Архив за 23 Апр 2021

В ПЛАНЕ – НОВЫЙ ЭТНОПАРК

Пятница, 23 Апр 2021

В скором времени на карте города, а именно в Восточной его части, появится новый объект – музей под открытым небом. Подрядной организацией данного объекта под названием «Этнопарк» является компания ТОО «ЖезказганТрансСигнал». И начало работ запланировано уже на май месяц текущего года.

Во время своего визита в жезказганский регион Елбасы у подножия священной горы Улытау в своем интервью-размышлении особо отметил, что, Улытау – священное место для каждого казаха. Это был центр для наших предков – гуннов и кок-тюрков, для Золотой Орды. К тому же, и находится он в самом центре Казахстана.

На территории Жезказган-Улытауского региона имеется в наличии много достопримечательных мест, которые не представляется возможным посетить или даже объехать за одну поездку. Тем не менее, именно организация тематических экскурсий с посещением исторических, священных и значимых мест нашего региона имеет большое значение в патриотическом воспитании детей и подростков. И в этом смысле большим подспорьем является создание в нашем городе музея, где каждый желающий смог бы, не выезжая за пределы города, побывать разом во всех исторически значимых местах, чтобы получить необходимую информацию и иметь представление о судьбе каждого из представленных здесь, на его территории, экспонатов.

Данный проект по возведению этнопарка является одним из значимых и прорывных проектов этого года. В одном месте будут собраны макеты всех имеющихся исторических достопримечательностей региона. Главное, этнопарк будет являться доступным для горожан и гостей города, желающих вплотную познакомиться с историей Казахского ханства. Посетители во время экскурсии по территории данного комплекса, который станет по задумке авторов, символическим продолжением скульптурной композиции «Караван», смогут узнать из рассказов гида-экскурсовода подробную информацию о всех имеющихся в наличии достопримечательностях нашего края.

Безусловно, всё это призвано пробудить у школьников и молодежи чувство патриотизма и любви к своей малой родине, гордости за историю земли, где издревле жили наши предки. На территории этнопарка будут выставлены макеты исторических мест и экспонатов, таких как мавзолеи Алашахана, Жошыхана, Домбауыл, Хан Орда, Аяққамыр, Болған ана, Ұлытау таулары, Теректі әулие петроглифтері, барельеф четырех известных биев «Төрт босаға». Кроме этого, взамен засохших деревьев будут высажены новые и установлены удобные парковые скамейки, урны и опоры освещения.

Айгуль Тутеева.
Фото автора.

Қызғалдақтың құны – 9 миллион теңге

Пятница, 23 Апр 2021

Жуырда әлеуметтік желілерде қызғалдақ жұлғандар жауапқа тартылатыны жайлы ақпарат тарады. Онда қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлғандарға 9 млн. теңге айыппұл салынатындығы айтылған. Бұл шараға негізі Түркістан облысының экологтары мұрындық болған секілді.

Қалай дегенде де, көтерілген мәселе өте орынды. Шын мәнінде табиғатты аялау, экологиялық жағдайға жанашырлық таныту дегеніміз кенжелеп барады. Бір сәттік қызық пен бір мезеттік масайрау үшін Табиғат-Ананы құрбандыққа шалып жатамыз.

Түсіне білген адамға қызғалдақ табиғаттың бізге берген сыйы. Біздің елде ғана қызғалдақтың бірнеше ондаған түрі өседі. Ең бастысы, олар біздің табиғатта ғана өседі. Ондай түрлерін өзге ешбір елден кездестіре алмайсыз. Сондықтан да Қазақстанды «қызғалдақтар елі» деп жатады. Сол жеріміздің сәні, еліміздің символы болатын әсем гүлді өз қолымызбен жұлып, тұқымын тұздай тоздырып жатырмыз. (далее…)

«Ауызашар қоржыны» мен азық-түлік қалтасы таратылды

Пятница, 23 Апр 2021

Қасиетті айда қайырым жасау сауап. Кешегі айдың, күннің аманында қайырымды жандар мешітте ауызашар беріп, елдің сауабын алып жатушы еді. Тәжтажалдың кезекті толқыны биыл да бұл іске кедергі болды.

