Архив за 03 Дек 2021

МУЗЕЙ ИМЕНИ ВЫДАЮЩЕГОСЯ УЧЕНОГО

Пятница, 03 Дек 2021

В рамках мероприятий, посвященных 30-летию Независимости РК и Дню Первого Президента, во вторник в стенах общеобразовательной школы №15 состоялось торжественное открытие музея имени Алькея Маргулана – выдающегося ученого, сумевшего своими трудами сделать историю и культуру казахов достоянием мирового сообщества.

В этом юбилейном для страны году в рамках программы «Рухани жаңғыру» была проделана определенная работа по открытию школьных музеев. В школе №9 открылся музей имени Каныша Сатпаева, а в школе-гимназии №1 стал действовать музей имени Бауыржана Момышұлы. Стоит также отметить, что документы, отправленные в рес­публиканскую ономастическую комиссию о присвоении имен данным трем школам и школе-лицею №19 имени Ыбырая Алтынсарина, получили одобрение, и в скором времени на страницах центральных газет должно выйти решение Правительства республики по данному вопросу. (далее…)

Жаңа буынға аманат

Пятница, 03 Дек 2021

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғыру үдерістері халықтың өмір сүру сапасының артуына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына және рухани дамуына ерекше серпін беруде. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы игі өзгерістердің бастауында тұр. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов бастауыш партия ұйымының төрағалары, партияның белсенді мүшелерімен өткен жиында Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» Үндеуін талқылады.

– «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын жолдады. Олар: «Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті», «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» деп аталады. Жас ұрпаққа үндеуінде Елбасымыз еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуға шақырды. Қазіргі кезде осы мемлекеттің жеті тұғырының маңызын жастарға жеткізу – біздің парызымыз. Елбасы өз үндеуінде бізге, келешек ұрпаққа, жастарымызға осындай жауапты миссияны жүктегеніне өте қуаныштымын. Қазақстанның жастары алдында ел іргесін нығайту әрі дамыту іспеттес маңызды мақсаттар тұр. Тәуелсіздік ұрпақтары бұл биік мұратты түсініп және оның орындалуына бар күш-жігерін қосуы тиіс. Бұл олардың басты тарихи және саяси жауапкершілігі болып табылады, – дей келе, жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыз­дылығын алға тартты. Жиында сөз алғандар қағидаттар жиынтығын қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтып, тұрақты даму үшін ауа­дай қажет құндылық деп атады. Елбасы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы дегенге тоқталды. Жиын соңында Б.Шыңғысов ҚР Тұңғыш Президентi күнi мерекесiне орай бір топ өндірісшіні партия мүшелігіне қабылдап, партия билеттерiн табыс еттi.

Мейрамгүл САЯЖАН.
Сурет автордікі.

Өмірге құштар өр тұлға

Пятница, 03 Дек 2021

Ақын, публицист Баубек Бұлқышевтің туғанына 105 жыл толуына орай орталықтандырылған кітапханада аймақтық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Отты жырлардың авторы еңбек жолын 1916 жылы «Ұлытау» ұжымшарының сүт фермасында есепші болып бастады. Алматыдағы сауда-қаржы техникумында оқыған. Есеп-қисап саласында жұмыс істегенімен жаны әдебиетке құштар еді. 1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Октябрь балалары» газетінің бөлім меңгерушісі болды. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, Мәскеуде саперлар училищесінде оқиды. Ержүрек жауынгер 1944 жылдың бас кезінде қан майданда ерлікпен қаза тапты. Оның жазушылық таланты Ұлы Отан соғысының сын сағаттарында ерекше көрінді. 1946 жылы Мәскеуде шыққан «Жизнь солдата» жинағына Б.Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енді. Оның көркем әдеби мұрасы 1948 жылы М.Иманжановтың редакциясымен шыққан «Өмір біздікі» кітабында, «Жауынгер мәңгілігі» кітабында жинақталған. Шығармалары әлденеше рет қайта басылды. «Алматы – менің туған қалам» романы, «Айсұлу» поэмасы тағы бар. Байқау қатысушылары ақынның шығармаларын жатқа оқыды. Байқпау қорытындысы бойынша Мақсат Дүкенбай бірінші, Оразай Жұлдызай екінші, Айым Махамбет үшінші орындарға ие болса, Асыл Әбжанова Бас жүлдені қанжығалады.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Құрманғазының асыл мұрасы

Пятница, 03 Дек 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жас күйшілер арасында Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы қалалық байқау өтті.

