Архив за 05 Ноя 2021

Ашық аспан астындағы тарихи саябақ

Пятница, 05 Ноя 2021

Елбасы Н.Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ, олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» деген болатын. Осындай елі мен жерін қорғап, халық мүддесі үшін қызмет еткен батырларымыз, әділеттілік пен бірлікті ту еткен ауызы дуалы би-шешендеріміз жайлы өскелең ұрпаққа білім беру, оларды отаншылдық рухта тәрбие­леп, бойларына ата-бабаларымыздың ұстанған тәлім-тәрбиесін сіңіру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі, «Өткеніңді ұмытсаң – өшкеніңнің белгісі, өткеніңді еске алсаң – өскеніңнің белгісі» дейді халық даналығы.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тарихи мұраларымызды ұлықтау, салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында өңірімізде көптеген ауқымды шаралар өтуде. Солардың бірі – өткен жұмада ашылған «Ұлы дала» тарихи саябағы. Бір жыл бұрын бой көтерген «Керуен» мүсіндік композициясының жалғасы ретінде салынған бұл саябақта Алаша хан, Жошы хан, Хан ордасы, Домбауыл, Болған ана, киелі Ұлытаудың таулары, «Төрт босаға» барельефі, Мәңгілік ел монументі секілді өлкеміздің тарихи көрікті жерлерінің макеттері орналастырылған.

Тарихи саябақтың салтанатты ашылуымен құттықтаған қала әкімі Асқар Ыдырысов жиналған жұртшылықты нысанның маңыздылығы мен негізгі мақсатымен кеңінен таныстырып өтті. (далее…)

На повестке дня – медицинское страхование

Пятница, 05 Ноя 2021

С прошлого года по всей стране была внедрена система обязательного социального медицинского страхования, гарантирующая всем застрахованным гражданам равный доступ к медицинской и лекарственной помощи. В связи с этим, на прошлой неделе ряд депутатов городского маслихата посетили медицинские учреждения города и ознакомились с их работой.

В первую очередь депутаты посетили городскую поликлинику, где под председательством секретаря городского маслихата Татьяны Хмилярчук было проведено совещание, основной темой которого было качество и доступность медицинского обслуживания с внедрением обязательного медицинского страхования.

С информацией по данному вопросу перед собравшимися выступил заведующий городской поликлиникой Габиден Аханов.

– В рамках обязательного социального медицинского страхования все застрахованные лица получают в полном объеме такие медицинские услуги, как профилактические медицинские осмотры, прием и консультации врачей узкого профиля по направлению участкового врача, наблюдение профильными специалистами лиц с хроническими заболеваниями, оказание стоматологической помощи, клинико-диагностические услуги, стационарная медицинская помощь, медицинская реабилитация, обеспечение лекарственными средствами и т.д. В этом году численность населения, прикрепленного к городской поликлинике, составило 35139 человек, из них 5806 школьников. За 9 месяцев текущего года в дневном стационаре нами было пролечено 245 пациентов на 14 млн. тенге, на школьную медицину было потрачено 25 млн. 207 тыс. тенге, – сказал Габиден Аханов. (далее…)

Төтенше жағдайға дайынбыз ба?

Пятница, 05 Ноя 2021

Жезқазған қаласы маңындағы Талап ауылында «Зымыран-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Республикалық іс-шара барысында әлеуетті құрылымдар мен жедел қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығы пысықталды.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында арнайы төтенше жағдай, жарылыстар ұйымдастырылып және одан құтылып шығудың жолдары көрсетілді. Іс-шараға авариялық-құтқару қызметтері, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс техникасы жұмылдырылды. Апатты жедел жою үшін азаматтық қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі де келді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшу кезінде тасымалдағыш зымырандардың апатына байланысты төтенше жағдайлар туындағанда азаматтық қорғау жүйесі басқару органдарының іс-қимылға дайындығы» тақырыбындағы оқу-жаттығуды үйлестіру штабы Жезқазған қаласында орналасқан. Жалпы, «Зымыран-2021» іс-шарасы Республикалық деңгейде, яғни, тасымалдағыш зымырандардың ұшу трассасының бойында орналасқан өңірлерде өтті. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сәтті ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың бірінші күні апаттық-құтқару қызметінің күштері мен құралдарын басқару органдарын хабардар ету, жинау және олардың әзірлігі пысықталды. Екінші кезеңде тәжірибелік іс-қимылдар жүргізілді. Жоспар бойынша «Протон-М» зымыран тасығышы ұшу кезінде Талап ауылының аумағына құлады. Апат болған жерде дала өрті пайда болды. Сондай-ақ, зымыран отынының төгілуі орын алып, жануарлардың өлімі фактілері де анықталды. Төтенше жағдайдың туындағаны туралы белгі алғаннан кейін аймақ қоршалып, радиациялық-химиялық барлау жүргізілді. Гептилдің мөлшері және желдің бағыты айқындалды. Сонымен қатар, залалданған аумақтарды бейтараптандыру, өрт ошақтарын сөндіру, қираған ғимараттардың үйінділерін талдау, зардап шеккендерді іздеу және құтқару, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарын көшіру бойынша тәжірибелік шара өткізілді. Нәтижесінде оқу-жаттығу басшылығы басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің жоғары әзірлігін қамтамасыз ету бойынша нақты нұсқаулар берді. Айта кетейік, жыл сайын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 20-ға жуық зымыран әуеге көтеріледі. Тасымалдағыш зымырандар Қарағанды облысының аумағында жиі апатқа ұшырауда. Аталмыш шара алдын алу әдістерін жетілдіру, дайындық барысын оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылды.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Айрықша көз тартқан

