Рубрика: 30 лет Независимости Казахстана

Партия белсенділері марапатталды

Пятница, 17 Дек 2021

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы ғимаратында қала әкімі Асқар Ыдырысов партияластарға марапат табыс ету іс-шарасын өткізді.

Асқар Абылайұлы жиынды ашқаннан кейін, Тәуелсіздік күнімен құттықтап, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруда партияның маңыздылығын және белсенді мүшелерін қоғаммен біріктіру мәселесін атап өтті.

– Балалардың арманы, аналардың тілегі болған тәуелсіздік маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Бүгінгі күні партияның басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және егемендігімізді нығайта түсу, – деді қала басшысы өз сөзінде.

Салтанатты кеште «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісіне қалалық емхананың директоры Ғабиден Аханов ие болды. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың Құрмет грамотасымен қалалық мәслихат депутаты Шолпан Мухамедгалиева, қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Балмағанбетов марапатталды. «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «Үздік депутат» төсбелгісіне қалалық мәслихаттың депутаттары Мұхтар Бақбергенов, Луиза Мыңбаева ие болды. Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанованың Алғыс хаты Әйгерім Амантаева, Ершат Әубәкір секілді белсенді жастарға табыс етілді.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Егемендік жолы талданды

Пятница, 17 Дек 2021

Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ой толғанысы ішкі жан дүниесімен астасқан «Тәуелсіздік тағылымы» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Сол мақаласында Елбасы «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды», деп тебіренеді.

Оқыған жанға ой салар осы мақалада Тұңғыш Президентіміз Қазақстанның тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін, қандай қиындықтардан өткенін айтып, кейінге шегініс жасап, тарих бедеріне үңілген.

«Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын» дейді ол.

Елбасы өз мақаласында бұрын-соңды айтпаған жәйттерге де барып, «арандатушылар да, пасық пиғылын жылы сөйлеп, іске асырғысы келетіндер де болды. Бірақ қателесуге де, ашуға бой алдыруға да болмайтын еді. «Тәуелсіздікті жариялау оңай емес, оны бүкіл әлемге мойындату одан да қиын еді» деп еске алады Елбасы.

Иә, 30 жыл еліміз үшін үлкен белес екені даусыз. Отыз жылда елімізде елеулі тарихи өзгерістер орын алды. Саяси аренада болсын, экономикалық тұрғыдан болсын Қазақстан өз атын шығарып, өмірлік маңызы бар барлық салаларда дамыды. Елбасы өз мақаласында атап көрсеткеніндей біз жүйелі түрде халықаралық келісімшарттар жасасып, мемлекеттік шекарамызды түпкілікті айқындап алдық. Осылайша, бабалар аманатын орындау үшін және күндердің күнінде өз ұрпағымыздың алдынан бұдан да ауыр қиындықтар шықпауы үшін түйткілдер мен кедергілердің бәрін еңсеріп, қолға алынған істі ақырына дейін жеткіздік.

Қысқасы, еліміздің егемендік алғаннан кейінгі 30 жылдағы жүріп өткен жолын Елбасы «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында егжей-тегжей талдап жазды. Және, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен өсіп-өркендеуі жайлы оның Тұңғыш Президентінен артық ешкім айтып жеткізе алмас та…

Майра Жаппасбаева.
Ақпарат саласының ардагері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Азат елдің ұланымыз

Пятница, 17 Дек 2021

Мен – Тәуелсіз елдің ұрпағымын. Еліміз егемендік алған жылы өмірге келген қыр қызымын. Ес білгелі, соғыстың зұлматын білмей, атылған оқтың дыбысын естімей, бақытты балалықтан жалынды жастықта ғұмыр кешіп жүрміз. Сондықтан мен үшін егемендік – бейбіт өмірімен құнды.

