Архив за 02 Июл 2021

Құрметті сәтбаевтықтар! Құрметті жерлестер!

Пятница, 02 Июл 2021

Нұр-Сұлтан қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жай ғана мемлекеттік және жалпыұлттық мереке емес, бұл Қазақстанның әрбір азаматы үшін салтанатты оқиға, еліміз үшін қуаныш пен мақтаныштың ерекше себебі.

Мемлекетіміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы – біздің ұмтылыстарымыз бен құндылықтарымыздың көрінісі. Республиканың тәуелсіздігі мен әл-ауқатының символы, халқымыздың тұрақтылығының, өркендеуі мен жан-жақты дамуының, рухани өрлеуінің бейнесі. Біздің елордамыздың көз алдымызда қалай өзгергені, технологиялық тұрғыдан жаңа қалаға айналғаны Қазақстанның қаншалықты жылдам дамып келе жатқанын айғақтайды. Астанамыз барша қазақстандықтардың мақтанышы болғаны сөзсіз. Ширек ғасырда экономикалық және мәдени өмірдің орталығы болып, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ұмтылатын ірі халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналды. Мұнда Шығыс пен Батыстың мәдениеті мен салт-дәстүрлері шебер байланысып, көп ұлтты Қазақстан тұрғындары ымыра-бірлікте өмір кешуде.

Еліміздің бас қаласы ашық аспан астында, жақсылықта гүлдене берсін! Қымбатты отандастар, астана күні құтты болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А.Ыдырысов
Қалалық мәслихат хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

Пятница, 02 Июл 2021

Примите самые искренние и сердечные поздравления с Днем столицы!

Это не просто государственный и общенациональный праздник, это торжественное событие для каждого гражданина Казахстана, особый повод для радости и гордости за свою страну.

Столица государства – город Нур-Султан – отражение наших устремлений и ценностей, символ Независимости и благополучия республики, олицетворение стабильности, процветания и всестороннего прогресса возрождения, духовного подъема нашего народа. То, как на глазах меняется наша столица, каким технологически новым городом становится, свидетельствует о том, как быстро развивается Казахстан.

Несомненно, столица стала предметом гордости всех казахстанцев.За четверть века некогда провинциальный город превратился в центр экономической и культурной жизни, стал местом проведения крупных международных мероприятий, куда стремятся туристы со всего мира.Здесь умело переплетаются вековые традиции Востока и Запада, соединяются богатства культур и обычаев жителей многонационального Казахстана.

От всей души желаем мира, добра, благополучия и процветания главному городу страны!С праздником, дорогие соотечественники, с Днем столицы!

Аким города Сатпаев А.ИДРИСОВ
Секретарь городского маслихата Т.ХМИЛЯРЧУК

Пусть всегда будет много хороших новостей

Пятница, 02 Июл 2021

Мастеров пера и микрофона нашего города с их профессиональным праздником поздравили в понедельник, 28 июня в большом зале акимата.

Обращаясь к участникам встречи с поздравительной речью, аким города Аскар Идрисов отметил важную роль средств массовой информации в реализации информационной политики страны.

– Представители СМИ –это представители общественности, которые несут большую ответственность. Журналистика –это важнейшая сфера, формирующая общественное мнение.Вы расширяете кругозор своих читателей, даёте возможность мыслить и рассуждать.

Нынешнее поколение журналистов Сатпаева достойно продолжает традиции, заложенные их талантливыми предшественниками, оставаясь«летописцами и зеркалом» истории горняцкого города, а также хранителями журналистских традиций.

Глава города отметил, что сила журналистики в том, чтобы, «конструируя» атмосферу добра и созидания, создать повестку дня, которую, прочитав или увидев, будут обсуждать тысячи и десятки тысяч людей. Для этого, безусловно, журналистам каждый день нужно читать то, что больше никто не читает, думать наперёд о том, о чём никто не думает. (далее…)

Телеарна қызметкерлері құрметтелді

Пятница, 02 Июл 2021

28 маусымда аймақтық «AQSHAM» телеарнасы үшін қос мереке аталынып өтеді. Бірі – байланыс және ақпарат қызметкерлері күні болса, екіншісі – 2018 жылы дәл осы күні жаңашыл жастардан құралған телеарна өз жұмысын бастаған болатын.

