Архив за Июнь 2021

Отмечены лучшие в профессии

Пятница, 25 Июн 2021

23 июня отмечен в календаре двумя профессиональными праздниками. Один – День государственного служащего Республики Казахстан, второй – День полиции. В этот день с утра в городе прошли торжественные мероприятия с чествованием госслужащих и стражей порядка.

В малом зале заседаний акимата состоялось торжественное поздравление государственных служащих. С приветственным словом выступил аким города Аскар Идрисов, который поздравил присутствующих коллег.

– Нам доверен один из самых сложных, требующий высоких моральных и профессиональных качеств участок – работа с людьми. Мы все должны стремиться к тому, чтобы в своей работе соответствовать таким качествам, как добросовестность, дисциплинированность и ответственность, умение слышать чужое мнение, аргументированно отстаивать свою позицию.

Именно от нашей с вами деятельности в большей степени зависят социальные и экономические преобразования, которые происходят в городе. Новые объекты, многие интересные и социально значимые проекты, появившиеся за последние годы, – все это стало возможным благодаря вам, вашим стараниям создать условия для горожан, сделать среду для проживания более удобной и комфортной.

А общение с жителями города во время прямых эфиров, в чатах Teleqram, социальных сетях говорят о том, что мы стали открытыми и прозрачными.

Помните, что доверие к власти начинается с простого госслужащего, который должен играть роль посредника между ней и народом, гибко реагировать на запросы современного общества, – отметил в своем выступлении глава города и наградил группу госслужащих города Почетными грамотами и благодарностями.

С наилучшими пожеланиями в адрес награжденных и в их лице всех госслужащих выступили: ветеран государственной службы Сабыр Омар и секретарь городского маслихата Татьяна Хмилярчук. (далее…)

Құрметті байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сала ардагерлері!

Пятница, 25 Июн 2021

Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Барлық уақытта баспасөз қоғамдық және жеке пікірлердің, пайдалы және өзекті ақпараттың қайнар көзі болды және болып қала береді. Қалам иелері арқалаған жүк жеңіл емес. (далее…)

Уважаемые ветераны и работники связи и средств массовой информации!

Пятница, 25 Июн 2021

Примите искренние и сердечные поздравления с вашим профессиональным праздником!

Во все времена пресса была и остается выразителем общественных и личных мнений, источником полезной и актуальной информации.Ваша профессия никогда не станет историей.

Благодаря вашей работе и искренней самоотдаче, мы всегда в курсе всех происходящих событий, за каждым печатным материалом или телевизионным сюжетом стоят реальные люди – журналисты, редакторы, фотографы, операторы, корректоры, дизайнеры, видеомонтажеры. Ваш взнос перед обществом велик, вы создаете историю нашего горняцкого города, дарите людям новости, доводите необходимую информацию до каждого, держите нас в курсе событий. (далее…)

Жас өлкетанушылар жеңісі

Пятница, 25 Июн 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 18-22 маусым аралығында Ақтоғай ауданының Бектауата шатқалындағы маусымдық «Факел» балалар сауықтыру лагерінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті өткен болатын. Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырған шараның облыстық кезеңіне жолдама алған сәтбаевтық өрендер 1 миллион теңгені қанжығалап қайтты.

Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен слет «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Өлкеміздің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу және насихаттауды ту қылып ұстанған Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушылар командасы ерекше көзге түсті. Олар «Бард әндері» байқауы, «Жас өлкетанушы», «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлкенің тарихы», «Экологиялық соқпақ», «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету», «Туризм білімпаздары» секілді өлкетану, экологиялық және туристік блоктан тұратын презентациялық жобаларды қорғап, топографиялық карта арқылы таулы аймақтың ішінен «қазына» табу сияқты ойындарға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде жерлестеріміз жүлделі үшінші орынды иеленді. Жас өлкетанушыларды жеңісімен құттықтаймыз!

(Өз тілшіміз).

Біздің жастар білімге құштар

Пятница, 25 Июн 2021

Қала әкімдігінің мұрындық болуымен ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Дарабоз» зияткерлік ойынының жеңімпаздары анықталды. Интеллектуалды додада оза шауып бәйге алғандарды қала әкімі Асқар Ыдырысов, қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук, журналист Абдолла Дастанов марапаттады.

Былтырғы жылдан бастап аймақтық «Ақшам» телеарнасының эфирінен көрермендерге жол тартқан «Дарабоз» зияткерлік шоуы биыл да жалғасын тапты. Дүлдүлдердің додасы атанған жобаның биылғы жылғы ерекшелігі аймақтық деңгейде өтуінде болды. Жастарды жігерлендіруге бағытталған бастамаға осы жылы Сәтбаев, Жезқазған қалалары мен Ұлытау ауданының 19 бен 30 жас аралығындағы жастары қатысты. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған ойын үш кезеңнен тұрды. Ақтық мәреге жолдама алғандардың ішінен ІІІ орынға сәтбаевтық Нұрғиса Құлашова ие болса, ІІ орынды Ұлытау ауданының атынан қатысқан Еркеназ Шоқан қанжығалады. Ал, кіл мықтылардың ішінен бір мықты болып танылған Жезқазған қаласының тұрғыны Ботагөз Мұхиден «Дарабоз-2021» интеллектуалды ойынының жеңімпазы атанды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне қала әкімі Асқар Ыдырысов арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады. ІІІ орынды иеленген Нұрғиса Құлашоваға журналист Абдолла Дастанов диплом мен 100 000 теңгенің сертификатын табыс етсе, ІІ орын алған Еркеназ Шоқанға 150 000 теңгенің сертификаты мен дипломын Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Хмилярчук тапсырды. Ал, І орынға ие болған Ботакөз Мұхиден арнайы диплом мен 200 000 теңгенің сертификатын қала басшысының қолынан алды. Бұдан бөлек «Көрермен көзайымы» номинациясын Темірлан Мұханов, «Ең жылдам ойыншы» номинациясына Әлия Тиштаева, «Ең ұшқыр ойыншы» атағына Әділет Әбілжанов ие болды. Арнайы номинацияның дипломдары мен 50 000 теңгелік сертификаттарды журналист Ізтай Белгібайұлы табыс етті.