Бірақ, қолы ашық, жүрегі ақ жандарға ол қолбайлау бола алмады. Биыл да қайырымды жандар қаламыздағы Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешітке киім-кешектер мен азық-түлік әкеліп, жалғызілікті, жағдайы жоқ, қамқорлыққа мұқтаж жандарға тегін таратып беруді сұраған еді. Аптаның басында аталмыш мешіттің бас имамы Қоңдыбай қажы Серікбайұлы осы аманатты абыроймен орындады. (далее…)

О современной молодежи

Пятница, 23 Апр 2021

Во все времена именно молодые люди были двигателями прогресса и развития. Именно они поднимали целину, возводили могучие постройки, загорались безумными мечтами и воплощали их в жизнь, поднимали страну в послевоенный период.

У молодого поколения ярко проявляются такие качества, как самостоятельность, восприимчивость к новому, быстрая адаптация к жизненным переменам. Юношеский максимализм требует, чтобы все проблемы решались быстро, препятствия преодолевались легко, а мечты сбывались. Идеи, возможно где-то рискованные, где-то фантастические, но однозначно передовые. И ведь многие начинания молодежи помогают старшему поколению достигнуть улучшений в работе, стране в целом.

Наряду с этим, жизнь современной молодежи характеризуется рядом проблем, среди которых следует выделить проблему трудоустройства молодежи. Молодые люди, имея высокие амбиции и не имея достаточного опыта работы, зачастую остаются невостребованными на рынке труда. Сложившаяся ситуация ведет, в свою очередь, к обострению криминогенной обстановки в стране: увеличивается количество преступлений, «расцветают» алкоголизм и наркомания. Данные проблемы сложно решить быстро, однако работа в этом направлении ведется немалая. Молодежь часто не осознает свои глубинные потребности, вследствие чего истинные желания подменяются искусственными и навеянными современным миром, и окружающими людьми. Что рождает следующие актуальные проблемы молодежи: просиживание целыми днями за компьютером, стремление пить и курить, пытаясь найти на самом деле хоть какую-то отдушину, которая бы служила источником счастья. Без достаточного нравственного и психологического образования, у людей нет ориентиров того, как правильно жить, того, к чему стремиться и главное – как достигать поставленных целей.

Все-таки, основной ценностью всегда было и остается взаимопонимание, хорошие отношения в семье.Часто проблемы у молодых возникают из-за отсутствия наставника и друга в лице родителя, отсутствия понятных, общепринятых и актуальных жизненных ориентиров, и моральных ценностей. Платное образование, лень, инертность, отсутствие целеустремленности у молодых приводят к отсутствию стабильности, уверенности в завтрашнем дне.Они не до конца понимают, кем хотят стать, чем будут заниматься и что они могут сделать для своей родины. При доверительных отношениях в семье, подросток еще со школы начинает занимать активную позицию, состоит в самоуправлении, или же занимается любимым делом, превращая его в дело своей жизни, активно участвует в общественной жизни города, страны. Лишь поколение, которое растет в любви, знающее историю и духовные ценности нации, сможет сформировать будущее страны. (далее…)

Марафон добрых дел продолжается

Пятница, 23 Апр 2021

При молодежном крыле «Jas Otan» в рамках общенациональной акции «Biz Birgemiz» было создано волонтерское движение. Волонтеры участвуют в различных проектах, направленных на помощь тем, кто в этом нуждается: одинокие пенсионеры и ветераны, многодетные и нуждающиеся семьи, люди, оказавшиеся в трудной жизненной ситуации, дети с ограниченными возможностями. Главная цель акции – сделать добро для города и его жителей.

Не смогли оставаться в стороне и члены фракции партии «Nur Otan» городского маслихата – молодые депутаты Луиза Минбаева, Ринат Ахтямов, Султан Нарботаев и Шолпан Жангаскинова, которые выступили не только организаторами, но и профинансировали мероприятие «Дәрігерлерді ардақтайық!» в ходе акции «30 добрых дел», приуроченную к 30-летию Независимости Казахстана. (далее…)

Субботник – это добрая традиция

Пятница, 23 Апр 2021

Апрель по традиции – месяц субботников. Сошедший снег открывает неприглядную картину, и необходимо привести все в порядок. Убрать остатки прошлогодней листвы, ликвидировать свалки мусора, строительного хлама и твердых коммунальных отходов в несанкционированных местах, а предприятиям и организациям всех форм собственности навести порядок на собственных и прилегающих территориях.

