Архив за 19 Ноя 2021

Еңбек ардагерлері – ел мақтанышы

Пятница, 19 Ноя 2021

Өткен аптада қаламыздағы Достық үйінде сәні мен салтанаты жарасқан мерекелік іс-шарада өндіріс саласында атқарған көп жылғы еңбектері үшін бірқатар ардагерлерді «Еңбек ардагері» медалімен және «Қазақмыс» Корпорациясының «Құрметті еңбек ардагері» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Әркім өз еңбегі арқылы мемлекетті көркейте білсе, сонда ғана мемлекет қуатты болады. Адам қандай мамандық иесі болса да, өз ісінің шебері болуы керек. Сондықтан әрбір адам өз қабілетіне қарай мамандық таңдауы керек. Әркім өзіне табиғат берген дарынын дамыту керек, соған сәйкес бір мамандықты ғана таңдап, соның шыңына шығу керек. Бұл да Отанға қызмет ету болып саналады» деген болатын. Елбасымыз атап өткен осындай өз мамандығына адал, жастайынан өндірістік салада қажырлы еңбек етіп, ел үшін маңдай терін аямай қызмет еткен, мемлекеттің тірегіне айналған ардақты еңбек ардагерлері Дос­тық үйінде жайылған мерекелік дастарханға жиналды.

Алғашқы болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина ардагерлерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, бастарынан небір ауыр кезеңдер өтсе де, ешқашан қиындық атаулыға мойынсынбай, адал еңбектерінің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, елімізді көркейтуге зор үлес қосқандары үшін алғысын жеткізді. Содан соң Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тағайындаған «Еңбек ардагері» медалін бірқатар ардагерлерге табыстады. Олар – Болат Абдиқасов, Галина Кредина, Вера Любутина, Мария Третьяк және Жұмабай Ерғазинов. Ал, Мұхаммедияр Әбдіхалық, Наталья Макарова, Қали Тыныкенов, Лұқман Нұғманов пен Маргиза Жақсыбаева осындай медальді «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Төлеген Бүкіровтың қолынан алды. (далее…)

Газет жұмысы жандана түседі

Пятница, 19 Ноя 2021

Қалалық «Шарайна» газетінің жеке меншікке сатылуына байланысты оқыр­мандар мен тұрғындар тарапынан басылымның жабылып қалу қаупі туралы сұрақтар қойыла бастады. Қадірлі достар, біз құрамына «Новое телевидение» республикалық телеарна, «Жаңа FM» радиосы және «Шарайна» газеті кіретін Медиа-орталық ашылатынын хабарлаймыз. Медиа-орталық қазіргі кезде ел игілігіне қызмет етіп тұрған кәсіпорындар базасында құрылуда.

Ал, онда қаламы жүйрік, ойы ұшқыр өз ісінің шеберлері, кәсіби мамандар еңбек етеді. Мұндағы негізгі мақсат – теледидар, радио және газет ақпаратын жедел және сапалы түрде жеткізу, өзара үндестіру, бір бағытта жұмыла жұмыс істей отырып, тың әдіс-тәсілдерге, жаңа формаға ден қою. Радио мен газет арқылы аймағымызға байланысты хабарлар неғұрлым егжей-тегжейлі, заманауи түрде беріледі. Медиа-орталық мерзімдік басылымда танымдық, салалық, талдамалы мақалалар, радиобағдарламалар, бейнематериалдар жариялап, қаламызда өткізілетін барлық іс-шараларды жүйелі түрде қамтуды көздейді. Нәтижесінде оқылатын, ұлтқа берер тәлімі, айтар ақиқаты бар хабарлар арқылы тыңдаушылар, оқырмандар мен телекөрермендер аудиториясы кеңейе түспек. Медиа-орталықтың Сәтбаев қаласының ақпараттық алаңына оң әсерін тигізері сөзсіз. Жаңалық тарату ауқымының кеңеюі медиа нарықта өте маңызды фактор болып табылады. Басылымға оқырмандар қызығушылығы артып, басқару бағыты тиімділігімен өзгешеленіп, білікті мамандардың қатары көбейе түспек. Ең бастысы, құрылғанына отыз жылдан асқан «Шарайна» газетінің жұмысы жанданбақ. Құрметті оқырмандар! Қанатымызды кеңге жайып, биік белестерді бағындыру үшін қолдауларыңыз аса қажет. Бізбен бірге болыңыздар!

Құрметпен,
«Шарайна» газетінің бас редакторы Нурия Ильясова.

Мы работаем для вас

Пятница, 19 Ноя 2021

В связи с продажей в частную собственность городской газеты «Шарайна» жители и читатели г.Сатпаев стали задавать вопросы о возможном её закрытии. Друзья, горожане, сообщаем, что создаётся Медиа-центр, включающий республиканский телеканал «Новое телевидение», радио «Жана FM» и газету «Шарайна». У нас есть огромная фора – Медиа центр создаётся на базе действующих предприятий, а сотрудники этих СМИ – профессионалы своего дела.

Главная цель заключается в конвергенции информации телевидения, радио и газеты. Особенностью радио и газеты станет их привязка к региону, то есть информация жителям будет подаваться во всех информационных средах, в более развернутом, современном виде. (далее…)

Саулық кепілі

Пятница, 19 Ноя 2021

Қаламыздағы индустриалдық колледжінде жергілікті спортшыларымызбен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Қонақтар оқу ордасын аралап, спорт залымен танысты. Жағымды жаңалықтарымен бөлісті.

