Архив за Сентябрь 2021

Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының

Понедельник, 27 Сен 2021

Емельянов Виктор Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының финалында Қарағанды облысының намысын қорғайды.

Ең ауқымды шығармашылық жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры, Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен өткізіледіЕмельянов Виктор Константинович 2009 жылы 10 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен бастап ән айтқанды ұнатады және музыкант болуды армандайды. Қарағанды қ. БММ КММ дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектебінде фортепиано сыныбы бойынша және Қарағанды қ. БММ-1 Хор бөлімінде оқиды. Вокалмен 8 жасынан айналыса бастады. Виктор әртүрлі халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың лауреаты, бірнеше рет жүлделі орындардың иегері болып табылады. Осы көктемде республикалық «Жұлдыздар Шеруі» байқауында, вокалдық-хор пәндері бойынша облыстық олимпиадада, қалалық «Көктем сыңғыры» байқауында, мектептегі «Шуақты көктем» байқауында академиялық вокал бойынша тағы төрт Гран-при жеңіп алды. 2020 жылдың күзінде әнші Диана Гурцкая Мәскеуге «ақ қамыс» фестиваліне қатысуға шақырды.

Өте көпшіл және қызығушылық танытатын бала музыкадан басқа жүзумен айналысады. Бос уақытында велосипедпен жүруді және дизайнерлерді жинауды ұнатады. Ол әртүрлі музыкалық техникаға қызығушылық танытады және микшерлік пульттерді басқарудың кәсіби шеберлігін меңгеруді жоспарлап отыр.

Викторға рэп ұнамайды, саксофон мен скрипкада ойнауды үйренгісі келеді, виолончельдің дыбысын жақсы көреді. Жас дарын өзінің алғашқы жеке қойылымын және рождестволық қызметте ересек хорға қалай ән салғанын қуанышпен еске алады. «Ералаш» пен «электрониканың шытырман оқиғаларын» көргенді ұнатады, өзінің вокалдық тобын құруды армандайды. Виктор «Бала дауысы» жобасынан барлық достарымен үлкен сахнада ән айтқысы келеді. Ол ұлы композитор Моцарттың №40 симфониясын жасаған кезде кім немесе не шабыттандырғаны өте қызықты. Виктор кез-келген музыкантқа басқалардың қателіктерін қайталамау және олардың талантын жүзеге асыру үшін білім қажет, тек білім адамды ақылды етеді деп санайды. Дарынды музыкант ақ фортепиано мен Парижде өнер көрсетуді армандайды.

Виктордай жас жұлдызға қолдау көрсетіңіз! 16 және 17 қазан күндері КТК арнасында «Бала дауысы» 5 жылдығына арналған Гала-концертті қараңыз.

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы».

Понедельник, 27 Сен 2021

Емельянов Виктор будет защищать честь Карагандинской области на финале Национального детского песенного конкурса «Бала дауысы».

Одно из самых масштабных творческих состязаний проводится Фондом Алии Назарбаевой «Жандану әлемі», Министерством культуры и спорта при поддержке Фонда Нурсултана Назарбаева.

Емельянов Виктор Константинович родился 10 июня 2009 года в городе Караганда. С самого маленького возраста любит петь и мечтает стать музыкантом. Учится в специализированной музыкальной школе для одаренных детей КГУ ДМШИ г. Караганды по классу фортепиано и в ДМШ-1 г. Караганды на хоровом отделении. Вокалом начал заниматься в 8 лет. Виктор является лауреатом различных международных, республиканских, областных конкурсов, неоднократным обладателем призовых мест. Этой весной завоевал ещё четыре Гран-при по академическому вокалу в республиканском конкурсе «Жұлдыздар Шеруі», областной олимпиаде по вокально-хоровым дисциплинам, городском конкурсе «Көктем сыңгыры», школьном конкурсе «Шуақты көктем». Осенью 2020 года был приглашён певицей Дианой Гурцкой в Москву для участия в фестивале «Белая трость». В нынешнем году Виктор приглашён на юбилейный конкурс «Истоки» (г. Москва).

Очень общительный и любознательный ребёнок кроме музыки занимается плаванием. В свободное время любит кататься на велосипеде и собирать конструкторы. Интересуется различной музыкальной техникой и планирует овладеть профессиональным умением управлять микшерными пультами.

Виктор хочет научиться играть на саксофоне и скрипке, любит звук виолончели. Юное дарование с волнением вспоминает свое первое сольное выступление и как он солировал взрослому хору на Рождественской службе. Любит смотреть «Ералаш» и «Приключения Электроника», мечтает создать свою вокальную группу. Виктор хотел бы спеть на большой сцене со всеми своими друзьями с проекта «Бала дауысы». Ему очень интересно кем или чем был вдохновлен великий композитор Моцарт, когда создал симфонию №40. Виктор считает, что любому музыканту обязательно нужно образование, чтобы не повторять чужие ошибки и уметь реализовать свой талант, и только знания делают человека умным. Талантливый музыкант мечтает о белом рояле и выступлении в Париже.

