Архив за 01 Окт 2021

Әжелер салған ән қандай!

Пятница, 01 Окт 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарағанды қаласында өткен өнер байқауында Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығының «Ақ әжелер» ансамблі топ жарды.

Ата-әжелер арасындағы додада өнер ұжымы классикалық және қазақ композиторларының әндерін шырқап, халық әндерін тарту етті. Ал, жеке орындаудағы шығармалар тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.

Қаламыздағы «Ақ әжелер» ансамблі Мәуия Бекмағанбетқызының басшылығымен 2001 жылы құрылған болатын. Содан бері өнерімен көрерменін тәнті еткен топ 2013 жылы құрамы жағынан қайта толықты. Алғашқы жылдары «Хор өнерінің королі» атанған Марат Шоқтаев екі жыл жетекшілік етсе, бүгінде музыкант Балтабай Сағидуллаев ансамбль тізгінін қолына алған. Қала әкімдігінің қолдауымен ұлттық киімдері жаңаланған ансамбль 2019 жылы облыстық фестивальге қатысып, бірінші орынды қанжығалаған болатын. Ал, биылғы жылы бас жүлдені жеңіп алып, арнайы дипломға ие болды.

– Менің басшылығыммен құрылған өнер ұжымының еңбегі еленіп, өнер шыңына көтеріліп, жарқырауда. Бұл ретте Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының директоры Индира Бақытқызының еңбегі зор. Іскер басшы меценат, «Атымтай Жомарт» атанған азамат Ержан Тоқымбаевтың демеушілігі арқасында табысты, берекелі бастамаларға жол ашылуда. Алдағы уақытта биыл құрылғанына 20 жыл толған «Ақ әжелер» ансамблінің ыдырап кетпеуіне күш салуымыз керек. Жан-жақты қолдау таныта білсек «нұр үстіне нұр болар еді», – дейді Мәуия Бекмағанбетқызы.

Мейрамгүл САЯЖАН.

Құрметті ардагерлер, аға буын өкілдері!

Пятница, 01 Окт 2021

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көптеген халықтардың дәстүрінде аға ұрпаққа деген құрмет терең тамырланған. Бұл мереке – шын жүректен алғыс айту күні, жан жылуын сыйлауға жол ашатын күн. Бұл тек жаңа мүмкіндіктерге жаңа қадам жасауға апарады. Адам жасы жылдармен емес, ақыл-ой күйімен өлшенеді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Оларды жас ұрпаққа бере отырып, сіздер бүгінгі күні де қаламыздың дамуы мен гүлденуіне қомақты үлес қосып келесіздер. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Біз сіздерден қолдау мен түсіністік, шыдамдылық пен сүйіспеншілік, қуат пен шабыт аламыз. Алдағы уақытта да аға буын өкілдерінің лайықты өмір сүруі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.

Әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарияларымыздың орны ерекше. Олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.

Қазақ қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларымыздың деніне саулық, отбасына амандық, игі істеріне бірлік, береке тілейміз.

Сәтбаев қаласының әкімі А. ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихат хатшысы ХМИЛЯРЧУК

Уважаемые ветераны, представители старшего поколения сатпаевцев!

Пятница, 01 Окт 2021

С глубокой признательностью, уважением и от всей души поздравляем Вас с Международным днем пожилых людей!

В традиции многих народов глубоко укоренилось уважительное отношение к старшему поколению. И этот праздник – возможность обратиться со словами искренней благодарности, подарить тепло души и внимание, которые так ценят и в которых очень нуждаются люди пожилого возраста.

Возраст – это не ограничение, а лишь ступенька к новым возможностям. Неслучайно говорят, что возраст измеряется не годами, а состоянием души. Вы уже научились видеть жизнь по-настоящему, каждый день концентрироваться на главном, понимать суть, не бояться ошибок. И мы учимся этому у Вас.

Ваши знания, мудрость, жизненный и профессиональный опыт бесценны. Передавая их молодому поколению, Вы и сегодня вносите весомый вклад в развитие и процветание нашего города. Вы – наша гордость и слава. Ваш доблестный труд – лучший пример для молодого поколения.

В Ваших добрых и сильных сердцах мы черпаем поддержку и понимание, терпение и любовь, энергию и вдохновение. Мы будем и в дальнейшем прилагать все усилия для того, чтобы жизнь старшего поколения сатпаевцев была достойной.

