Отчет акима города Сатпаев Аскара Абылаевича ИДРИСОВА перед населением

«Об итогах социально-экономического развития города Сатпаев за 2021 год и задачах на 2022 год»

Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

2021 год был ознаменован важными событиями и свершениями, насыщен разными моментами: и простыми, и сложными. Но мы вместе все преодолели и, несмотря на ограничительные карантинные меры, вызванные пандемией коронавирусной инфекции, нам удалось завершить год с ростом практически всех показателей социально-экономического развития. Год прошел под эгидой празднования 30-летия Независимости страны, все запланированные и проводимые мероприятия, все основные планы мы смогли реализовать в намеченные сроки. Читать полностью »

Мереке күні дүниеге келді

Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойы күні Сәтбаев қаласында бір нәресте дүниеге келді. Айтулы күні қала әкімі Асқар Ыдырысов қалалық перзентханаға арнайы барып, анасы мен сәбиді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап қайтты.

Бұл күні жас ана Ақкербез Жайылханова дүниеге шыр етіп қыз баланы әкелді. Салмағы 2880 грамм, бойы 50 см болып туылған сәбиге ата-анасы Айзере есімін берді. Асқаров Асхат пен Ақкербездің отбастарындағы бұл екінші бала, тұңғыштары Кәусар қазір 1,5 жаста.

Еліміздің ең басты мерекесіне қуанышы тұспа-тұс келген жас анаға қала басшысы зор денсаулық тілеп, құттықтау хат, ақшалай сыйақы және жаңа туған нәрестеге арналған жиынтықты табыстады. Сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және ана мен баланы қолдау мақсатында жаңа туған балалардың ата-аналарына берілетін «Сүйінші» baby-боксы бар екендігін айтты. Сәбилерге арналған түрлі керек-жарақтар мен гигиена құралдары салынған аталмыш сыйлық қорапшасы жақында Асхат пен Ақкербездің үйлеріне жеткізілетін болады.

Өз тарапынан жас ана да келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады.

– Осындай ұлы күні сәбиімнің дүниеге келгеніне қуаныштымын. Өмірге алғашқы келген күннен бастап балам үлкен құрметке бөленіп жатыр. Сіздерге білдірген ілтипаттарыңызға алғыс айта отырып, барлық сәтбаевтықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Еліміздің туы асқақтап, болашағы кемел болсын, береке-бірлігіміз артып, халқымыздың дәулеті аса берсін, – деп ақ тілегін жеткізді Ақкербез Жайылханова.

Марал Шахаева.
Суретті түсірген автор.

Ұлттық тәрбиені ұлықтаған спортшы

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері Ардақ Назаров қаламыздың жастарымен кездесіп, ұлттық рух, имандылық, адамгершілік, отансүйгіштік, шыншылдық турасындағы ойымен бөлісті.

Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, Еуразияның екі мәрте чемпионы, Азия чемпионы, Еуропа-Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы, Санкт-Петербор, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы өнегелі лекция түрінде өткен кездесуде ұлттық тәрбиені ұлықтады. Иман, білім, тәрбие, талапшылдық пен күшті ерік-жігердің арқасында алынбас қамалдарды бағындыруға болатынын атап айтты.

Бүгінгі күннің батырларын жақсылық жасауға шақырған спортшы шешендігімен, ой-өресінің биіктігімен, жыраулық өнерімен таңқалдырды. «Спортшылар дөрекі, ойлау қабілеті төмен, сөзге шорқақ» деген пікірімізден біржолата айнып қалғандай болдық. Ісімен ғана емес, сөйлеу мәнерімен, мәдениетімен, білімімен сүйсіндірген спортшы жастарды бірден баурап алды. Тіпті ол өзінің мектебінде шынығып жүрген шәкірттерін кітап оқуға баулып, рухани жағынан да тәрбие беруде. Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, талай мәрте тартысты бәсекелерде биік тұғырдан көрінген білекті де жүректі жігіт өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Әсерлі әңгімесімен жастарды жігерлендіріп, ата-баба дәстүрін сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отанды сүю, ата-ананы қадыр тұту, досқа адал болу, ұстазды құрметтеу турасында насихат айтты. Читать полностью »

Жаңа прокурор тағайындалды

Сейсенбі күні әкімдіктің үлкен залында қала басшысы Асқар Ыдырысовтың қатысуымен актив жиыны өтіп, оған мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс прокурорының тапсырмасымен қаламызға арнайы жұмыс сапарымен келген Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Талғат Мұқашев жиналған жұртшылыққа жаңа прокурорды таныс­тырды. Бас прокурордың бұйрығымен ағымдағы жылдың 21 желтоқсанынан бастап Сәтбаев қаласына Төлеген Базарбайұлы Қаржасов прокурор болып тағайындалды. Ол бұған дейін Балқаш қаласының прокуроры қызметін атқарған болатын.

Қала әкімі Асқар Ыдырысов жаңа прокурорды тағайындалуымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Марал Шахаева.
Суретті түсірген автор.

Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер

Қазақ елі 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін жаңа кезең басталды. Қысқа уақыт ішінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Бүгінде жаңа өзгерістерді одан әрі тереңдетуге бағытталған, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау бағытындағы жобаларды «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы мүшелері лайықты жүзеге асыруда. Осы тәуелсіздік тұғырын биіктетуге үлес қосқан бір топ өндірісші ерекше мерекеде құрметке бөленді.