«Дарабоз» – жастардың білімге құштарлығын оятып, ізденуге жетелейтін жоба. Интеллектуалды бағдарлама аймақтық телеарна арқылы келесі жылы да көрермендерге жол тартатын болады.

(Өз тілшіміз).

Жыл соңына дейін жалғасады

Пятница, 25 Июн 2021

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрамындағы кәсіпорындар арасында дәстүрлі жаздық «Спартакиада-2021» баскетбол турнирімен ашылды.

Бұқаралық спортты дамыту, жұмысшылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен турнирге қатысушы 16 команда топтық кездесулерін бастап кетті. Турнир «Namys» спорт клубы базасында ұйымдастырылуда. (далее…)

Қала қайыра «қызыл» аймақта

Пятница, 25 Июн 2021

Әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясы әлі басылар емес. Бір көтеріліп, бір түсіп, елді әбден діңкелетті. Соңғы мәліметке қарағанда елімізде «жасылда» жүргендер «сарыдағылардың» санын толтырған сыңайлы. Дәл осындай жағдай біздің қаламызда байқалуда. Инфекция жұқтырғандардың саны күрт өсіп, қала қайыра «қызыл» аймаққа кірді. Сәтбаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзинаның айтуына қарағанда, соңғы аптада 30 адамнан коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген. (далее…)

Тазалық талап етілді

Пятница, 25 Июн 2021

Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов қаламыздағы шағын және орта бизнес өкілдерімен қалалық әкімдіктің үлкен залында жиын өткізді. Ондағы мақсат – қаламыз­дағы шағын және орта бизнес нысандарының сәулеттік келбетін жақсарту.

Іргелес аумақты тазарту және абаттандыру бойынша нормативтік талаптар туралы ақпаратпен қалалық санитарлық-­эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина таныстырды. Ол шағын және орта кәсіпкерлік ұйымдарының өкілдері территорияны таза ұстауға, тазалық жұмыстарын атқаратын мекемелердің көмегіне жүгіну арқылы тазалық нормаларын сақтауға міндетті екендігін жеткізді. Екіншіден, мемлекет меншігіндегі орындарға шығын келтірген жағдайда жауапты мекемелерге хабарлануы керектігін және халықты ақпараттандыратын тақтайшаларды техникалық жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік ұйымдары ғимараттарының қоршауларын жаңартып отыру, яғни, тұрақты түрде әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізу керектігін де айта кетті.

– Біз осы уақытқа дейін де бұл тақырыпқа қатысты жиындар өткізген болатынбыз. Өндірістік ірі кәсіпорындармен, жанармай бекеттерінің, көлік жөндеу орындарының өкілдерімен кездесулер өтті. Ал, бүгін сауда нүктелерінің кәсіпкерлерімен дидарласып отырмыз. Әр кәсіпкер жұмысын сауда орнының айналасын таза ұстаудан бастаса деймін. Гаухар Шәріпқызы айтқандай, тазалық сөреден басталуы керек. Және де жарнамалық тақтайшалар да сауатты, анық, міндетті түрде қос тілде жазылуы керек, – деген қала басшысы А.Ыдырысов осындай түйін жасады. Іс-шара соңында қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында екі жақты меморандумға қол қойылды.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Қос мәселе көтерілді

Пятница, 25 Июн 2021

Өткен аптада әкімдіктің кіші залында қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысы.

Кеңестің төртінші отырысын төраға Марал Мәдиева ашып, жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды. Кездесуде инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар және 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тақырыбы сөз болды. Көтерілген қос мәселенің біріншісі бойынша Сәтбаев қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы сөз сөйледі.

Зәуреш Таянованың сөзінше, қазіргі күні Сәтбаев қаласы бойынша азық-түлік тауарларына тұтыну бағаларының индексі 43 атау бойынша зерттелуде. 2021 жылғы мамыр айында сәуірмен салыстырғанда 43 атаудың 11 позициясы бойынша бағалардың өсімі тіркелген, оның ішінде 6 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын айта кетсек, жілікті сиыр еті – 2,1%, сұйық май – 1,8%, орамжапырақ – 12,5%, пияз – 13,8%, сәбіз – 16,9%, ұсақ қант – 0,3%, қызылша – 21,7%, қой еті – 0,9%, алма – 10,9%, сары өрік – 0,9%, майонез 10,5%-ға қымбаттаған. Ал, 1-санатты жұмыртқа – 4,4%, картоп – 3.2%, шикі сүт – 6,7%, қияр – 34,8%, қызанақ 33,4%-ға арзандаған.

Сәтбаев қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Зәуреш Таянова қаламыздағы бағаның күрт өсуін азық-түлік өндірісінің жеткіліксіз көлемімен байланыстырады. Тауарлардың басым бөлігі республиканың басқа облыстарынан жеткізілетінімен, тиісінше, олардың бағасы отын құнының өсуіне және өнім түсетін аймақтардағы коммуналдық қызметтердің тарифтеріне байланысты қалыптасатынын айтты.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Есірткі саудасын екпіндетпейік

Пятница, 25 Июн 2021

Есірткіге қарсы акция аясында «Біз – есірткісіз болашақты таңдаймыз» атты арнайы фотокөрме өтті. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. (далее…)