Архив за 29 Окт 2021

Теңдессіз тарту кеншілер үшін

Пятница, 29 Окт 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты биылғы Жолдауында еңбек өнімділігін арттыруға басымдық берді. «Орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру. Әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс. Соның бірі – шикізатқа қол жеткізудің қиындығы. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапа­йым ережені енгізуіміз қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс. Бұл ретте, еліміздің ресурстық әлеуеті толық ашылмағанын, геологиялық тұрғыдан зерделену деңгейі төмен екенін қаперден шығармаған жөн. Жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет» , – деп атап айтты.

Жыланды тобындағы пайдалы қазбалар қорын игеру, атап айтқанда Шығыс Сары­оба, Итауыз, Батыс Сарыоба, Қыпшақбай тау-кен кәсіпорындарын салу жұмысы соңғы жылдары сәтті жүргізіліп келеді. Осы ретте кен қоры елу жылға жететін Жыланды кен орны Шығыс Сарыоба, Итауыз, Қарашошақ кәсіпорындарын біріктіреді. Маңызы зор индустриалдық-инновациялық дамудың бір буыны болып табылатын кен орнында еңбек өнімділігін еселей түсу үшін 6,7 гектар аумақта заманауи, инновациялық әкімшілік-тұрмыстық кешені бой көтерді.

Шыңырауда кен қазған кеншілер үшін теңдесі жоқ тарту болған кешеннің ашылу салтанатына «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай арнайы қатысып, аталмыш жобаның еліміздегі инвестиция саясатының табысты нәтижесі екендігін жеткізді. (далее…)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Пятница, 29 Окт 2021

(Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на расширенном заседании Совета Ассамблеи народа Казахстана)

Құрметті Ассамблея Кеңесінің мүшелері!

Бүгін бәріміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз.  

Тәуелсіздік мерейтойы – Қазақстан үшін аса маңызды тарихи белес. Біз осы жылдарда тұғыры мығым, қуатты мемлекет құрдық.

Экономикамызды өркендеттік, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Мұның бәріне берекелі бірлігіміз арқылы қол жеткіздік.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Оның тиімділігін әлем қауымдастығы мойындады.  

Қазақстандағы тұрақтылық пен татулық  қоғамдағы ынтымақ пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтен бастау алады. Қастерлі Отанымызда түрлі мәдениеттердің үйлесім тапқаны – соның айқын көрінісі. Бұл – біртұтас ұлт болып ұйысуымыздың басты қағидаты әрі айнымас стратегиялық бағдарымыз.            

Қазіргі заманда сын-қатерлер аз емес. Мұндай жағдайда біз жалпыұлттық бірлігімізді одан әрі бекемдей түсуге тиіспіз. Сонда ғана мемлекеттілігімізді нығайтып, жаңа белестерді бағындыра аламыз. Ассамблеяның жиырма тоғызыншы сессиясында Елбасы осы бірегей құрылымға басшылық жасау құқығын маған сеніп тапсырғанын білесіздер. Бұл шешімді қолдаған баршаңызға шынайы алғысымды айтамын. (далее…)

Маңызды мәселелер қаралды

Пятница, 29 Окт 2021

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында құқық­бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және рұқсат етілмеген үйінділерді жою, қоқысты сәйкес емес жерлерге шығару, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа формаларын енгізу жолдары қарастырылды.

Осы ретте полиция бөлімі бастығының орынбасары О.Құсайынов баяндама жасады. Спикер қоғамда белең алып отырған көріністерге байланысты қаланы абаттандыру тәртібін қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді. Жыл басынан бері қаламыздың келбетін сақтауды бұзу фактілері бойынша 325 тұлғаға ҚР Әкімшілік Құқық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес айып тағылған. Оның ішінде нысан келбетінің талаптарға сай болмауы бойынша – 13, сауда нысандарының алдына қоқыс жәшіктерін қоймаған – 8, нысан аумағында жиналу жұмыстарын жүргізбеген 5 дерек анықталса, 99 дерек үлкен көлемдегі қоқыстарды шығару бойынша тіркелген. ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес, 328 құқықбұзушылық орын алған. Абаттандыруға байланысты атқарылған жұмыстарға зиян келтіру, үй жануарларын бағу тәртібін бұзу және ит, мысық, өзге де үй хайуандарын асырауға қатысты белгіленген талаптарды ескермеуге қатысты жыл басынан бері – 146, өткен жылы 137 оқиға анықталған. (далее…)

Кітапханашылар құрметтелді

Пятница, 29 Окт 2021

Кітапханашылар күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығы мойындалатын сәт. Қызығы мен қиындығы мол мамандық иелерінің халық қазынасы кітапты қамқорлыққа алудағы еңбегі ұшан-теңіз. Көп елене бермейтін, бірақ кітап жайлы бағыт-бағдар беру үшін жан-тәнімен қызмет ететін кітапханашылар төл мерекеде құрметке бөленді.