Үш жылдық мерейтоймен бірге атаулы күнде аталмыш ұжымның кәсіби журналистері марапатталды. Микрофон мен камера объективін басты қару еткен телеарна қызметкерлерін ынтымақтастық орнатқан ұйым өкілдері құттықтап, арнайы Алғыс хаттарын табыстады. Мерекелік жиынның ұйымдастырылуына ұйытқы болған меценаттар клубының төрайымы Меруерт Бақбергенова.

Билік пен халық арасындағы алтын көпірдің ақпарат айдынына жол тартқан күнінен бастап бір елі ажырамаған, идея авторы, телеарна директоры Ғалымжан Нұрпейісовтің қаламызда атқарылып жатқан жарқын істерді насихаттау жолында сіңірген еңбегін ескеріп «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» ҚБ және қалалық полиция бөлімі ерекше алғысын жеткізді.

Қазіргі уақытта телеарна ұжымында төл туындылардың республика көлемінде жарық көруіне үлес қосып жүрген қыз-жігіттердің барлығы марапаттау барысында ескерусіз қалмады.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Ұлттық құндылықтар – руханият тірегі

Пятница, 02 Июл 2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қаламызда «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті-2021» облыстық этно-фестивалі өтті. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, насихаттау мақсатында ұйымдас­тырылған мерекелік іс-шараға келген қонақтар қарасы мол болды.

Алыстан ат арылтып жеткен қонақтарды қарсы алу үшін бекітілген орынды достығы мен ынтымағы жарасқан мекеннің нышаны ретінде «Досхана» ауылы деп атады.

«Досхана» ауылына кіреберіс қақпада бізді қазақтың батырлары қарсы алып, қонақжайлықтың белгісіндей болған ауыл тұрғындары қол алып амандасты. Табалдырық аттаған меймандарға ақ жаулықты аналарымыздан құралған «Ақ әжелер» ансамблі «Жолаушы» әнін орындап, ұлттық дәстүрден жаңылмай шашу шашты. Ары қарай іс-шара жүргізушісі келген қонақтарды есіктің ауызында ұзақ ұстамай төрге қарай жол сілтеуді жөн санады.

Есіктен енгеннен ерекше көңіл-күйге бөленген қонақтардың назары қолөнер шеберлерінің көрмесіне ауды. «Досхана» ауылының домбыра жасау шеберханасында «Домбыра және ұлттық аспаптар дайындау шеберлігі» үйірмесінің жетекшісі Әбілқасым Байбұланов ұлттық аспаптың жасалу жолы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Қазақтың дәстүрін насихаттауда аянбай жүрген өнерпаздар мен шеберлердің өнерінен кейін меймандар сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдардың көрмесіне қарай бет алды. Аталмыш көрмені Ш.Ділдебаев атындағы көрме залының әкімшісі Гүлсара Жиеналиева таныстырды. Текті жалғастырушы аналарымыздың қолынан шыққан сәндік кестелер, иірілген жіптер, тоқыма бұйымдар көпшіліктің таңдайын қақтырмай қоймады. (далее…)

Тәуелсіздік символы

Пятница, 02 Июл 2021

Алаш елінің астанасы, Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары, жалпыұлттық идеяның басты нышаны, еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы аз жазылып жүрген жоқ. Ерке Есілдің бойындағы әдемі шаһармен қалай мақтансақ та жарасады. Ең бастысы Елорда ел Тәуелсіздігінің символы.

