Архив за Май 2021

Құрметті сәтбаевтықтар! Қымбатты жерлестер!

Пятница, 28 Май 2021

Жыл сайын ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырады, ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Қазақстандағы ұлттық интеллигенцияның көп бөлігі жойылды. 30-50 жылдарда АЛЖИР, Степлаг, Карлаг секілді ірі лагерьлер Қазақстан аумағында орналасқан. Бұл жылдары өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға жаппай жер аударылуы орын алды. Тұтас халықтар әртүрлі аймақтардан күштеп көшірілді. Олардың қатарында корейлер, түріктер, ирандықтар, күрдтер, әзірбайжандар болды. Соғыстан кейінгі жылдары немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары жаппай депортацияға ұшырады. Қоныстанушылармен соңғы нанын бөліскен үлкен жүректі халқымыз олардың аман-есен елімізде тамыр жаюына көмектесті. Ашаршылықтың алдындағы тіркелу, ұйымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды. Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді.

Уақыт бір орында тұрмайды, бірақ, өзгеріссіз қалған нәрсе бар. Бұл тарих. Ұзақ жылдардан кейін ғана көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды.

Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – парызымыз.

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

Пятница, 28 Май 2021

Ежегодно, начиная с 1997 года 31 мая в Казахстане отмечается День памяти жертв политических репрессий.

Это день памяти одной из самых трагических страниц истории Казахстана и постсоветского пространства – массовых политических репрессий и ужасающего голода, повлекшего гибель миллионов человек. Наш народ бережно хранит память о людских судьбах во времена жестокого террора. Память – она не стирается. А уроки прошлого обязывают нас стоять на страже гражданского мира в обществе. (далее…)

Қала «қызыл» аймақта

Пятница, 28 Май 2021

Кеншілер қаласында эпидахуал тұрақсыз дейді Сәтбаев қалалық санитарлық-­эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина. Оның айтуынша, қала «қызыл» аймақтан шыға алмай келеді. Ал бұған әдеттегідей тұрғындар тарапынан «оң» ықпал жасалуда. (далее…)

Иммундық қорғанысымыз қалыптасқан жоқ

Пятница, 28 Май 2021

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеп, індеттен арылуымыздың бірден бір жолы – екпе алу. Бұл бүгінгі күннің нөмірі бірінші жұмысына айналды. Қазір қалалық емханада арнайы екпе кабинеті жабдықталып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, арнайы медбибі мен дәрігер-маман ұжым бойынша екпе алуға ниет білдірген мекемелерге шығып жүр. (далее…)

Субұрқақта шомылу – қауіпті

Пятница, 28 Май 2021

Әңгімеміздің басында біз індеттің ілмегіне ілінгендердің қатарында мектеп жасындағы балалардың бар екенін айттық. Қаланың бас санитар дәрігерінен оның себебі мен салдарын сұрауды да ұмытқан жоқпыз. (далее…)

Баға бас имей тұр

Пятница, 28 Май 2021

Басқа шауып, төске өрлеген баға икемге келер емес. Үкімет тарапынан да, жергілікті билік тарапынан да бағаға «тұзақ» тасталғанымен, әлі де бас иер емес.

Бағаның бұлайша бұлқынуына не ықпал етіп тұр? Бұған тоқтау бола ма? Өкінішке орай, оған ешкім нақтылы жауап бере алмауда. Бар гәп өрмекшінің торындай бір-бірімен байланысқан салада деп иықтарын көтереді. Ол салалар – тауар өндіруші, оны тасымалдаушы һәм таратушы. Оған сауда орындарын қосыңыз. (далее…)

Жарайсың, Денис!

Пятница, 28 Май 2021

Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жүзу бөлімінің тәрбиеленушісі Денис Георгица республикалық чемпионатта топ жарды.

17-21 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыста 2005 жылы туылғандар арасында 200 метрге құлаштап жүзуден алдына жан салмаған жерлесіміз осылайша қала абыройын асқақтатты. Бала кезінен бастап спортқа құмар ол үздік болуға ұмтылды және сонысымен ерекшеленді. Негізі спортқа жеті жасында дәрігерлердің кеңесімен келген екен. Төзімділігін байқаған жаттықтырушы Александр Валюк Денистің күш-жігерін мұқият қадағалай бастапты. Біртіндеп жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, спорттық стандарттарды орындауға кіріседі. Екінші санатты бағындырғанда Денис жаттықтырушы-оқытушы Николай Ткаченконың құрамына ауыстырылды. Бүгінгі күнге дейін жас спортшы 100 метр қашықтықты бағындырғаны үшін екі күміс, 1500 метрге жүзуден үш қола медаль иеленді. 100 метрге жүзуден ҚР спорт шеберлігіне жеткені Денис Георгица үшін жоғарғы марапат болып саналады.

