проживавшие на территории современного Казахстана, идентифицировали себя с особым символом – тотемом, графическое выражение которого впоследствии получило наименование «тамга». Впервые данный термин начал употребляться в Тюркском каганате.

Герб суверенного Казахстана был официально принят в 1992 году. Его авторами являются известные архитекторы Жандарбек Малибеков и Шот-Аман Уалиханов.

Малибекову было 50 лет, когда он победил в конкурсе эскизов. Главный архитектор Самарканда (Узбекистан) курировал проекты в Андижане, Намангане, Фергане и других городах, принял участие в конкурсе: «Просто не мог остаться в стороне, когда на моей родине происходили такие исторические события. Тогда я не знал, что были поданы порядка 300 эскизов».

Он до сих пор помнит, как непросто было утвердить и отстоять около 40 элементов, из которых состояла работа. «В комиссию входили такие уважаемые люди, как например, Абиш Кекилбаев, Султан Сартаев, академик Зиманов, сам президент, председатель Верховного совета. Целый месяц я ходил, объяснял, доказывал. Единственный элемент спорный был – какой будет звезда – 5-конечной или 8-конечной. 8-конечную звезду они посчитали признаком мусульманского фундаментализма. Может это и правильно. А 5-конечную они отторгли, так как посчитали символом советской власти. Поэтому без этой звезды эскиз был направлен в парламент. Но там уже выступил Елбасы и сказал: «Дорогие депутаты, давайте не будем сравнивать звезды с остатками советской власти, сравнивать с религией. У нас, у казахов, еще издавна говорили, что у каждого человека – своя звезда. Так и у нашей страны – своя звезда и свой путь развития», – рассказывает Малибеков. (далее…)