Күйшінің шығармашылық мұрасы 60-қа жуық күйден тұрады. Ол қазақ халқының өмірі мен жан дүниесін домбыраның қос ішегінен төгілген әуезді үні арқылы жеткізді. Теңдесі жоқ талант иесі әлеуметтік қайшылықтарға, ел арасындағы зорлық-зомбылық, озбырлыққа қарсы күресті. Тіпті әділдік үшін түрмеге де қамалды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған күй додасына 40-тан астам өнерпаз қатысып, халқымыздың мәдени дамуына зор үлес қосқан Құрманғазы шығармаларын дәріптеді. «30 жыл, 30 іс-шара» жобасы аясында өткен байқау нәтижесінде Әділет Төлеу – бірінші, Сыйлас Амандықов – екінші, Нұрасыл Кежденбай үшінші орынды иеленді.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Қазақ күйінің анасы

Пятница, 03 Дек 2021

Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында аймақтық шығарма жазу, күй орындау байқауы ұйымдастырылды.

Құрманғазының лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат берілген шара екі номинация бойынша өтті. «Қазақ күйінің анасы» тақырыбында шығарма жазған өнерпаздар күй орындау шеберлігі бойынша да сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен өнер мектебінің оқушылары Ақжан Тамирлан – бірінші, Төлеу Әділет – екінші, Асқар Дамила үшінші орынға ие болды. Белсене қатысқан барлық балаларға ынталандыру сыйлығы табысталды.

Ж.Нұршинова,
кітапханашы.

«Шарайнаның» шаңырағын көтерген

Пятница, 03 Дек 2021

Жалпы білім беретін №3 орта мектепте «Өнегелі өмір» жобасының аясында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Мәди Әлжаппаровпен кездесу өтті.

8-ші сынып оқушыларымен болған жүздесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айзада Айтбаева ұйымдастырды. «Шарайна» газетінің алғаш іргетасын қалап, шаңырағын көтеруге атсалысқан ардагер журналист оқушыларға өз өмірбаяны, журналистік салаға қалай келгені туралы баяндап берді.

– Бұл өзі сонау сексенінші жылдардың соңын ала сөз бола бастаған мәселе. Горбачевтың «қайта құруы» мен «жариялылығы» ақпарат саласына да серпіліс әкелді ғой. Жаңадан газет-журналдар ашу үрдіске айналды. Бүгінде «саржағал» атанып жүрген газеттердің бәрі сол уақытта өмірге келді. Сол кезде қалалық кеңестің депутаттары кеншілер қаласының өз газеті болуы керек деген ұсыныстар айтып, сессияларда, жиындарда сөз бола бастады. Қалалық партия комитетінің алдына мәселе етіп қойды. Ақыры,1990 жылы сол кездегі Никольский қалалық кеңесі атқару комитетінің кезекті сессиясында депутаттар қалалық газет ашу мәселесін күн тәртібіне қойды. Атқару комитеті арнайы шешім шығарды. Қалалық партия комитеті ол шешімді қолдады. Сөйтіп, сол жылы көктемде арнайы құжаттар ақпарат министрлігіне жіберілді. (далее…)

Жүлде құтты болсын!

Пятница, 03 Дек 2021

Қазақстанның Азаматтық альянсы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар арасында «Таңдау» байқауын өткізіп, 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Алғашқы рет жалауын көтерген байқаудың негізгі идеясы – 10 жылдан астам тәжрибесі бар қазақстандық ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік және қоғамдық өмірге, ел тәуелсіздігін нығайту, азаматтық қоғамды қалыптастыруға қосқан үлесін ұлықтау. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау» номинациясы бойынша аймағымыздағы «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі жүлдегер атанып, 1 166 000 теңге сыйлыққа ие болды.

(Өз тілшіміз).