Жарқын жиында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Төлеш мәдени шараларды ұтымды ұйымдастырып, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын, ұлт руханиятын арттыруға үлес қосқан кәсіп иелерінің бір тобын Алғыс хатпен марапаттады.

– Кітапханалар жүйесі біздің басқармамызбен тұрақты қатынас жасап, үнемі саяси-мәдени іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Олардың мәдениет ошағы деп аталуы бекер емес, – деді.

Шара шеңберінде көзге ұшырасқан келелі көріністер кіші буын өкілдерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға негізделген. Мәдени басқосуда кітаптың білімнің бұлағы, ілімнің күншуағы екені кезекті рет көкейге қондырылды. (далее…)

Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын

Пятница, 29 Окт 2021

Қаламызда осындай атаумен аймақтық келіндер сайысы өтті. Бәсеке Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Рухани келісім күніне арналды.

Қазақ қыздарын ұлттық тәрбиеге баулу, рухани құндылықтарымызды насихаттау және ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан келіндер бәйгесі дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының тапсырысымен және «Ан-Ниса – 2020» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Атадан мирас болған ұлттық құндылықтар паш етілген сайысқа қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты 5 келін қатысып, бақ сынады. Бәйге 6 кезеңнен тұрды. Таныстыру, әр ұлттың ұлттық тағамдарын әзірлеу, Алла Тағаланың көркем есімдерін мағынасымен қоса жатқа айту, келіндердің ептілігін анықтайтын жүн иіру, шариғатқа, заманға сай қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету және салт-дәстүрлерімізге байланысты сұрақтарға жауап беру.

Сайыскерлердің өнеріне ақ жаулықты әжелеріміз бен үлгілі келіндерден құралған қазылар алқасы баға берді. Салтын сақтап, дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа сабақтай білген келіндер ұлт тәрбиесіндегі белсенділіктерін айқын аңғартты. Б.Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің ұстазы Рахима Талипбекова қазіргі уақытта жүн түту, иіру сынды көнеден келе жатқан ұлттық құндылығымыздың ұмыт болмай, жаңғыра бергенін қалайтынын, сол мақсатта сайыс кезеңдерінің бірі ретінде қосуды жөн санағанын айтты. Нәтижесінде үшінші орынды Айзада Байдильдаева, екінші орынды Айдана Сатыбалдиева иеленді. Ал, сайыстың жеңімпазы болып Жұлдыз Елеусіз танылды. Қалған қатысушыларға «Салиқалы келін», «Инабатты келін» номинациялары табысталды. Барлық марапатталушыларға арнайы диплом, ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Пятница, 29 Окт 2021

Словенияда дзюдодан 15-17 қазан аралығында өткен Еуропа кубогы біздер үшін табысты аяқталды. Халықаралық турнирде Темірлан Кенжалиев пен Нұрайлым Сәрсенбек топ жарды. Дзюдошыларымыздың қоржынына алтын және күміс медаль түсті.

Халықаралық турнир әлемнің түкпір-түкпірінен келген 16-18 жас аралығындағы ең мықты дзюдошылардың басын қосты. Еуропа кубогында Қазақстан құрамасындағы қаламыздағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бақ сынаған болатын. Нәтижесінде, Нұрайлым Сәрсенбек – күміс, Темірлан Кенжалиев алтын медальді қанжығасына байлады. Бұл жеңіс тынымсыз еңбек пен жаттығулардың нәтижесі. Нұрайлымның осы уақытқа дейін еліміздің байрағын көкке көтеріп жүргенін жақсы білеміз. Өз кезегінде чемпион қызымыз алдағы Азия чемпионатына қатысуға дайындалуда. Ол жерден де құр алақан қайтпай, үкілеген үмітті ақтауға бар күшін салуға ниетті. Ел намысын қорғаған жас спортшыларымыз халықаралық турнирден алған әсерімен бөлісіп, өздерін жаттықтырып, дайындаған бапкерлеріне алғыстарын білдірді. Осылайша спортшыларымыз қаламыздағы дзюдо мектебінің жоғары деңгейін лайықты түрде көрсетті. Осы жолы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Словенияда 11 алтын, 15 күміс және 13 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Ел тыныштығын қорғау жолында

Пятница, 29 Окт 2021

Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарына қатысқан ардагер Қайсар Бимуратовтың екі ұлы Аманғали Мұхамед пен Құрмет Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне бағытталған әскери қызметке шақырылды. Қайсар Аманғалиұлы айбынды ерлігін, қайтпас қайсарлық, беріспес батылдығын ұлдарына бала кезінен үйреткен.

