Архив за 09 Июл 2021

Ұлттың үнін жеткізген

Пятница, 09 Июл 2021

Абай аллеясында ұлттың үнін жеткізген ұлттық аспабымыз қасиетті домбыра ұлықталды. Ұлттық домбыра күнінің құрметіне орай өткізілген іс-шараға Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов арнайы қатысты.

Мерекелік жиынның ашылу салтанатында алғашқы сөзді қала әкімі Асқар Абылайұлы алып, сәтбаевтықтарды маңызы зор мейраммен құттықтады. Сондай-ақ, өз сөзінде іс-шараның Абай аллеясында өткізілуінің маңызы зор екендігін жеткізіп, қала өнерпаздарымен бірге Дәулеткерейдің күйі «Көроғлыны» орындап, ұлттық өнерді паш етті. Қазақ халқының қазынасы домбыра ұлықталған күнде айтыскер ақын Ботакөз Мұхиден жырдан шашу шашты. Мұнан соң, сәтбаевтық қолөнершілер жасаған ұлттық аспаптар көрмесі жиналған қауымды тәнті етті.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Өңірді дамытуға арналған жобалар басты назарда

Пятница, 09 Июл 2021

Өткен аптаның аяғында қаламызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы қала әкімі А.Ыдырысовтың қабылдауында болып, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесті.

Кездесу барысында Берік Әбдіғалиұлы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жиналған қауымға бүгінгі қоғамда туындап жатқан түйіткілді мәселелерді айта кетіп, оның қандай шешімдері бар екеніндігінен толық ақпарат берді. Мәжілісмен еліміздің заң шығарушы органында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Талқыланып, қабылданған шешімдер жайлы кеңінен айтып берді. Өз кезегінде сұрақ қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салған ел ағалары қаламызды дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, проблемалық мәселелерді ортаға салды. Қазіргі кезде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп жатқан «Жастар» стадионына атбасын бұрған депутат көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақыр­ды. Депутатты құрылыс жұмыстарымен таныстырған қала басшысы бүгінгі тыныс-тіршілігінен толық хабар берді. Халық қалаулысы өңірді дамытуға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысы әрдайым назарда екендігін атап айтты.

Өз тілшіміз.

Карантиндік шаралар күшейтілді

Пятница, 09 Июл 2021

1 шілдеден бастап Қарағанды облысында өңірдегі бас санитарлық дәрігер Ю.Залыгиннің қаулысы негізінде карантиндік шаралар күшейтілді. Осыған орай қаламыздағы «Ақшам» телеарнасының баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу тақырыбында отырыс өтті.

Қала әкімі Асқар Ыдырысов пен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина халыққа үндеу жасап, осындай қиын-қыстау уақытта халықтың жаппай саулығы үшін қойылған талаптарға түсіністікпен қарап, санитарлық нормаларды қатаң қадағалауды сұрады. Сондай-ақ, Г.Жалмурзина елдегі эпидахуалды тұрақты ұстаудың жалғыз жолы вакцина қабылдау екенін жеткізді. Халықты екпеге шақыруға байланысты ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері вакцинаның бірінші компонентін, ал, 15 тамызға дейінгі мерзімде екінші компонентті жүргізуді ұйымдастыруы қажет. Вакциналанбаған қызметкерлер үшін соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдерді күніне бір рет көрсетіп отыру қажеттігін айтты. Қала басшысы аталған ережелердің жалпыға ортақ қаулы негізінде қойылғанын, орындалмаған жағдайда жұмысқа жіберуге шектеу қойылатынын атап өтті.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Бей-жай қалмады

Пятница, 09 Июл 2021

Ұлытау ауданындағы елдімекендерді шарпыған тілсіз жаудың салдарынан бірнеше отбасы зардап шеккені белгілі. Жерлестеріміздің басына қиындық түскен сәтте қол ұшын созудан сәтбаевтықтар тысқары қала алмады.

Қала әкімдігі, меценаттар клубының мүшелері, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің «JastarBolashaq» Жастар одағы, «Нұртай» азық-түлік дүкені бұл жолы да қарап қалған жоқ. Асарлату жұмысына еріктілер де атсалысты. Қайырымды жандар «Достық» үйінің алдында жиналып, азық-түліктер мен қажетті құрал-саймандарды арнайы көлікке тиеді.

Айта кетер болсақ, табиғи апатпен күресу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда 24 өрт ошағы бақылауға алынған және қажетті күш жеткілікті. Өртті сөндіру жұмыстарына мыңға жуық адам мен 184 техника жұмылдырылған.

Еркеназ ШОҚАН.

Ұлттық аспап қастерленді

Пятница, 09 Июл 2021

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясы төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 12 маусымында «Ұлттық домбыра» күнін атап өту туралы Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Осылайша, 1 шілде – «Ұлттық домбыра» күні болып белгіленді.

Атаулы күн қарсаңында қаламыздағы Ш.Ділдебаев атындағы мұражайда «Қасиетті домбыра» атты дөңгелек үстел өтті. «Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві» КММ-і ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабын қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.