Пятница, 05 Ноя 2021

Қазақ халқының өткеніне қызығушылық танытқан турис­тер үшін бірегей орын болып табылатын «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы толығымен аяқталып, келушілер үшін есігін айқара ашты.

«Харекет» қайырымдылық қорының еріктілері де игі іске тілектестігін білдіру мақсатында қуанышқа ортақтасқан еді. Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, жорық шатыры және қонақ үйден тұратын кешеннің заманауи технологиялық мүмкіндіктерімен, қордағы құнды жәдігерлермен танысып, кешен басшылығына құттықтау хатын табыстады. (далее…)

Таланттардың тұсауын кескен

Пятница, 05 Ноя 2021

Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы есеп беру концертін ұйымдастырды. Оған өнер саласын дамытуға үлес қосып жүрген өнерпаздар қатысты.

Орталықта бүгінде тәжірибелі мамандар мен сахна шеберлері жұмыс істейді. Ал, 5 жастан 85 жасқа дейінгі қатысушылар 2000-ды құрайды. «Қайрат» аула клубы, «Айла» спорттық студиясы жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Самоцветы» халықтық ардагерлер хоры көрерменнің ыстық ықыласына 30 жылдан астам уақыт бөленіп келе жатыр. Аталмыш кеште сахна шымылдығы Қарағанды қаласында өткен «Өнерім – өмірім» облыстық ата-әжелер байқауында жүлдегер атанған «Ақ әжелер» хор ансамблінің орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің әнімен ашылды. 26 көркемөнер ұжымынан құралған ұжымның есеп беру концерті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Басты бағыттарының бірі «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаны іске асыру.

Осы орайда есеп беру кешінде ежелден келе жатқан салт-дәстүрге кезек берілді. Жас қызды оң босағадан құтты мекеніне шығарып салу үрдісі айшықты түрде көрсетілді. Ақын Ботагөз Мұхиден Абай Құнанбайұлының шығармасын оқыса, кәсіби музыканттар Азамат Бақия мен Айжан Құрақ ұлттық аспап жетігенде ойнап, көрермендерді таңдай қақтырды. Мәдениет және шығармашылық орталығының сахнасы – талай таланттың тұсауын кескен қасиетті орын. Бұл жерден алдағы уақытта да дарындылардың қанаттана берері сөзсіз.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Роман өзегі – бабалар аманаты

Пятница, 05 Ноя 2021

Ақын, жазушы, журналист Батырбек Мырзабековпен «Достық» үйінде өткен келелі кездесуде «Төрт босаға» атанған тарихи тұлғалар жайындағы «Аманат» романының тұсауы кесілді.

Кітаптың көлемі – 24,0 баспа табақ, таралымы 2000 дана. Астана қаласындағы «Кәусар» баспасынан жарық көрген тарихи-көркем романның жазылып және кітап болып басылып шығуына тапсырыс беріп, қолдау білдірген «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі. Әр шығарманың дүниеге келуінің өз тарихы бар. Мұны әдеби шығармашылық үдерісінің бір тармағы деп қарастырамыз. Сандыбай батыр, Кәдір би, Бабыр мырза, Шегір би, аға сұлтан Ерден секілді тарихи тұлғалар өмірінен көркем дүние жазу аса жауапты іс. Бұл үшін тарихи шындық жайлы нақты деректер қолда болуы қажет, ел әңгімесіне де арқа сүйеген жөн. Кездесуде «Төрт босаға» ұғымының пайда болуы, жалғасын таппау себептері айтылды. Ел аузындағы ескі әңгімелерде, танымдық мақалаларда есімі аталып, тағлымы сөз болған «Төрт босаға» билерінің өнегелі ісі, болаттай берік ұстанымы, аманат сөзі, ақылды шешімі романның өзегі болды. Тегіне батырлық біткен Сандыбай, діни сауаты күшті, ортасында пір танылған, көшелі кеңестің көркі болған Кәдір би, мырзалығымен, ақылымен сыйлы, алдағыны болжай білер ерекше нығметке ие Бабыр би, шешіліп сөйлесе шемен түйінін тарқатқан, айналасын аузына қаратып, сөзіне жыққан Шегір би, аға сұлтан болып сайланып, ел басқарған Ерден осы көркем дүниенің кейіпкеріне айналып, оқырманмен табысты. «Аманат» «Төрт босағаның» тарихын роман желісіне айналдырған алғашқы көркем дүние. Бұл – олжа. (далее…)

