Архив за 07 Май 2021

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті сәтбаевтықтар!

Пятница, 07 Май 2021

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында ең жылы, шынайы және шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Жеңіс туы желбірегеннен бері 76 жыл өтті. Бірақ миллиондаған адамдардың ұлы ерлігінің символына айналған бұл оқиға ешқашан тарих беттерінен өшпейді. Қазіргі ұрпақ осы жарқын мерекені асыға күтеміз. Соғыстың сұрапыл жылдарын «бұрын» және «кейін» деп бөлген, «Жеңіс» сөзін тұмарына балаған ардагерлеріміз де ерекше толқу үстінде болады.

Жеңіс күні – ерлік пен даңқтың, батырлық пен батылдықтың, майдандағы және тылдағы әскери ерліктің, Отан үшін жанын қиған жеңімпаздардың күні. Кейінгі ұрпақ батыр бабаларының есімін ұлықтап, қастерлеген, ерлігін ту ғып көтерген мереке.

Тоқтаусыз алға жылжыған уақыт көшімен бірге қанды соғыстың қасіретті жылдары арамыздан алыстап бара жатыр. Бірақ ерліктің өшпейтіні, көнермейтіні анық. Осы мереке күні біз көзімізге жас ала отырып, азапқа төтеп беріп, шыдамдылықпен жеңіске жеткен, мойымас қажыр-қайратқа ие ардагерлерімізге шын жүректен алғыс айтамыз. Әскери еңбек, жеңіске деген жігер мен ұмтылыс үшін сіздерге мың тағзым. Сіздердің жанқиярлық ерліктеріңіз ұрпаққа үлгі. Сіздер риясыз сүйіспеншілікпен Отанға аянбай қызмет етудің үлгісісіздер.

Құрметті жерлестер! Жеңіс күні құтты болсын! Бақыт, денсаулық, отбастарыңызға амандық тілейміз. Бейбітшілік туы желбірей берсін!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК.

Уважаемые участники и ветераны Великой Отечественной войны, труженики тыла! Дорогие сатпаевцы!

Пятница, 07 Май 2021

Примите самые теплые, искренние и сердечные поздравления с 76-ой годовщиной Победы в Великой Отечественной войне!

76 лет прошло с победного сорок пятого года, но память об этом событии, ставшем символом величия подвига миллионов людей, не померкнет никогда.Все мы – нынешние поколения – с нетерпением ждем этого светлого праздника. С особым трепетом ждут его ветераны – те, чьи жизни война разделила на «до» и «после», и для кого слово «Победа» – свято.

День Победы – самый знаменательный день нашей истории, отмеченный доблестью и славой, героизмом и мужеством, день нашей гордости за ратные героические подвиги на фронтах и в тылу, за поколение победителей, ковавших победу ценой собственной жизни!

Все дальше время уносит от нас страшные годы самой тяжелой и кровопролитной войны, но Подвиг нашего народа – вне времени! В этот праздничный день «со слезами на глазах» мы имеем возможность ещё раз сказать слова сердечной благодарности всем нашим ветеранам за то, что они выстояли, выстрадали, перетерпели и победили! Низкий поклон Вам за ваш ратный труд, несокрушимую волю и стремление к Победе. Ваше самопожертвование и бесстрашие – пример для будущих поколений, образец самозабвенной любви и беззаветного служения Отечеству!

Уважаемые земляки! С праздником Великой Победы! Счастья, здоровья, благополучия и мирного неба над головой!

Аким города Сатпаев А. ИДРИСОВ.
Секретарь городского маслихата Т. ХМИЛЯРЧУК.

Құрметті жерлестер!

Пятница, 07 Май 2021

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанды қорғау – бұл елдің бейбітшілігі мен тыныштығын қорғайтын нағыз ерлердің, мықты және батыл азаматтардың, армия мен флотта ауыр қызмет өткергендердің және бүгінде сол сапта жүргендердің міндеті болып табылады. Және олар осынысымен де өзгелерден ерекше.