– Суда адамның салмағы жеңілдейтіндіктен денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді. Мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттегімен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады. Омыртқаның қисаюы уақыт өте келе адам ағзасында көптеген дерттер туындатады. Ал, жүзген кезде дене бұлшық еттері қозғалысқа түсіп, омыртқа сүйектерін қалпына келтіріп, қан айналымын жақсартады. Ағзаның суыққа қарсы күресу қабілетін шыңдайды, баланың бойын өсіреді. Иммунитеті де нығаяды, өзі де шынығады. Қысқасы, суда жүзудің пайдасы көп, – деген жас спортшы оқуды да қатар алып жүр. Биыл №5 орта мектептің 9 сыныбын аяқтады. Алда мемлекеттік емтихандар, оқу-жаттығу жиындары және Тараз қаласында өтетін ҚР чемпионаты бар. Дайындық жұмыстары қызу жүруде. Біз жас спортшының жеңісті сәттерінің көп болатынына сенеміз. Жарайсың, Денис!

(Өз тілшіміз).

«Ұлы мұратымызды айқындап алдық»

Пятница, 28 Май 2021

Биыл ел егемендігіне 30 жыл. Әсіресе осыдан отыз жыл бұрын дүние есігін ашқан Тәуелсіздіктің құрдастары үшін ерекше мейрам. Тәуелсіздік. Қандай киелі сөз! Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екенін ұғынамыз.

Бүгінде Тәуелсіздікпен түйдей құрдас, 30 жасқа келген жастар – әр саланың тізгінін ұстаған егемен елдің айбынды ұландарына айналған. Елдің дамуына өзіндік үлес қосып, көпке үлгі болып жүр. Солардың қатарында Сәтбаев қаласының Полиция бөлімінің (ПБ) көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция капитаны Аясын Арыстанбеков бар.

Заң саласына бала кезінен әуес Аясын Арыстанбековпен дидарласып, сұхбаттасқан едік. (далее…)

Соңғы қоңырау соғылды

Пятница, 28 Май 2021

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп түлектері салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасты. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер жадында мәңгі қалары анық. Биыл Сәтбаев қаласы бойынша барлығы 329 оқушы 11 сыныпты бітірді.

Соңғы қоңырау салтанаты карантиндік шектеулерге байланысты әр мектептің алаңында ұйымдастырылып, өткізілді. С.Сейфуллин атындағы гимназия да бұл мүмкіндікті құр жіберген жоқ. Салтанатты жағдайда қоштасу кешін ұйымдастырып, «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Биылғы оқу жылында гимназия қабырғасынан 27 түлек үлкен өмірге аттанды. Оның 9-ы «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткер. Биыл мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады және тестілеу алғаш рет электронды форматта өтуде. Аталмыш тестілеуден гимназия түлегі Мади Рахым 129 балл жинап, ұстаздар үмітін ақтаған.

«Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздар осылайша алтын ұя мектептерімен қоштасты. Сапар сәтті болсын жас түлек!

Алтынгүл Төлегенова.
Сурет автордікі.

Білім шыңын бағындырған

Пятница, 28 Май 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы жеңімпаздарын құттықтады.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында басталып, өзге облыстар ZOOM платформасы арқылы қосылды. Қарағанды облысы командасын Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы Г.Қожахметова марапаттады. Республикалық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-ші орын алған С.Сейфуллин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Линара Вафина осы құрметке ие болғандардың қатарынан көрінді. Ол зерек, қабілеті зор, жан-жақты оқушы. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Мейрманова. Ол Линараның бастауыш сыныптан тілге деген қабілетін анықтап, қазақ тіліне деген қызығушылығын оятты. Ол түрлі тілдік сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, қазақша ауызекі сөйлеу тілін дамытты. Қазіргі кезде ол математика пәнінің мұғалімі мамандығын таңдап отыр. Болашақта қазақ сыныптарына сабақ беруді мақсат етеді. Линара мен ұстазын жеңісімен құттықтаймыз. Білім шыңын бағындыра беріңіздер!

(Өз тілшіміз).