Благодарим Вас за терпение, сердечность, умение дать мудрый совет, подставить плечо в трудную минуту. Пусть Вас никогда не посещает уныние, а рядом будут люди, которым Вы не безразличны.Пусть будет долгой и счастливой Ваша жизнь, пусть дети и внуки будут достойны Вас! Доброго Вам здоровья, мира и благополучия!

Аким города Сатпаев А. ИДРИСОВ
Секретарь городского маслихата Т. ХМИЛЯРЧУК

Құрметті ұстаздар, педагогика саласының ардагерлері!

Пятница, 01 Окт 2021

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің мамандықтарыңыз – ең құрметті және ізгілікті кәсіптің бірі. Бұл кәсіби мереке шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналды. Біздің әрқайсымыз оқушы болдық. Әркімнің жадында сүйікті мұғалімі мен тәлімгері қалды. Ұстазға деген ризашылық жүрегімізде қалды. Мұғалім мамандығының негізі – шығармашылықта. Бұл мұғалімге оқушылармен бірге әлемді тануға және түсінуге көмектеседі. Өмір мұғалімге жоғары талаптар қояды. Ұстаз болу – қызмет қана емес, жүректің ұлылығы. Қазіргі уақытта сіздер кәсіби сауатты болып қана қоймай, оқытудың жаңа құралдары мен әдіс­терін игеріп, қоғамда болып жатқан терең өзгеріс­тердің мәнін түсінудесіздер. Бүгінгі таңда балаларды өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға және өз таңдауы үшін жауап беруге үйрету бұрынғыдан да маңызды. Сіздердің міндеттеріңіз – оларға егемен Қазақстанның лайықты азаматы болуға көмектесу.

Құрметті ұстаздар, өз кәсіптеріңізге берілгендіктеріңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз. Сіздер күн сайын балаларға мейірім, жылы шырайлы сөздер сыйлайсыздар. Жан жылуына бөлейсіздер. Кеншілер қаласында білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан педагогика саласының ардагерлеріне ризалығымызды білдіреміз.
Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу ісінде үлкен шығармашылық табыс тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын, шәкірттеріңіз ынталы болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Уважаемые учителя, преподаватели, педагоги дошкольного и дополнительного образования, ветераны педагогического труда!

Пятница, 01 Окт 2021

Примите искренние поздравления с предстоящим праздником – Днем Учителя!

Ваша профессия одна из самых почетных и гуманных, Ваш профессиональный праздник стал по настоящему всенародным. Каждый из нас был учеником, и у каждого остался в памяти любимый учитель и наставник, благодарность к которому мы сохранили в своей душе.В основе учительской профессии лежит творческое начало. Именно оно помогает педагогу каждый раз заново вместе со своими учениками узнавать и понимать мир.

Жизнь всегда предъявляла к педагогу высокие требования. Быть учителем – это не только работа, но и призвание. В наше время учитель должен быть не только профессионально грамотным, владеть новейшими средствами и методиками обучения, но и осознавать суть глубоких перемен, которые идут в обществе. Сегодня как никогда важно научить детей самостоятельно мыслить, принимать решения и нести ответственность за свой выбор. Ваша задача – помочь им стать достойными гражданами суверенного Казахстана.

Позвольте выразить Вам, дорогие учителя, самые добрые и теплые слова благодарности и признательности за верность своему профессиональному долгу, душевную теплоту, которую Вы ежедневно дарите детям. Особо хочется поблагодарить ветеранов педагогического труда, внесших неоценимый вклад в развитие сферы образования нашего горняцкого города.

В канун профессионального праздника желаем Вам крепкого здоровья, счастья, семейного благополучия, оптимизма и больших творческих успехов в деле обучения и воспитания подрастающего поколения. Пусть Ваши нелегкие учительские будни будут плодотворными, пусть Ваши ученики будут усердными и старательными, чтобы мы ими могли гордиться.

Аким города Сатпаев А. ИДРИСОВ
Секретарь городского маслихата Т. ХМИЛЯРЧУК

Құрметті тыл және еңбек ардагерлері!

Пятница, 01 Окт 2021

Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне, шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлердің денсаулығын сақтау, сауықтыру және демалысын өткізуге жағдай жасау, көпбалалы аналарды марапаттау сияқты әлеуметтік қолдаулар – еліміздің өркендеп, өсуінің кепілі. Сіздер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даналықтың, парасаттылықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер!