Біздің өмірімізде бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылық ең құнды дүние болып табылады. Сондықтан, Отан қорғаушылар күні – ерліктің, төзімнің, қадір-қасиет пен абыройдың символы болып табылатын мереке. Елге адал қызмет ететіндердің мерекесі. Күші мен білімі, жігері мен таланты арқылы олар әрдайым Отан алдындағы борышын өтеуге дайын.

Баршаңызға денсаулық, бақ-береке, бақыт, болашаққа деген сенімділік пен жарқын үміт, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық шабыт пен сарқылмас қуат тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі
А.ЫДЫРЫСОВ.
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Т.ХМИЛЯРЧУК.

Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Пятница, 07 Май 2021

Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! Биыл аталар ерлігі мен аналардың маңдай терінің арқасында келген Ұлы Жеңіске – 76 жыл.

Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек.

Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, «Отан» деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерді қорғадыңыздар. Егемен елі барда ерлер есімі ешқашан өшпейді. Жауға атой салған мыңдаған қазақ жастары сол кездің өзінде-ақ Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Солардың қатарында Ұлытау-Жезқазған жерінен шыққан жерлестеріміздің бары біз үшін мақтаныш. Отты жылдардағы жерлестеріміздің даңқты ерліктерін ұмытпай, ұлықтау – парызымыз.

Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздер жасаған ерлік ешқашан өшпейді. Ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.

Сіздерге зор денсаулық, ұрпақтарыңызға жарқын болашақ, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметпен,
Бауыржан Шыңғысов,
«NurOtan» партиясы» «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы
Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

БАТЫР АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ

Пятница, 07 Май 2021

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай қаламызда айшықты шаралар көптеп өткізілді. Соның бірі де бірегейі – №1 мектеп-гимназияда Бауыржан Момышұлы атындағы мұражайдың салтанатты ашылуы.

Батыр бабаның есімін иеленуді мақсат тұтқан аталмыш білім ошағы үстіміздегі жылы мектеп-гимназиядан орын бөліп, мұражай ашуды қолға алған еді. Осы орайда арнайы жұмыс тобы құрылып, олар Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылындағы Бауыржан Момышұлының мұражайымен байланыс орнатып, көптеген жәдігерлер алдырған.

– Бауыржан бабамыз даңқты қолбасшы, мықты стратег, танымал жазушы ғана емес, ол елінің үлкен патриоты да бола білді. Оның осы сан қырлы қасиетін кейінгі ұрпақ үлгі етуі үшін біз мектептен осындай мұражай ашып отырмыз. Мұнда келген оқушылар батыр бабамыз жайлы мол мағлұматтар алып, оның патриоттық істерін жалғастыруға құлшыныс табатын болады, – дейді мұражайды ұйымдастырушы топтың өкілі Шынболат Бөлтірік.

Мұражай шын мәнінде оқушыларға патриоттық тәрбие беретіндей жүйеде жабдықталыпты. Мұнда батырдың балалық шағы, обасы, ұрпақтары; Бауыржан Ұлы Отан соғысы жылдарында; Бауыржан Момышұлы әскери стратег; Бауыржан Момышұлы жайлы естеліктер; Бауыржан Момышұлы мәңгі есте; Балалар шығармашылығы Бауыржан Момышұлына арналады деген бөлімдерде тағылымды, тарихи жәдігерлер жинақталған. Бір ғана Бауыржан Момышұлының қолжазбалар жинағы мұражайға келушілерге үлкен әсер қалдырары анық.

Мұражайдың лентасы Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында кесілді. Салтанатқа қала әкімі Асқар Ыдырысов пен Сәтбаев қаласы қорғаныс істері басқармасының басшысы Ербол Өткелбаев және қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Сабыр Омаров бастаған бір қауым ел арнайы келіп, ақжарма тілектерін жеткізіп, мұражайдың лентасын қиды. Ондағы жәдігерлерді тамашалап, ұйымдастырушылардың әңгімесін тыңдады.

Келешекте мұражай оқушылардың зерттеу жұмыстарымен, жан-жақтан келетін жәдігерлермен толықтырылатын болады.

Ізтай Белгібайұлы.
Суреттерді түсірген автор.