Жаттықтырушы-оқытушы Юрий Апарин, пауэрлифтингтен Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық құрамасының негізгі құрамының мүшесі Артем Грязев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрбақыт Тобағұлов алға қойған мақсаттары, қазіргі уақытта бағындырған белестері, алғашқы марапаттары және үлкен спорттағы табыс құпиялары туралы баян етті. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, уақытын тиімді өткізуге, спортпен айналысуға шақырды. Пауэрлифтинг спортының жаттықтырушысы Юрий Апарин спорттық-сауықтыру кешенінің директоры болған. Зейнеткерлікке шыққанына алты жыл болса да үйреншікті кәсібін тастаған емес. Қазіргі таңда чемпиондарды тәрбиелеп шығаруда. Кездесуде студенттердің де қояр сұрақтары өте мол болды. Олар жеткен жетістіктері, білім ордасының тарихы туралы баяндап берді.

Бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын сақтауға, жастарды спортпен шұғылдануға тарту мақсатында өткізілген кездесуда орамды ойлар ортаға салынды.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Елбасы Ұлытауда ұлықталған еді

Пятница, 19 Ноя 2021

Тоқсаныншы жылдардың басы қазақ елі үшін нағыз ақ түйенің қарны жарылған кезең болды. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ал, араға бір жыл уақыт салып, яғни 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,76 процент дауыс жинап, жеңіске жетті. Осылайша Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел тізгінін ұстады.

1993 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытауға келді. Ұлытаудың жұрты тайлы-тұяғы қалмай қазіргі ұлт бірлігі мен тұтастығына арналған монумент қойылған төбеге жиналды. Осы жерде Елбасы елмен жүздесіп, ақжарма тілегін арнаған еді.

– Өткенде Ордабасыда бүкіл халықты жинап, үлкен мерейтой өткіздік. Әрине, Ұлытаудың орны басқа. Дегенмен, сол кезде қазақ халқының үш дана биі ортақ жауға қарсы тұру үшін елдің басын жинап, бас сардарды сайлап, жауға қарсы қойып, қантөгіс қырғында елдің тәуелсіздігін сақтап қалды. Ал, оның басы осы Ұлытауда басталған болатын. Тарихты жөндеп, бүгін таласып жататын уақыт емес. Оны тарихшылар жөндей берер. Осы күні нешетүрлі әңгімелер айтылып жүр. Әр ауылда, әр облыс­та өзінің жағдайымен айтады. Ал, ата-бабадан қалған деректер бойынша, ең бірінші қазақтың басы қосылған жері – осы жер. Мұның өзінің тарихи мағынасы бар. (далее…)

Келелі кездесу

Пятница, 19 Ноя 2021

Елімізде қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабу жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кітапханашы С.Макажанова тақырыпқа сәйкес толық түсінік берді. Арнайы шақырылған полиция бөлімінің аға лейтенанты Б.Урустембаев ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық базасына тоқталып, ҚР Заңдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері туралы баяндады. Жастар санасына адамдық қасиеттерді енгізіп, мақсатты нәтижелерге жету жолдарын айтып өтті. Келелі кездесу соңында мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген мақалалар, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР Конституциясы, ҚР еңбек кодексі кітаптары таныстырылды.

М.Үрпіш,
балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері.

Нәтижесі жоғары

Пятница, 19 Ноя 2021

8-17 қараша аралығында қала аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Бұл жолы тәртіп сақшыларымен бірге рейд жұмысына жас инспекторлар да шықты. (далее…)

Ерлік дәуірінің ерен тұлғасы

Пятница, 19 Ноя 2021

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Алты Алаштың айбыны – Абылай» тарихи сағаты ұйымдастырылды.

Шараға «Руханият» клубының мүшелері, кітапханашылар мен мектеп оқушылары қатысты. Үш жүздің басын қосқан Абылай хан туралы мағлұмат беріліп, слайд көрсетілді. Балалар Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр-толғауларын оқып берді.

Қазақтың ұлы тұлғасы Абылай ханның өмірден озғанына екі ғасырдан астам уақыт болды. Оның өмірі мен қызметі – болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батырларының ұрпағы ұлт-азаттық қозғалыс­тардың бастамашысы болды. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан жойылып кетпеуі үшін күресті.

Біз бүгінгі мемлекет тәуелсіздігі мен ұлт егемендігіне ата-бабаларымыздың жан қиярлық ерлігімен қол жеткіздік.

Б.Аимбетова,
кітапханашы.

Ел өркендеуінің негізі

Пятница, 19 Ноя 2021

Жыл сайынғы Президент Жолдаулары өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Өйткені, мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, мемлекетіміздің дамуына арналған. Осыған орай халықтың ойы­нан шығып, кеңінен талқыланып, қолдау табуда. (далее…)

Pfizer екпесін салуға әзірлік жүруде

Пятница, 19 Ноя 2021

COVID-19 сырқатынан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі – иммундау, яғни вакцина алу. Бұған елдің бәрі көз жеткізді. «Тәжтажалдың» тежелуіне де осы екпе зор септігін тигізді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина пайда болғаннан бері бүкіл әлемде бірнеше миллиард ересек адам түрлі вакциналармен егілді. Соның нәтижесінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие ауыр жағдайлар және ауруханаға жатқызу азайды. Қауіпті инфекциялардан көз жұмғандар қатары да сиреді. (далее…)