Қадірлі жерлестер! Ардақты ардагер ағалар мен ақ жаулықты аналар!

Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілеймін.

Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Ізгі тілекпен, Әбулайс Мулақов,
«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ Сәтбаев филиалының басшысы.

Бас жоспардың берері көп

Пятница, 01 Окт 2021

Қалалық әкімдіктің үлкен залында Сәтбаев қаласының бас жоспарын әзірлеу және түзету бойынша отырыс өтті. Нәтижесінде «Байқоныс» ықшам ауданының жоспары егжей-тег­жейлі нақтыланып, «Казгипроград» жобалау институты өкілдерінің баяндамасы тыңдалды. Отырыс қала әкімі Асқар Ыдырысовтың төрағалығымен өтті.

«Казгипроград» жобалау институты» ЖШС өкілдері қаланың қолданыстағы бас жоспарын әзірлеу, түзету бойынша схемалар мен сызбаларды пайдалана отырып, көрнекі көрсетіліммен ақпарат ұсынды. Жобалау институтының директоры Ілияс Темербаев бас жоспардың өте ауқымды, маңызды құжат екенін атап өтті.

– Бұл алдағы 15-20 жылға орайластырылған қаланың келбеті. Жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі. Басты мақсатымыз – аумақтың жоспарлы, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру, – деді ол. (далее…)

Әрқашан бейнебақылау назарында

Пятница, 01 Окт 2021

Қала көшелерінде 1 қазаннан бастап жылдамдық өлшегіштер жұмыс істей бастайды. Құқық бұзушылық статистикасын ескере отырып, жол қозғалысы ережелері және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша жылдамдық өлшегіштері орнатылды.

Жылдамдық режимін асырудың кесірінен жол қозғалысы ережелері жиі бұзылады. Осы құқықбұзушылықтардың алдын алу және азайту мақсатында жылдамдық өлшегіштер орнатылды. Сонымен қатар, тіркеу камераларының алдында құрылғы туралы еске салатын арнайы ескерту белгілері қойылды. «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру шеңберінде жылдамдық режимінің асып кетуін автоматты түрде тіркеуге арналған «Megacam Limit-S» 80 аппараттық-бағдарламалық кешені пайдаланылуда. Ол үшін тиісті жол белгілері орнатылып, тестілеу жүргізіледі. Мәселен, Қарағандыда 40 аппараттық-бағдарламалық кешен, Теміртауда – 15, Жезқазғанда – 10, Сәтбаевта – 10, Саранда – 5 камера жұмыс істейді. (далее…)

Ждем решения

Пятница, 01 Окт 2021

В понедельник, 27 сентября, Департаментом Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Карагандинской области проведено публичное слушание по рассмотрению заявки ТОО «Kazakhmys Distribution» (Казахмыс Дистрибьюшн) на утверждение тарифа на услуги производства тепловой энергии, по передаче распределению и снабжению тепловой энергией.

Публичное слушание прошло с соблюдением всех санитарных норм, а также в режиме онлайн через официальную страницу Департамента в Facebook и платформу Zoom для тех, кто не смог прийти на слушание.

В публичном слушании приняли участие секретарь Сатпаевского городского маслихата Татьяна Хмилярчук, первый заместитель городского филиала партии «Nur Otan» Кайрат Балмагамбетов и председатель городского Общественного совета Марал Мадиева. Всего в слушании приняли участие очно и онлайн 23 человека.

С учетом замечаний и предложений участников публичного слушания, решение Департамента будет принято 8 ноября 2021 года.

https://www.gov.kz/…/press/region-news details/6097…

Арнайы куәліктер табысталды

Пятница, 01 Окт 2021

Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығында жексенбілік бизнес-мектептің жабылу салтанаты өтті. Онда оқуды сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы куәліктер табыс­талды.

Қаламызда өз ісін бастаймын деген ниетті жандарға барлық жағдай жасалған. Оның айқын дәлелі – 2019 жылы қала әкімінің қолдауымен алғаш рет ашылған жексенбілік бизнес-мектебі. Пандемияға байланысты өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған мектептің жұмысы биыл қайта жанданды. Өткен аптада мектепке қатысушылар бизнес қоғамдас­тықтан құралған комиссия алдында өз жобаларын қорғады. Іс-шараға арнайы қатысқан қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Шапағат Момынбайұлы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау жеткілікті екенін жеткізіп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. (далее…)