Іс-шараға аймағымызға танымал күйші Б.Сағидуллаев пен оның шәкірттері қатысты. Балтабай Кеңесұлынан домбыра үйірмесінде тәлім алатын оқушылар қоңыр үннің үлгісіндей болған қазақтың ұлттық күйлерін орындады. Сондай-ақ, қонақтар мен ұйымдастырушылар арасында домбыра жайында қызықты сұрақтар арқау болған жайдарлы әңгімелесу өтті.

Еркеназ ШОҚАН.
Суреттер автордікі.

Пусть в доме царят мир и благополучие

Пятница, 09 Июл 2021

Вручение ключей от квартир – один из самых приятных и волнительных поводов для тех, кто состоит в очереди на получение жилья из государственного жилищного фонда.

В преддверии Дня столицы аким города Аскар Идрисов в торжественной обстановке вручил заветные ключи от долгожданных квадратных метров 12-ти новосёлам, которые накануне одного из значимых государственных праздников обрели крышу над головой. Церемония прошла в большом зале заседаний акимата с соблюдением необходимых ограничительных мер. Виновники торжества из категорий многодетная семья, неполная семья, дети-сироты, работник бюджетной сферы, граждане, единственное жильё которых признано аварийным, выходили в центр зала, со словами благодарности за проявленную заботу.

Пусть в доме счастливых новоселов царят мир и благополучие! Пусть в их жизни таких радостных дней, как сегодняшний, будет много!

Айгуль Тутеева.
Фото автора.

Озаттар марапатталды

Пятница, 09 Июл 2021

Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай «Жыланды» кенішіндегі өндірісшілер үшін «Enbek» кәсіподағы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жастар ұйымы салтанатты шара ұйымдастырды.

Қауіпсіздік техникасын жоғары деңгейде сақтаған, жұмысына адалдық танытып, жауапкершілікпен қызмет етіп келе жатқан бір топ үздіктер марапатталды. «Enbek» кәсіподағы мен басшылық тарапынан Алғыс хат пен бағалы сыйлыққа ие болғандар қатарын бірінші жартыжылдақта оң нәтиже көрсеткен озаттар қатары толықтырды. Кәсіподақ төрайымы Зәуреш Исмагулова кеншілер еңбегін еліміздің өркендеуі жолына қосылып жатқан зор үлес деп бағалады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Тартысты ойын өрнегін көрсетті

Пятница, 09 Июл 2021

Сәтбаев, Жезқазған қаласы жастарының бастамасымен салауатты өмір салтын сақтау, насихаттау мақсатында «Харекет» қайырымдылық қоры футбол ойынынан турнир өткізді.

Ойынды ұйымдастыруда сауапты істердің ұдайы басы-қасында жүретін қордың еріктілері белсенділік танытты. Турнирге үш команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде ІІІ орын «Жеңіс» тобына бұйырса, ІІ орынды «Табыс» командасы иеленді, ал, ала допты айналдыруда шеберлік танытқан «Харекет» командасы І орынды қанжығалады. Бұдан бөлек қордың арнайы Алғыс хатымен төреші Самат Саринов марапатталды.
Айта кету керек, «Харекет» қайырымдылық қоры ұйымдастырған турнир барысында арнайы жәшік қойылды. Сауап жасаудан қалыс қалмайтын қайырымды азаматтар қаржылай садақа да берді.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Вовремя принять меры

Пятница, 09 Июл 2021

Под председательством акима города Аскара Идрисова в малом зале состоялось очередное заседание городской Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений. Согласно повестке дня были рассмотрены 3 вопроса.

С информацией по профилактике правонарушений и преступлений среди несовершеннолетних выступил начальник местной полицейской службы ОП города Сабыржан Сейтжанов. В своём выступлении он подчеркнул, что профилактика правонарушений и преступлений в подростковой среде одно из приоритетных направлений деятельности местной полицейской службы. Как показывает практика своевременно замеченное отклонение в поведении несовершеннолетних и принятие должных мер, играет роль в предотвращении преступлений.

Также по данному вопросу члены комиссии заслушали выступление секретаря комиссии по делам несовершеннолетних Перизат Кадыровой. (далее…)

Под постоянный контроль и личную ответственность

Пятница, 09 Июл 2021

Во время очередного рабочего объезда по городу аким города Аскар Идрисов проинспектировал подвалы многоквартирных домов по адресам: улица Ердена 183 и 197. Как отметил глава города, такие объезды крайне важны, ведь в ходе выездов на объекты можно оперативнее регулировать возникающие вопросы – и это основная цель подобных мероприятий.

КСК «Жаксылык» обслуживает 5 домов и 183-ий дом по словам начальника КСК Жанат Татиевой является проблемным. Жители дома ранее жаловались на состояние внутридомовой системы канализации. При обходе заметили, что подвал приведён в порядок, конечно, не идеальный, но проведены работы по приведению в соответствие труб канализации и водоснабжения, нет захламлённости и грязи. У жильцов дома к коммунальной службе есть вопросы и к содержанию территории: вовремя не убираются подъезды, редко подметается двор. Об этом сказали акиму сами жители, собравшись перед первым подъездом дома. (далее…)