Жастармен жүздесті

Пятница, 03 Дек 2021

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қазақмыс» қорпорациясы» ЖШС қарасты Технологиялық колледжде жергілікті спортшылармен кездесу өтті.

Каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының иегері Қуатбек Тоқтыбаев аталмыш салаға 12 жасында келіпті. 17 жасынан бапкерлік қызметін бастаған. Осы уақытқа дейін 77 спорт шеберін, 20-ға жуық спорт шеберлігіне үміткерді, Қазақстан чемпионын, Азия чемпионатының күміс жүлдегерін, Азия кубогының жеңімпаздарын дайындап шығарды. Жастармен жүздесуде ол өз тәжірибесінен ойына түйгенін баян етіп, салауатты өмір салтын сақтаудың маңызды екендігін жеткізді.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

«Елдіктің жеті тұғыры». «Семь столпов Государственности»

Пятница, 03 Дек 2021

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы сөзі / Выступление Елбасы Н.А.Назарбаева на расширенном заседании Политического совета партии «Nur Otan»

Құрметті партияластар! Қадірлі қазақстандықтар!

Осы жылдар ішінде қалыптасқан көппартиялық жүйе елдігіміздің тірегіне айналды. Бұл орайда «Nur Otan» партиясының саяси салмағы басым екені анық. Біз еліміздің партиялық-саяси жүйесін біртіндеп әрі жан-жақты саралай отырып дамыттық. Барлық бастамаларымыз сияқты бұл мәселеге де ішкі дайындықпен келдік. Жүйесіз реформалар халықтың демократияға деген сенімін жоғалтып, түрлі шиеленістер тудырған және территориядан айырған жағдайлар тарихта аз емес. Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту – біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделген және тұтас қоғамның мүддесіне сай келетін саясат жүргізуде.

Уважаемые соотечественники!

Казахстан вступает в четвёртое десятилетие своей Независимости. Это эпоха больших перемен, сложных и судьбоносных решений. В настоящее время мы наблюдаем, что обуз­дать пандемию коронавируса не удаётся. Происходят закономерные изменения, в том числе и по причине ускоренного внедрения информационных технологий и зелёной энергетики. Меняется и сам человек, его сознание и ценности, представления о мире и будущем. Мир трансформируется, а скорость изменений поражает. И уже очевидно, что скоро человечеству придётся столкнуться с рядом серьёзных вызовов. Во-первых, повседневной реальностью станет борьба с новыми пандемиями. Всемирная организация здравоохранения уже призывает международное сообщество начать подготовку к появлению новых вирусов. Во-вторых, усиливаются негативные последствия экологических проблем – глобального потепления. По прогнозам ООН, новым вызовом для человечества станет изменение климата. По этой причине только в этом году мировые цены на продукты питания выросли на 30%. (далее…)

Іргесі кеңейіп, келбеті жаңаруда

Пятница, 03 Дек 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты» екенін айта отырып, оның қадірі мен қасиетін, оны сақтау­дағы бағдар-белестерді айқындап берген болатын. Осындай, сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап өткен қазақ елінің Тәуелсіздігі санаулы күннен соң өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтпекші.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзіне түгелдей танылды. Осы кезең аралығында жеткен жетістіктері де орасан зор. Елдің көркейгенінің көрсеткіші қалалардың көркейгені демекші, қарыштап дамыған елмен бірге, оның шағын қалалары да мемлекеттік бағдарламалар аясында жылдан жылға гүлденіп, танымастай кейіпке енуде. Солардың бірі – біздің кенді шаһарымыз Сәтбаев қаласы.

Биыл біздің сүйікті қаламызға 48 жыл толды. Менің де Сәтбаевтың тұрғыны болғаныма 48 жыл! Осы жылдарда қаншама жаңалықтың куәсі болдық. Айтып та жүрдік, жазып та келеміз. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, бүгінгі күні қаламыз қалай өзгерді! Алыс-жақыннан келген қонақтардың өздері де «қала танымастай өзгеріпті» деп, таң қалып жатыр. Оны бәріміз де байқап жүрміз. Әсіресе, соңғы жылдары күн санап іргесі кеңейіп, келбеті жаңарып, жасарып келеді. (далее…)