Рубрика: Разное

Бейқамдыққа жол бермейік

Пятница, 24 Дек 2021

Сәтбаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы берген ақпараттарға қарағанда кеншілер қаласындағы эпидахуал тұрақты. 19-желтоқсан күнгі жағдай бойынша айтсақ бұл тәулікте бір де бір сырқат тіркелмеген.

Инфекциялық стационарлардағы төсек-орындар саны да едәуір қысқарған. Бірақ бұл енді бейқам жүре берсек болады деген сөз емес. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша бүгінгі күні стационарлық емдеу орындарында 5 адам, үй жағдайындағы карантинде 12 адам жатыр. Бұл 17 сырқаттың 7-уі ересек адамдар, 3-еуі бала, 7-уі мүкіндігі шетеулі жандар мен зейнет жасындағылар. (далее…)

Екпенің пайдасы дәлелденген

Пятница, 24 Дек 2021

Сәтбаев қалалақ снитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Жолдыбаев қалалық әкімдікте өткен брифингте коронавирусқа қарсы вакциналау және ревакциналауға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Маман COVID-19 көптеген ауыр асқынуларды тудыратынын, ал оған қарсы екпе баршамыздың өмірімізді сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, адамдардың бәрі вакциналанған кезде, ауырып қалу қаупі әлдеқайда төмен екендігін жеткізді. Сонымен қатар, халықты ковидпен ауырғаннан кейін пайда болған антиденелерге сенбеуге шақырды. (далее…)

«ОМИКРОН» штамы «ДЕЛЬТАДАН» тез тарауда

Пятница, 24 Дек 2021

РЕСЕЙ мемлекеттік думасының ғимараттарына кіру үшін QR кодтары мен ПТР-тесттен өту міндеттері енгізілді. Қазір мемлекеттік думада QR- кодтар туралы екі заң жобасы қаралуда. Олардың бірі теміржол және әуе көліктерінде құжаттарды пайдалану тәртібін реттейді. Екіншісі – азаматтардың дүкендерге, тамақтану орындарына және бұқаралық іс- шараларға баруына қатысты. (далее…)

Ұстаздар ұлықталды

Пятница, 24 Дек 2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы гимназияда салтанатты жиын өтті. Оқу ошағында жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, білім беру саласының белсенді, шығармашыл қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының мүшелері марапатталды.

Білім бөлімінің басшысы Б.Ақышбеков айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар мұғалім мен балабақша тәрбиешілерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Алғыс хатымен марапаттады. Көпжылдық және жемісті еңбегі үшін Р.Исхакова мен Л.Максагина «Қарағанды облысы Білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі табыс етілді. Одан кейін бір топ педагог Қарағанды облысы білім басқармасының Құрмет грамотасын, Алғыс хатын еншіледі. Жезқазған өңірі бойынша білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы М.Қоңырбаев құттықтап, өз ісінің үздіктеріне «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады. Қарымды қабілеті үшін «кәсіподақ комитетінің Үздік төрағасы» лентасына бес маман ие болды.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Кішкентай патриоттар сайысты

Пятница, 24 Дек 2021

Тәуелсіздік күніне орай қаламыздағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада «Тәуелсіз елдің ертеңі», «Менің тәуелсіз Қазақстаным» байқаулары өтті.

Сайысқа қаламыздың әр мектебінен белсенді оқырмандар қатысты. Олар Отан, ел, жер тақырыбында мәнерлеп тақпақ оқып, патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындады. Нәтижесінде сурет салудан бас жүлдені Інжу Төлеу қанжығаласа, бірінші орынға Еркебек Кендебай ие болды. Тағы бір жүлделі бірінші орын Байкен Сартайға бұйырды. Екінші орынды Әлихан Дәулет алса, үшінші орынды Дәмен Күзебай еншіледі. Эссе жазудан бірінші орынды Айзере Шаяхмет, екінші орынды Зайнаб Бауыржан, үшінші орынды Мерей Марат иеленіп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Тіл болашағы – балабақшада

Пятница, 24 Дек 2021

Адам бойына ұлттық рух пен тілі, қасиет пен мінезі ана сүті арқылы дариды. «Тәрбие – тал бесіктен» дейді халық даналығы. Бала бойындағы ұлтына деген жанашырлық, тіліне деген сүйіспеншілік, халқына деген ұлтжандылық балабақшадан басталады. Одан кейін мектеп, жоғары оқу орны. Тәрбие ошақтары осылай жалғаса береді. Елбасы егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтады. Бүгінгі таңда ата-ана мен педагог арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Сондықтан еліміздің кішкене азаматтарын тәрбиелеуді бүгіннен бастау қажет. (далее…)

Жүйріктен жүйрік озды

Пятница, 24 Дек 2021

Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханасында «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» мәнерлеп оқушылар байқауы өткізілді.

Байқауға 8-14 жас аралығындағы 24 оқушы қатысты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, №19 мектеп-лицейінің оқушысы Дарын Оралбай Қ.Сариннің «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» өлеңін керемет орындап шықты. Бастауыш сыныптар арасында М.Рахматуллаева бірінші, И.Мальновицкий мен Н.Сұлтанбеков екінші, Н.Қойшан үшінші орынды иеленді. Үлкен топтар арасында Д.Қанатұлы үздік деп танылды. Н.Баттал мен М.Рахымжан бірінші, Д.Тасымбек, Ұ.Ерболатқызы, Н.Смағұл екінші, П.Абдрасилова мен А.Мұратбекқызы үшінші орынды еншіледі. Жүлделі орын алған оқушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

(Өз тілшіміз).

ТАНЫМАЛ ТАУ-КЕН ИНЖЕНЕРІ

Пятница, 24 Дек 2021

Қ.И.Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты негізін қалаған «Қазақмыс» корпорациясын бүгінде бар әлем біледі. Академик Қ.И. Сәтбаевтың «Үлкен Жезқазған» жобасын жүзеге асыруға атсалысқан Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Васильевич Гурба болды. Комбинатының бірінші директоры болған В.В.Гурба ширек ғасыр табысты еңбек етіп, үлкен күрделі жобаларды жүзеге асырды. Ол комбинаттың қалыптасуы мен дамуына бар ғұмырын арнады. Виктор Васильевичтің адамдармен қарым-қатынаста қарапайым, жинақы болды. Ол министрмен де, кез келген қол астындағы жұмыскермен де бірдей құрметпен және әңгімелесетін. (далее…)

Аса маңызды фактор

Пятница, 24 Дек 2021

Қадір Мырзалиев ағамыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқанындай,өзге тілдерді үйрену әр адамның еркі, бірақ ана тілін білу, құрметтеу — әр қазақтың парызы деп білемін. «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деп Абай атамыз айтқандай қазіргі заман ағымына сай жастардың көп тілді меңгергеніне қуанамыз. Алайда өзге тілдерді меңгеремін деп өз тілін ұмытпаса екен деймін. Ана тілі әр адамға ана сүтімен беріледі. Сондықтан әр өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтарымыз отбасынан бастап ана тілінде сөйлеп, білім алса, тілге деген құрмет әлдеқайда жоғары болар еді деп ойлаймын. (далее…)

30 лет без СССР. Вспомнить то, что нельзя забыть

Пятница, 24 Дек 2021

В этом году Казахстан отмечает 30-летие независимости. Мы многое пережили, всё это отражено в официальных документах и публикациях СМИ. Мы просто хотим напомнить те факты, события, явления, которые изменили всех нас за это время. Перелистаем страницы Независимости вместе? (далее…)