Субботнее утро выдалось солнечным и располагающим к проведению весенней «генеральной уборки» улиц и дворов. В общегородском субботнике на закреплённых территориях активное участие приняли работники предприятий и организаций, а также коммунальных служб города.

Уборка и очистка от мусора, сухой листвы и веток, окопка и побелка деревьев, подготовка лунок к будущим посадкам – это неполный перечень выполненных в продолжение нескольких часов работ по благоустройству улиц, придомовых территорий и мест общего пользования.

Уважаемые горожане! Приглашаем принять активное участие в проводимых весенних трудовых акциях по наведению чистоты. Чистота — залог здоровья и комфорта в том месте, где мы живём, работаем и отдыхаем! Сделаем вместе наш город чище и красивей!

Айгуль Тутеева.
Фото автора.

Жыры бітпейтін жол…

Пятница, 23 Апр 2021

Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ұлан Әліповты қызметінен босатты. Осы алқалы жиында Мемлекет басшысы Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтілетінін, алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын айтты. Сапасыз жолдардан әбден шаршаған халық үшін бұл үлкен жаңалық болды…

Жол неге сапасыз?

Соңғы бірер жылда қала көшелерінің жолдарын жөндеуге жақсы назар аударылып келеді. Қыруар қаржы да бөлінуде. Өкінішке орай, сапасыз жұмыстың салдарынан сол жұмсалған қаржы желге ұшып жатыр. Жаз соңына қарай жылтырап жататын жаңа асфальт көктемде қармен бірге «еріп» кететін ауруға ұшырады. Сөйтіп, жаңарған көшелер бұрынғы таз қалпына қайта түседі. Бұл жылда қайталанатын жағдайға айналды. Осыдан барып елді «Жолдың сапасы неге нашар? Сапаны кім бақылайды? Мердігер мекеме неге жауапсыз?» деген сауалдар толғандырады. Біз осы сауалға шамамызша жауап іздеп көрдік.

Кейбір аймақтардағы жолдың сапасына қатты қызығасыз. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ, өз өңірімізден келтіруге болады. Мәселен, Жаңаарқа мен Қарағанды қаласы арасындағы кейбір жол бөліктерінің жөнделгеніне бес-алты жыл болса да теп-тегіс күйінде жатыр. Ал, Жаңаарқа мен Жезқазған қаласының арасындағы күні кеше ғана жөнделген жол бөліктері ойдым-ойдым. Неге? Себебі анау бөлікте жол  барлық технологияға сай салынған. Бергі жағы оған онша мән бермеген. Бұл жол салудан титтей де хабары жоқ маған да аян. (далее…)

Балалар алаңы салына ма?

Пятница, 23 Апр 2021

Жуырда редакциямызға қаламыздағы Бұлқышев көшесі 41-1 үйдің тұрғыны Күнтуған Байшуақов ақсақал қоңырау шалды. Жеке бастың емес, елдің мүддесін көздеген ақсақал сол көшедегі тұрғындар атынан сөйледі. Әңгіменің ұзын-ырғасы төмендегідей…

Өткен жылдың күзінде Бұлқышев көшесінің бір топ тұрғындары қала әкімінің қабылдауына келіп, аталмыш көшеде балалар ойнайтын алаңның жоқ екенін, мүмкіндік болса заманауи ойын алаңын салып беруге көмектесуін сұрап, өтініш айтады.

Қала басшысы Асқар Ыдырысов тұрғындардың тілегін қанағаттандыру үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне тапсырма береді. Арада апта өткенде аталмыш бөлімнің мамандары мердігер мекеменің өкілін ертіп Бұлқышев көшесіне келеді. Тұрғындар қалаған жер біреудің жекеменшігі болғандықтан, ТКШ мамандары басқа жерді ұсынады. Ол жер сазды, сызды болғандықтан, тұрғындар жерге тас төгіп, көтеріп барып орнатуды талап етеді. Мердігермен арадағы құжатта мұндай жұмыс қаралмағандықтан, балалар алаңы кейінге қалады.