Сондықтан болар, жас жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуді бала кездерінен мақсат тұтты. Олар өз отбасында ата-ана сүйіспеншілігін, сыйлас­тығын, Отанға деген сүйіспеншілігін бойларына сіңіріп өсті. Бимуратовтар отбасындағы мұндай тәлімді тәрбие өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға, болашақ жас сарбаздарға үлгі-өнеге болары анық. Күзгі шақырылымға аттануға сайдың тасындай іріктеліп, дайын тұрған жастардың жолы болсын. Елдің тыныштығын қорғау жолындағы істеріне абырой тілейміз. Ортамызға аман-есен оралады деген сенімдеміз.

Е.Уткельбаев,
Сәтбаев қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы.

СОНЫ СЕРПІЛІС ӘКЕЛДІ. Мемлекет басшысының өңірге сапарын ел осылай бағалады

Пятница, 29 Окт 2021

Газетіміздің бұған дейінгі санында жазғанымыздай, өткен аптаның басында Қазақстан Рес­публикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Мемлекет басшысы Ұлытау-­Жезқазған өңіріне де арнайы атбасын бұрып, бірқатар нысандарды аралап, маңызды шараларға қатысқанын айтқан едік.

Кешенді бағдарлама – кенді өңірдің келешегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында отандық өнеркәсіпке қатысты бірқатар маңызды мәселелерді жіпке тізіп, оны шешуді тапсырды. Соның ішінде «Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет. Әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажет», – деп атап көрсетті. Өңірімізге келген сапарында да Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Жезқазған өңірінің әлеуметтік дамуы мен минералды-шикізат базасын кеңейту жөніндегі «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоспарымен танысқанда осы жағына басымдық берді. (далее…)

Қырағы қырандар

Пятница, 29 Окт 2021

Еліміздің мерекелер күнтізбесінде күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні 2017 жылы ресми түрде пайда болып, алғаш рет 2018 жылдың 29 қазанында аталып өткен болатын. Бұл – ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің барлық қызметкерлері мен жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Заңды және жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын, мүлкін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қолсұғушылықтардан қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күзет қызметінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Кеншілер қаласында осындай қызмет түрін ұсынатын бірнеше жеке күзет ұйымдары бар. Солардың бірі – «Найза» қорғау агенттігі.

Аталмыш агенттік 2018 жылы құрылғаннан бастап қаламызға үздіксіз қызмет көрсетуде. Оған күзет саласында 22 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан білікті маман Сырым Баймышов басшылық етеді. Ұжымдағы 47 адамның барлығы – күзетшiнiң арнайы даярлығынан өткен, жауапкершілігі мол азаматтар.

– Қазіргі таңда біз Сәтбаев қаласында көптеген нысандарды күзетеміз. Олардың ішінде екінші деңгейдегі банктер орналасқан ғимараттар, саябақтар, кеңселер мен дүкендер, коттедждер, қоймалар мен автотұрақтар, өндірістік алаңдар бар. Сонымен қатар, орталық бақылау пультіне қосылған 4 жанармай құю бекеттері де басты назарда. Күзетке алынған бұл нысандарды қорғау кезінде заманауи бағдарламалық технологиялар қолданылады. Атап айтсақ, радиобайланыс, онлайн режимде қашықтықтан тәулік бойы бейнебақылау, телекоммуникациялық жүйелер, дабыл түймесі және тағы басқа. Аталмыш құралдар кешені бізге қолдағы ақпаратпен жедел алмасуға, оқыс жағдайлар болғанда дер кезінде әрекет етуге септігін тигізеді. Айта кететін жайт, күзет ұйымдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың мүдделерін қорғау кезінде қалалық ішкі істер бөлімімен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. (далее…)

Үлкен жүрек иесі

Пятница, 29 Окт 2021

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде Халықты әлеу­меттік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні аталып өтеді. Әлеуметтік сала – елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл салада жұмыс жасау тек мұқтаж жандарға көмек көрсетумен шектелмей, әлеуметтік саясатты жаңғыртуға өз үлесін қосуды, халықтың әл-ауқатын жақсартуда тынымсыз еңбек етуді білдіреді.

Жалғызбасты қарттардың жанынан әрқашан табылатын, олардың көңілін аулап, барынша қолдау көрсететін жандардың бірі – Мағрипа Наурызбаева – жалғызбасты зейнеткерлерге және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкері. Кәсіби мереке қарсаңында біз Мағрипа апаймен кездесіп, жауапкершілігі мол осы қызметі жайлы сұхбаттасқан едік. (далее…)