Зайырлы мемлекеттің іргесі қаланып, талай жетістікке жетіп, әлем картасында шекарамыз шегенделген соң, әрі қарай гүлденуіне үлесімді қосуды – перзенттік парыз санадым. Осы жолда еңбек етіп, тер төгу мақсатында қолымнан келгеннің бәрін жасап келемін. 2007 жылы Жезқазған музыкалық колледжіне «Музылық білім беру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен бітірдім. 2013 жылдан бастап Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығында мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы болып еңбек етіп келемін. Содан бері орталықтың білікті де бірегей қызметкеріне айналып үлгердім. Әр жас маман үшін бастапқы жылдардың қиындық пен қызыққа толы болары ақиқат. Себебі, сен, енді оқушы не студент емес, бір салаға толық жауапкершілік арқалаған мамансың. Сол кездегі әріптестерімнің қолдауы мен бағытының арқасында өз ісінің маманы атандым. (далее…)

Емдеу мекемелерінің еңсесі көтерілді

Пятница, 17 Дек 2021

Мағзұм ҚОЖАХМЕТОВ, медицина саласының ардагері.

– Біздің ел одақ тараған соң, жаңа мемлекет құру кезінде көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бұл әсіресе медицина саласында айқын аңғарылды. Ауылдық жерлердегі ауруханалар жабылып, қаладағы емдеу мекемелерінің өзі екі ұдай күй кешті. Жалақының жоқтығынан, дәрі-дәрмектің тапшылығынан маман-дәрігерлер жұмыстан кетіп, базаршы болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сол алмағайып тұстағы сарабдал саясатының арқасында, шүкір, ел медицинасы жолға қойылды.

Тоқсаныншы жылдардың ортасында елде отбасылық денсаулық орталықтары ашыла бастады. Біздің қаламызда да осындай ОДО-лар құрылып жемісті еңбек етті. Ел өздері қалаған орталықтарға тіркеліп, ем-домдарын алып, еліміздің мықты емдеу орындарына жолдамадар алатындай жағдайға жетті.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары елімізде денсаулық сақтау ісіне көп көңіл бөлінді. Аймағымызда жаңа емдеу мекемелері салынып, көбейді. Жезқазған қаласындағы «Самсунг» орталығы, өз қаламыздағы жаңа емхана сол тәуелсіздіктің жемісі. Қаламыздағы №1 орталық аурухана да осы тәуелсіздік жылдары жаңғыртылып, заманауй үлгіде жабдықталып, ел игілігіне берілді.

Ал, былтыр қанаттас жатқан қос қалада кез-келген қауіпті індеттерге қарсы тұра алатындай емдеу орындары жабдықталды. Соның арқасында аймағымызда коронавирус инфекциясының таралуы тежеліп, індетке шалдыққандар емделіп шығуда. Біздің №1 қалалық емханаға компьютерлік томография, рентген аппараттары жаңадан орнатылды. Енді ел КТ-дан өту үшін облыс орталығына сабылмайтын болды. Сондай-ақ, ауруханаға өкпеге жасанды жел беру аппараттары да жеткілікті мөлшерде әкелінді. Мұның сыртында орталық аурухана мен перзентханаға оттегін беретін арнайы орын да әзірленіп, палаталарға құбырлар тартылды. Осылайша жыл өткен сайын қаладағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Аймағымызда магнитті-резонанстық томография және компьютерлік томографияның көбейгені дәрігерлердің нақты диагноз қоюына көмектеседі. Медицина күн сайын дамып, емдеу мекемелерінің еңсесі көтеріліп жатыр.

Тәуелсіздіктің арқасында қазір тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу мүмкіндігі артты. Яғни, науқастар арнайы жеңілдік (квота) арқылы тегін емделетін болды. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық. Халық игілігі үшін жасалып жатқан шаруа көп. Бәрі де – бейбіт күннің, егемен елдің сыйлары. Деніміз сау, жан-жағымыз аман болсын!