– Жұмыстың нақтылы қашан жүргізілетінін білмек болып қалалық әкімдікке барғанымда қолыма қала әкімінің орынбасары Батыр Абдрахаевтың жауап хатын ұстатып қоя берді. Онда, «балалар алаңын салу жұмысы 2021 жылы жүргізіледі», дегеннен басқа ештеңе жоқ. (далее…)

«Шарықтау шегі — мамырдың ортасы»

Пятница, 23 Апр 2021

Жылдан асып барады, қауіпті індеттің беті қайтар емес. Керісінше, соңғы уақытта тіптен ушығып бара жатқан сияқты. Елімізде «қызыл» аймаққа кіргендердің қатары да өсіп келеді. Қазір елді індеттің беті қашан қайтады, вакцинациялау жұмысы қалай жүруде деген сауалдар жиі толғандыратын болды. Біз бұл сауалдарды қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзинаға қойдық.

– Гаухар Шәріпқызы, індет шарықтау шегіне жетті ме? Бұл толқын қай кезде аяқталуы мүмкін?

– Мамандардың болжамы бойынша, бұл толқын мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Көрші Ресейдегі жағдайды бақылап отырмыз. Былтыр Ресейде бірінші толқын болғаннан кейін, екі айдан соң бізге жетті. Ал қазір көрші мемлекетте жағдай тұрақты. Себебі, халықтың басым бөлігі вакцина алды, әлі де егіліп жатыр. Егер біздің елде де вакцинациялау жақсы қарқынмен жүрсе, індеттің бұл толқыны ерте аяқталады. Сондықтан, тұрғындардың жетпіс пайызы екпе алуы
керек.

– Вакцинациялау жұмысы қалай жүріп жатыр? Тұрғындардың екпеге көзқарасы қалай?

– 9 наурыздан бастап қала тұрғындарына Ресейдің «Спутник V» вакцинасы егіліп жатыр. Жалпы, қалада вакцинациялау жұмысы жақсы жүруде. Тұрғындарының арасында қазіргі жағдайды түсініп, емханаға хабарласып, егіліп жатқандар бар. Мұндай көзқарастағы азаматтарға ризамыз. Олар жалған ақпараттарға сенбей, өзінің, отбасының денсаулығын ойлап отыр. Десек те, халық әлі де бұл індеттің қауіпті екенін түсінбейді.

– Алғашқылардың бірі болып өзіңіз де екпе алдыңыз. Бір ай уақыт өтті. Қазір жағдайыңыз қалай?

– Екпеден кейін ешқандай кері әсерді байқағаным жоқ. Қазір жағдайым жақсы. Тұрғындар арасында да екпенің жанама әсерінен жағдайы қиындады деген дерек тіркелген жоқ. Әрине, бас ауыру, қызу көтерілу, әлсіздік секілді жанама әсерлердің болуы қалыпты. Ең бастысы, бірінші компонентті алғаннан кейін салқын тигізіп, вирус жұқтырып алмау керек. Вирусқа қарсы антидене екінші компонентті алған соң барып күшейеді. Оған дейін сақтанып жүру керек.Вакцина алған адам вирус жұқтырса да, ауру жеңіл түрде өтеді. Тұмауратқандай болады. Ең бастысы, өкпесі қабынбайды. (далее…)

Тарихи сабақ өтті

Пятница, 23 Апр 2021

Жуырда қалалық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толуына орай «Ұлы ғалым туралы тың дерек» атты тарихи сабақ өткізілді. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы: «Архив -2025» жеті жылдық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған тарихи сабақ жеке тектік қор иегері Қаныш Имантайұлына арналды. Кездесу барысында архив қызметкерлері ғалымның өнегелі өмір жолы мен қызметі жайлы толыққанды ақпарат берді.

1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик: «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті. Осы бірауыз сөзден біртуар тұлғаның жан-дүниесінің, халқын сүйген жүрегінің де ірі екенін байқауға болады.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Қаныш Имантайұлы Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірді. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. 1926-1929 жылдары Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жарияланды. (далее…)