Майдангерге миллион теңге

Пятница, 07 Май 2021

Ұлы Отан соғысының ардагеріне миллион теңге біржолғы сыйақы берілмек. Бұл туралы Сәтбаев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері мәлімдеді.

– Сәтбаев қаласында Ұлы Отан соғысының 1 ардагері бар. Қарт майдангерге Жеңіске қосқан үлесі үшін 1 миллион теңге көлемінде бір реттік сыйақы беріледі. Сонымен қоса, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға да бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі, – дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков. (далее…)

Ерлік өшпейді

Пятница, 07 Май 2021

Тарихыңды білмей, кемел келешекке сену мүмкін емес. Осы қағиданы ұстанған қаламыздың білім беру ошақтарында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған арнайы залдар ашылуда. Күні кеше №14 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында «Өшпес ерлік» залы салтанатты жағдайда ашылды. (далее…)

Қара өлеңнің алыбы

Пятница, 07 Май 2021

Биыл жүз жыл өмір сүріп, жүз жыл жыр­лаған, ұрпағына мәңгілік мұра қалдырған Жамбыл атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орталық кітапханада «100 жыл жырлаған жүрек» атты шара ұйымдастырылды.

Жамбыл атамыз Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойында Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында дүниеге келген екен. Заманында «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, жыр алыбы атанды. Қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата туралы өзінің үміт күткен ұрпақтары сыр шертіп, өлеңдерін дауыстап оқыды. Кітапханашы Қожан Әлия 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары жайлы ақпарат беріп, екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау жайлы бейнеролик көрсетті. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен Жамбыл Жабаевтың шығармаларына челлендж ұйымдастырылып, кітапхана оқыр­мандары мен мектеп оқушылары көркем де қуатты поэзиядан шашу шашты. Ұлы тұлғаға арналып «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап инсталляциясы құрылып, шолу жасалды.

А.Сарина,
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі.

«30 КҮНДЕ – 30 БАСПАНА»

Пятница, 07 Май 2021

Осындай ұранмен «Харекет» қайырымдылық қоры Сәтбаев қаласы бойынша 16-шы пәтердің кілтін табыстады.

Бұл жолы баспаналы болу бақыты бірінші топ мүгедегі Ақбөкен Серікке бұйырды. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жас қызға орталық көшенің бірінен 2 бөлмелі пәтер кілті табыс етілді. Ақбөкен арбаға таңылса да қарап отырмайтын адам. Осы уақытқа дейін бірнеше жұмысты қатар алып жүр. Қайырымдылық қорының белсенді еріктісі. Қасиетті Рамазан айында «Харекет» қайырымдылық қорының себепші болуымен пәтер кілтіне ие болған Ақбөкен өз кезегінде барша жомарт жандарға риясыз көңілмен алғысын білдірді.

– Арманымның жүзеге асуына үлес қосқан барша жомарт жандарға алғысым шексіз. Бірінші Алланың, содан кейін сіздердің арқаларыңызда баспаналы болдым. Көптен күткен арманым орындалды, – дейді ол.

«Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы Гүлмира Мұқанқызының бастамасымен құрылған. Қор жұмысы «1000 теңгеге – баспана!» ұранымен бастау алып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап келеді. Бүгінде республика бойынша 446 отбасын баспанамен қамтамасыз еткен. Ал, Жезқазған өңірінде 16 отбасы үйлі болып отырғанын айта кетейік. Қор өкілдері тарапынан бұл бағыттағы игі шаралар жалғаса бермек. Сондықтан, барлық қала тұрғындарын қор қоржынына 1000 теңге салып, тағы да мұқтаждардың баспаналы болуына көмек қолын созуға шақыруда. Қасиетті Рамазан айында сауапты іске бірге атсалысайық.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Татулыққа үндеді

Пятница, 07 Май 2021

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №31 «Балапан» балабақшасында «Бірлік – ұлы ұғым!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Музыка залы тақырыпқа сай безендіріліп, балақайлар арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды. Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесіне арналған «Достық» биі биленді. Одан әрі балдырғандар арасында «Кім жылдам?» атты эстафеталық жарыс өтті. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін деген ниетте әннен шашу шашылды. (далее…)