Голосуйте за любознательного и обворожительного Виктора! Смотрите 16 и 17 октября Гала-концерт, посвященный 5-летию «Бала дауысы» на канале КТК.

Жұмысшыларды түлеткен орда

Пятница, 24 Сен 2021

Қаламыздағы индустриалдық колледжді осылай деп дәріптесек артық айтқандық болмас. Өйткені, осы оқу ордасы елімізге қажетті мамандық иелерін оқытып, түлетіп отыр.

Бүгінде еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Осыған орай елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр. Осындай мамандарды даярлап отырған білім ордаларының бірі – Сәтбаев қалалық индустриалдық қолледжі.

– Біздің колледж кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны екенін мақтан етеміз. Өйткені, азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру – үлкен жауапты міндет. Біз осы үрдістен көрініп келеміз, – дейді аталмыш колледждің директоры Жұлдыз Шырдаева.

Шын мәнінде де, Сәтбаев индустриалдық колледжі тарихы терең, болашағы зор, қалыптасқан дәстүрі, шығармашыл ұжымы бар, Қазақстанның еңбек нарығына білікті жұмысшы-мамандар даярлайтын алдыңғы қатардағы даму үстіндегі аймақтағы танымал оқу орны. Білім ордасы білім берудің қазіргі тенденциялары мен дәстүрлерін негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті және кәсіби, шығармашылық әлеуеті жоғары нағыз мамандарды дайындайды. Қазіргі уақытта колледж еңбек нарығында сұранысқа ие бес кәсіп бойынша мамандар даярлайды. Атап айтқанда, аспаз, құрылысшы, газбен және электрмен дәнекерлеуші, токарь және автокөлік жөндейтін шеберлер осы колледжден түлеп ұшып жатыр. Соңғы мамандық иелері нарық сұранысынан туындаған кәсіп иелері. Бүгінде елде көлік құралдары көп, ал оларға техникалық қызмет көрсететін мамандар тапшы. Осы мамандық бойынша оқу бітірген түлектерге сұраныс көп. (далее…)

Абыройымызды асқақтатты

Пятница, 24 Сен 2021

Соңғы бірер жылдан бері қаламыздың сахнасына сән беріп, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырып жүрген өнер ұжымдарының бірі – «Кеншілер сазы» фольклорлық ұлт-аспаптар ансамблі. Құрылғаннан бері аталмыш ұжым өнер айдынында өзіндік орнын алып, тыңдармандарын қалыптастырып үлгерді. Ақмола облысында өткен «Көнеден жеткен күмбір» фольклорлық фестивалінде жерлестеріміз абыройымызды асқақтатты. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың туғанына 150 жыл толуына арналған шараға «Кеншілер сазы» ансамблі де қатысты.

Бурабай курорты бірнеше күн бойы төл өнердің орталығына айналып, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының басын қосты. Республикалық деңгейдегі фестивальде «Кеншілер сазы» ансамблі ерекше көзге түсті. Өнер додасының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Одан бөлек Бурабайдың әсем жерлеріне саяхаттаған өнерпаздар қызықты кездесулер өткізіп, семинар-тренингтерге де қатысқан. Халқымыздың бай мұрасын паш еткен жерлестеріміз Байғара Сәдуақасовтың жетекшілігімен Нұрлан Керімбековтің «Сәтбаев вальсі» әнін, Ермұрат Үсеновтің «Ерден толғауын» тамаша орындады. Жағымды эмоцияға қоса дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болған дарын иелері алған әсерімен бөлісіп, игі іске мұрындық болған қала басшысы Асқар Ыдырысовқа, Ш.Ділдебаев атындағы мәдени-шығармашылық орталығының басшысы Индира Бақытқызына алғыс білдірді. (далее…)

Сәтбаев сары аймақта

Пятница, 24 Сен 2021

Соңғы апталардағы көрсеткішке қарағанда тәжтажалдың ауқымы тарыла бастаған сыңайлы. Елдің көптеген өңірлері қызыл аймақтан шыға бастады. Соның бірі – Сәтбаев қаласы. Бүгінде қала сары аймақта. Егер тұрғындар сақтық шараларын тиянақты орындап, екпе алуда ұйымшылдықты арттырса – жасыл аймақ та қол созым жерде.

Солай екен деп арқаны кеңге салуға болмайды. Шектеу талаптары, санитарлық тазалық шаралары әлі күшін жойған жоқ. Әсіресе әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, бетперде киіп жүру өте маңызды. Ең маңыздысы – иммундық қалқанымызды қалыптастыру. Ол үшін екпе алуда керітартпалықтан арылуымыз қажет. (далее…)

Бес жаңа бастама – бес жаңа бағыт

Пятница, 24 Сен 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.