Тәрбие – баршаға ортақ

Пятница, 05 Ноя 2021

Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы десек, қазіргі қоғамға сай, білімді, жан-жақты тұлға өсіру – ата-ана мен мектептің алға қойған басты мақсаты. Осы орайда қаламыздағы №16 жалпы білім беретін мектепте ата-­аналармен өткен жиналыс «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» атты тақырыпта өрбіді.

Жиналысқа арнайы шақырылған Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Анар Әлжанова, қалалық білім бөлімінің қамқоршы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау секторының бас маманы Күләш Омарова, қалалық прокуратураның прокуроры Мирас Саруар, ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция майоры Саят Тастағанов және Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Майра Жаппасбаева қатысты.
Күн тәртібіндегі «Мектеп, ата-­ана, бала» тақырыбында К.Омарова кеңінен баяндама жасап, қоғам болып баланың, әсіресе, қыздардың тәрбиесіне үлкен мән беру керектігін баса айтты. (далее…)

АЙТАРЫ КӨП АҚЫН һәм ЖУРНАЛИСТ. Абдолла Дастанов 60 жаста!

Пятница, 05 Ноя 2021

Әр заманның өз тұлғасы, геройы бар. Кезінде Ұлы Абай «қалың елі, қазағы, қайран жұртына» «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп жар салды. Керек те болған шығар. Заман өзгеше болды ғой. Ал қазіргідей ақпараттық заманда «Осы жұрт Абдолланы біле ме екен?» десем бәз біреулердің күлуі мүмкін. Әйтсе де, Әбекеңнің ел біле бермейтін беймәлім тұстары аз емес. Оның үстіне өз білгенімізбен бөлісудің еш артықшылығы жоқ. Керісінше, солай істеуге негіз әбден бар …

Біріншіден, уақытқа тәуелділік кез келген адамды өзіне бағындырмай қоймайды, бейімделуді, өзгеруді талап етеді. Демек, өзгерген, даму үстіндегі тұлға туралы мағлұмат ұдайы жаңғыр­тылып отыруы тиіс. Екіншіден, өмірге жаңа буын келеді. Олар алдыңғы толқын өкілдерінің озық тәжірибесін игеруі, тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіруі қажет. Бұл айтулы тұлға туралы толыққанды ақпаратты қажет етеді. Үшіншіден, кейінгі толқынға берері мол үлгілі тұлға атану үшін уақыт тұтқыны күйінде қалып қоймай, дербестігің мен өзіндігіңді сақтап қалып, өз «Меніңді» үздіксіз дамытып отыруың қажет. Сонда ғана үлгілік пәрмені бар тарихи тұлғаның ғибратты ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалану мүмкіндігі туындайды. Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау етіп отыр­ған геройымыздың өмір жолы, шығармашылығы мен қаланың дамуына қосқан қайраткерлік қызметі аталмыш шарттардың бәріне толығынан жауап береді. Демек, «заманы сүйресе де, илей алмаған», бар қарым-қабілетін халқына жайлы заман орнатуға өзінің лайықты үлесін қосуға жұмсап келе жатқан, еліне айтары әлі көп ақын һәм журналист, «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Абдолла Дастанов туралы оның асқаралы 60 жасқа толу қарсаңында сөз қозғау дұрыс деп ойлаймын. (далее…)

Болашақтың іргетасы

Пятница, 05 Ноя 2021

Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік пен әлемдік деңгейдегі білім. Ал, бұған бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептеймін. (далее…)

Мемлекеттің тұғырлы тірегі

Пятница, 05 Ноя 2021

Мемлекеттік тіл – елдің ең асыл мұрасы, тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Тіл қай елде, ұлтта болсын қас­терлі, қасиетті, құдыретті. Тек қарым-қатынас құралы емес, өткен күннің белгісі, келер күнге қалдырар аманатымыз. Мемлекеттің тарихы мен болашаққа бағдары. (далее…)