Шыңырауда шыңдалған еңбеккерлерді бірінші Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров құттықтап, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының саяси кеңесі бюросының №17 қаулысы бойынша бойынша Жезқазған мысбалқыту зауытының аппарат басшысы және бастауыш партия ұйымының төрағасы Силар Қияқбаев пен Анненск шахтасының №70 учаскесінің бұрғылаушысы Ернал Дәулетбаевты «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Жезқазған байыту фабрикасының флотаторы Бәтима Смағұлова орталық аппараттың Құрмет грамотасына ие болды. Салтанатты жиында 30 жасқа толған партия мүшелері де назардан тыс қалмады. Туған күн иелері Кристина Риммер, Қанат Исканов, Ақбілек Сағалға тарту-таралғы жасалды. Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанованың Алғыс хатына Асқар Нұржанов, Күнсұлу Аманова, Әлия Өксікбаева, Мерей Әмір лайықты деп табылды. Читать полностью »

Құрмет төрінде – тәртіп сақшылары

Тәуелсіздік күні – мемлекетіміз үшін мәртебесі биік, маңызы терең, қастерлі мереке. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған азаттық, егемендік ұғымдарын биікке көтеретін бұл күн – әрбір Қазақстан азаматы үшін қасиетті. Бұрынғы заманда елдің біртұтастығы мен бірлігін хан-сұлтандар мен батырларымыз асқан шеберлік пен ерен ерліктерімен сақтаса, бүгінгі күні ел қауіпсіздігі мен тыныштығы – қазіргі заманның қаһармандары тәртіп сақшыларының қолында.

Мемлекетіміздің тұғыры нығайып, егемендіктің керегесі кеңейген жылдарда Отанымыздың өсіп-өркендеуіне ішкі істер органдарының да қосқан үлесі орасан зор. Осы орайда күндіз-түні адал қызмет пен қажырлы еңбек етіп, қылмыспен күрес жолында кәсіби біліктіліктерін танытып жүрген Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері де Тәуелсіздік мерекесін ауқымды іс-шарамен атап өтті.

Мерейі үстем ұлық мейрамды тойлау салтанаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау кезінде бейбіт заманда қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған Мәңгілік ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Читать полностью »

«Но здесь мой дом: здесь я родился»

16 декабря в Доме дружбы прошло мероприятие, посвященное 30-летию Независимости Республики Казахстан «Тәуелсіздік — мәіңгілікелдіңтұғыры».

Модератор мероприятия Гульсум Есмурзаева, открывая работу «круглого стола», отметила, что сохранение и укрепление независимости – стержневая задача каждого казахстанца, деятельности всех государственных органов. С самых первых дней Независимости в основу развития страны были заложены принципы общественного согласия и единства народа, которые строятся на равноправии и дружбе. Читать полностью »

Бейқамдыққа жол бермейік

Сәтбаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы берген ақпараттарға қарағанда кеншілер қаласындағы эпидахуал тұрақты. 19-желтоқсан күнгі жағдай бойынша айтсақ бұл тәулікте бір де бір сырқат тіркелмеген.

Инфекциялық стационарлардағы төсек-орындар саны да едәуір қысқарған. Бірақ бұл енді бейқам жүре берсек болады деген сөз емес. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша бүгінгі күні стационарлық емдеу орындарында 5 адам, үй жағдайындағы карантинде 12 адам жатыр. Бұл 17 сырқаттың 7-уі ересек адамдар, 3-еуі бала, 7-уі мүкіндігі шетеулі жандар мен зейнет жасындағылар. Читать полностью »

ВАКЦИНА мен РЕВАКЦИНА ең тиімді қорғаныс

Сәтбаев қаласындағы «Лекерова» ЖШС-ның аға дәрігері Орынтай Лекерова вакцина мен ревакцина бәрімізді COVID-19-дың ауыр формасынан қорғайды дейді.

Дәрігердің айтуынша, сәтбаевтықтар карантиндік қатаң шектеулердің алынып тасталғанын пайдаланып, босаңсып, кісі аяғы көп жиналатын орындарға жиі бара бастаған. Бетперде тағуды да тоқтатып, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Осы орайда, маман коронавирусқа қатысты жағдай әлі де қауіпті екенін, адамдар күн сайын ауырып жатқанын айтып отыр. Сондықтан, қалыпты өмірге оралу үшін ковидке қарсы екпе алу қажеттігін баса айтты. Читать полностью »

Екпенің пайдасы дәлелденген

Сәтбаев қалалақ снитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Жолдыбаев қалалық әкімдікте өткен брифингте коронавирусқа қарсы вакциналау және ревакциналауға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Маман COVID-19 көптеген ауыр асқынуларды тудыратынын, ал оған қарсы екпе баршамыздың өмірімізді сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, адамдардың бәрі вакциналанған кезде, ауырып қалу қаупі әлдеқайда төмен екендігін жеткізді. Сонымен қатар, халықты ковидпен ауырғаннан кейін пайда болған антиденелерге сенбеуге шақырды. Читать полностью »