Президент өз сөзінде пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын айқындап берді.

– Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. (далее…)

Елді сүюдің ерен үлгісі

Пятница, 24 Сен 2021

Арқалы ақын, танымал қаламгер Қуаныш Ахметов арамызда жүрсе бүгінде 75 жасын тойлап жатқан болар едік. Ырғыз бойында туып, ширек ғасыр кенді өлкемізде тер төккен дарынды азамат Ұлытаудың тарихын зерттеп, даңқын аспанға көтерді. Ұлытаудың танымал ірі тұлғаларын архив деректерімен қайта толықтырып, жалпақ жұртқа паш етті. «Ұлы даланың Ұлытауы» атты тарихи қос томдық аса құнды шығарма міне осының айғағы.

Қаламгер ағамыздың 75 жылдығына орай есімін еске алу мақсатында жақында Жезқазған тарихи-археологиялық өлкетану мұражайының көрме залында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шара ұйымдастырылып, ашылу салтанаты өтті. Көрменің ашылуына Қуаныш Ахметов ағамызбен бір шахтада еңбек еткен ардагер-кеншілер, көзін көрген қаламдас достары, қала әкімшілігі мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. (далее…)

Түнгі қаладағы балалар

Пятница, 24 Сен 2021

Қаламызда «Түнгі қаладағы балалар» атты облыстық акция өтті. Нәтижесінде көшеде бейуақытта жүрген, кәмелет жасына жетпеген, мектеп жасындағы балалар анықталды.

Саябақтар, үйлердің аулалары мен компьютерлік клубтар сынды ойын орындары кешқұрым ювеналды полиция қызметкерлерінің басты назарында. Сақшылар аталған орындарды түнгі сағат 22:00-ден кейін аралап, бейуақытта жүрген балалардың жолын кеседі. Іс-шара аясында мейрамханалар, кафелер, дүкендер, компьютерлік клубтар сияқты жабық орындар мен көшелер, үйлердің аулалары, саябақтар жіті тексерілді. Акция барысында жасөспірімдер мен мектеп жасындағы балалардың қала көшелерінде бейсауат жүргенін анықталып, 8 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ата-аналарына ескерту жасалды. Ювеналды полиция бөлімі қала тұрғындарынан мектеп жасындағы, кәмелетке толмаған балаларының түнгі сағат 22:00-ден кейін жабық орындарда, аулалар мен көшелерде 23:00-ден кейін қараусыз жүруіне жол бермеуін сұрайды.

Еркеназ ШОҚАН.

Санақ персоналы оқытылды

Пятница, 24 Сен 2021

Статистика департаменті 7-10 қыркүйек аралығында халық санағы үшін аумақтық статистика басқармаларының қызметкерлерін, нұсқаушыларды оқытты.

Статистика департаментінің басшысы Ж.Садыкова семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Оқуды әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы Н.Дасаева және ұлттық халық санағына дайындық және өткізу бөлімінің басшысы Б.Сыздықова жүргізді. Оқу кезінде қажетті карантиндік шаралар сақталды. Теориялық курстан басқа компьютерлер мен планшеттік құрылғыларды қолдана отырып практикалық жаттығулар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін ел тұрғындары онлайн режимінде sanaq.gov.kz сайтында санаққа қатыса алады. Үй-үйді аралау 1-30 қазан аралығында басталады. Мемлекеттік статистика органдары нұсқаушы-бақылаушыларды және интервьюерлерді іріктеуге кірісті.

Ұлттық статиститка бюросы.

Әр адамның қатысуы – маңызды

Пятница, 24 Сен 2021

1 қыркүйкте ұлттық санақтың екінші кезеңі басталды. Ол 15 қазанға дейін онлайн түрде, одан кейін, 30 қазанға дейін планшет қолдану арқылы жаппай сауалнама жүргізу арқылы өтеді. Міне, осы 10 жылда бір келетін халық санағында биыл қандай өзгерістер бар? Біз оған дайынбыз ба? Халықтың белсенділігі қаншалықты деңгейде? Бүгін біз осы сауалдарды бір саралап көрмекпіз.

Баршаға мәлім, 1-30 маусым аралығында ұлттық халық санағының бірінші кезеңі өтті. Онда тұрғынжайлар, тұрғын үйлер, ғимараттар және тұрғын емес үй-жайлар тізімін жасақтау жұмысы жүргізілді. Енді екінші кезең басталды. «Қазақстанда әркім маңызды» деген ұранмен басталған бұл саяси да, әлеуметтік те маңызы бар науқанға ең бастысы, тұрғындар белсенді, әрі жауапкершілікпен қарауы тиіс. (далее…)