Қазақ мектептерінің саны артты

Пятница, 17 Дек 2021

Жұмағали ҚҰЛМАНОВ, «Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қайраткері» төсбелгісінің иегері, білім беру саласының ардагері.

– «Тәуелсіздік бізге не берді?» деген кезде, ең алдымен, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтан өз орнын ойып тұрып алғанын айтар едім. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы арманын жүзеге асырып, Тәуелсіз мемлекет құрдық. Жаңа елордамыз – Астананы салдық. Ең бастысы, егемен еліміздің қалыптасу жылдарында қиын кезеңді бастан кешкен халқымыз қайта есін жиды. Содан бері білім саласында да едәуір жаңалықтар болды. Жаңадан білім беру нысандары салынды. Мектептер мен балабақшалар көбейді.

Әсіресе, қазақ мектептерінің саны артты. Мен еңбек етіп жүргенде Сәтбаев қаласында бір ғана қазақ мектебі болатын. Өзге мектептерде орыс сыныптарының саны басым еді. Оның үстіне оқу үш аусымда болатын. Осы тығырықтан шығу үшін қаламызда №3 және №7 мектептер ашылды. Ел кәдімгідей қуанды. Бұл тәуелсіздік жылдарының басы еді.

Жаңа мыңжылдықтың басында қаламызда №16 мектеп салынып, пайдалануға берілгенде бөркімізді аспанға ата қуанып едік. Кейін, заманауи үлгідегі №15 мектеп салынды. Осыдан бірер жыл бұрын «Нұрлы мекен» шағынауданында №9 мектеп шаңырық көтерді. Осылайша қаламыздағы білім беру нысандары жаңарып, жасарды. Білім беру сапасы да артты. (далее…)

Қос қуаныш қатар келді

Пятница, 17 Дек 2021

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өтіп, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын» айта кеткен болатын. Еліміз үшін осындай аса маңызды кезеңге аяқ баса отырып, біз өткенімізді ұмытпай, азаттықтың ақ таңына небір сұрапыл шайқастарды өткеріп, қаншама кедергілерді еңсере қол жеткізгенімізді есте сақтауымыз керек.

Ғасырлар бойы аңсаған еркіндікке жетіп, еліміз өз Тәуелсіздігін жариялаған кезде сол елеулі оқиғамен сәйкестендіріп, бақытты отбасын құруға ниет білдірген жастар да баршылық еді. Солардың бірі – қиындығы мен қуанышы қатар жүрген сол бір 90-шы жылдардың басында шаңырақ көтерген, 30 жыл бойы аяулы сезімдерін сақтап, бүгінде Маржан той иелері атанған Ғабиден мен Жанар Ибраевтар.

Ғабиден Ибраев 1973 жылы соғыс және еңбек ардагері Назымбек Ибраевтың отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен, еңбек жолын Солтүстік Жезқазған кенішінің жұмыскері болып бастап кетті. Қазіргі таңда осы кеніштің экскаватор машинисті қызметін атқаруда. Адал еңбегі мен өз ісінің шебері ретінде берілген жоспарды уақытылы орындағаны үшін бірнеше рет Құрмет грамоталармен марапатталып, ІІ дәрежелі Еңбек даңқы орденімен наградталған. Ал, жұбайы Жанар Ибраева оқу бітіре салып орналасқан жұмысына, жүрек қалауымен таңдаған мамандығына әлі күнге дейін адал қызмет етуде. Ол – қаламыздағы №7 «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі. (далее…)

Долгожданная мечта исполнилась

Пятница, 17 Дек 2021

Одним из приятных событий для 11 семей в преддверии празднования Дня Независимости стало вручение ключей от квартир.

В малом зале акимата глава города Аскар Идрисов вручил ключи от заветных квартир очередникам. Открывая мероприятие, он поздравил виновников торжества с предстоящим праздником.