Тұңғыш Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Елдің жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы – астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді. (далее…)

«Алтын сұңқар» – Ахатта

Пятница, 02 Июл 2021

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Қарағандыда облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Осы салтанатты шарада әріптесіміз, «Ұлытау» газетінің бас редакторы Ахат Құрмансейітов лауреат атанды. (далее…)

Ұлттық қазынаны ұлықтайық

Пятница, 02 Июл 2021

Мұзбалақ ақын Мұқағали торыққан сәтінде «Дариға домбырамды берші маған» деп, наласын қоңыр домбыраның қоңыр үнімен шығарғысы келсе, Қадыр ақын «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп қазақ пен домбыраның егіз екенін елге жария етеді…

Иә, домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым ғой! Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде алыстап бара жатқандай еді. Телеарналардан домбыраның дауысын есту мұңға айналғаны былай тұрсын (оның орнын салмақсыз бағдарламалардың жаулап алғаны шындық), шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, тілашар, беташарлармыз даңғырлаған эстарада әуеніне байланбады ма? Домбырамен әуелете шырқалып, тиесілі сыйлық иесін табатын «Тойбастар» дәстүрінің түр-сипаты мүлде өзгергеніне бәріміз куәміз. Құрметті қонақ келгенде «ауылдың алты ауызы» айтылып, «қонақкәдемен» жалғаса әнмен өрілетін отырыстар көзден бұл-бұл ұшқалы қашан?! (далее…)

Балалар қауіпсіздігін қалай сақтаймыз?

Пятница, 02 Июл 2021

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Онлайн шара барысында білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.

Облыс басшысы жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйелерін заманауи бейнебақылау стандартына келтіруді тапсырды. Қазіргі уақытта облыстық білім беру ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда. Басты қажеттілік саналатын турникеттер мен дабыл түймелерін орнатуға бюджеттен қаражат бөлінген. Сондай ақ, мектептерде осы бағытта жаттықтырушы мамандар қызметке алынады. Облыстық білім басқармасының басшысы Г.Қожахметова барлық білім ошақтарында 19 829 бейнебақылау камерасы орнатылғандығын айтты. Алайда, оның 30 пайызында қашықтықтан бақылау мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұл мәселені шешу үшін алдағы жылы камера санын көбейтуді жаңартуды қамтитын қызмет көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырғандығын, жүйе облыстық білім басқармасында орталықтандырылатындығын жеткізді. Аталған жобамен 436 ЖББ мектептер мен облыстағы 35 колледж қамтылмақ. Бұл үшін 1.4 миллиард теңге қажет болатындығын да жасырмады. Бұдан бөлек, осы бағытта осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға есеп берілді. Мәселен, қазіргі уақыттың өзінде техникалық мүмкіндігі мол 236 білім ошағында дабыл батырмалары бар. Аталған Жол картасын нақтылау, 197 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 519 миллион теңге бөлінген, ал, қыркүйек айына дейін 321 білім ошағын дабыл батырмаларымен, 158 мектепті арнайы күзет қызметімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Ойын алаңдары ойландыруда

Пятница, 02 Июл 2021

Қалалық мәслихат депутаттары кезекті рейдке шықты. Күн тәртібі бойынша ойын алаңдарына тексеріс жүргізді.

Балаларға арналған ойын алаңдарының салынуы, сапасы мен қауіпсіздігі қашан да өзекті мәселелердің санатынан түскен емес. Қалалық мәслихат депутаттары жаңадан салынған алаңқайлар мен бой көтеруді қажет ететін орындардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, ата-аналармен тілдесіп, пікірін тыңдады. Тұрғындардың айтуынша, ойын алаңдарының жай-күйіне ата-аналар да жауапты. Депутаттармен дидарласу барысында тұрғындар қажетті заттарға күтіммен қарау жайында әр отбасында насихат айтылса деген тілегін жеткізді.

Тексеру барысында он жылдан артық жөндеу көрмеген ойын алаңдарының бар екендігі анықталды. Орнатылғанына бір жыл ғана болған орындардың сапасы сын көтермей тұрғаны байқалды.

Жаз мезгілінде бүлдіршіндер бар уақытын ойын алаңында өткізетіні белгілі. Осы орайда халық қалаулылары тұрғындардан ойын алаңдарындағы тазалыққа назар салуын, ұқыпты ұстауын қадағалауға үндеу жасады.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.