–Примите мои искренние поздравления с национальным праздником Республики Казахстан – с Днём Независимости! В честь Дня столицы Казахстана – Нурсултана, 12 семей уже получили квартиры. И сегодня, к 30-летию Независимости, мы вручаем ключи от квартир еще 11 семьям, – сказал Аскар Идрисов.

Как пояснил Мирас Кокшин, заведующий сектором отдела ЖКХ, обладателями жилья из государственного жилого фонда стали семьи из категории социально незащищенных слоев населения. Из них 5 человек из категории дети-сироты, 4 – из числа социально уязвимых слоев населения, одна многодетная семья и один человек, чье единственное жилье признано аварийным. Пять квартир выделены в новостройке и 6 – вторичное жилье.

– Искренне поздравляю вас со знаменательным событием – получением собственного жилья. Желаю вашим семьям крепкого здоровья, счастья, добра и благополучия, чтобы все ваши надежды сбылись! – пожелал аким.

– Сегодня исполнилась долгожданная мечта каждого из нас. Спасибо вам, – благодарили счастливые обладатели ключей.

Нурия Ильясова.
Фото автора.

Турнир для чемпионов

Пятница, 17 Дек 2021

Два дня во Дворце спорта «Жастар» мальчишки в возрасте от 9 до 13 лет оспаривали звание сильнейших в традиционном республиканском турнире по греко-риской борьбе. На ковер вышли около 250 спортсменов со всего Казахстана.

Третий республиканский турнир, посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан прошел 9-10 декабря. В соревнованиях приняли участие спортсмены 2007 года рождения и младше из г. Нур-Султан, Жамбылской, Туркестанской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Павлодарской, Северо-Казахстанской областей, городов Жезказган, Сатпаев.

– Для города Сатпаев стало доброй традицией проводить республиканский турнир по греко-римской борьбе в честь Дня Независимости. Это уже третий турнир. Сатпаев представляют 52 спортсмена, – прокомментировал главный судья соревнований, старший тренер г. Сатпаев по греко-римской борьбе СДЮШОР Амантай Байторин.

– Главная задача – популяризация и пропаганда греко-римской борьбы, воспитание подрастающего поколения, повышение спортивного мастерства. Призеры турнира получают звание КМС.

Участников и гостей соревнований от имени акима города приветствовал его заместитель – Шапагат Аубакир, который пожелал юным спортсменам успехов и выразил надежду, что на Олимпийских играх выйдут спортсмены, которые когда-то получили путевку в мир большого спорта здесь, в Сатпаеве. Да и сатпаевцам уже есть кем гордиться. В настоящее время молодые спортсмены Махамбет Тлеужан, Мактабай Рахимжан, Курбанов Аслан, Курбанов Ислам, Смагул Олжас – ныне воспитанники спортивного интерната для одаренных детей им.А. Молдагуловой г. Караганды – являются победителями и призерами чемпионатов РК. А подобные турниры становятся кузницей спортивных кадров, позволяют атлетам получить отличный опыт и ощутить вкус победы. (далее…)

1994 год: перенос столицы и полет Мусабаева

Пятница, 10 Дек 2021

Решение о переносе столицы из Алматы в Акмолу было принято Верховным Советом 6 июля 1994 года. После предложения Нурсултана Назарбаева. Причиной этому называют многие факторы: отсутствие площадей для строительства, плотность населения и ухудшающаяся экология Алматы.

Tengrinews.kz продолжает рассказывать об основных этапах становления Казахстана.

1993 год: первая Конституция, национальная валюта и «Болашақ»

Пятница, 10 Дек 2021

1993 год стал одним из самых экономически важных в истории Казахстана. Вначале правительство решило превратить народ в потенциального акционера: для этого людям раздают купонные книжки, чтобы они могли обменять их на акции, затем в стране вводится национальная валюта – тенге, которая открывает новую страницу в истории республики.

Tengrinews.kz вспомнил, чем еще запомнился 1993-й.